Сабақ үстіндегі адамгершілік тәрбиенің тиімділігі сабақ мазмұнының ғылымилығы, мұғалім жұмысының әдістері мен тәсілдерінің адамгершілік-эмоциялық сипатқа ие болуы,



бет1/2
Дата06.01.2023
өлшемі22,64 Kb.
#165082
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Документ (3)
3. Үркер Әбіш Кекілбаев (9 сынып), кенгуру АЗАМАТ, «Химия» п нінен жиынты ба алау а арнал ан дістемелік сыныстар, transfer-receipt-13 13636091307

26 билет
Адамгершілік тәрбиесі- белгілі бір мақсатқа негізделген көзқарасты, сенімді, парасатты, мінез құлық дағдылары мен әдептерді қалыптастырумен және адамгершілік сезімді, ұлттық сананы, қарым- қатынасты дамытуда, жалпы адамзаттық құндылықтарды тиімді пайдалануға бағытталған жалпы адамзаттық тәрбиенің құрамдас бір бөлігі. Адамгершілік тәрбиесінің бүкіл жүйесі гуманистік мазмұнға толы, имандылық негізде жеке адамның жан-жақды дамып жетілуіне бағыталған.
Адамгершілік тәрбие мәселесі негізінен ұлттық психологиялық ерекшеліктерге сүйене отырып, тәрбие берудің әдістемелікжолдарын қарастырады.
Адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері: а) адамгершілік сананы қалыптастыру; ә) адамгершілік сезімдерді тәрбиелеу және дамыту; б) адамгершілік мінез-құлық біліктілігі мен әдеттерін қалыптастыру.
Бастауыш сыныпта «қиын оқушыларды» адамгершікке тәрбиелеу ең алдымен оқыту процесінде жүргізіледі. Баланың адамгершшік қасиеті сабақ үстінде, мұғаліммен және құрбы-құрдастарымен ұдайы қарым-қатынасында қалыптасады.
Сабақ үстіндегі адамгершілік тәрбиенің тиімділігі сабақ мазмұнының ғылымилығы, мұғалім жұмысының әдістері мен тәсілдерінің адамгершілік-эмоциялық сипатқа ие болуы, сабақ үстінде мұғалім мен балалар арасында қалыптасатын өзара түсіністікке құрылған қарым-қатынас стилі, мұғалімнің адамгершілік келбеті негізінде мүмкін болады. Сондықтан «қиын оқушыларға» әртүрлі сипаттағы жеке тапсырмалар беруде этнопедагогика құндылықтарын пайдалана отырып, адамгершшік тәрбие беруді іске асырудың маңызы зор.
27 билет
Экономикалық білім беру деп – оқушының еңбекті қажетсінуін, еңбексүйгіштігін, қоғамдық еңбектегі белсенділігін, саналы еңбек тәртібін және басқа да моральдық сапаларын қалыптастыру мақсатында берілетін білім. Оқушыларға экономикалық білім берудің мақсаты – қоғамның
экономикалық саясатын ұғындыру, өндіріс, айырбас, бөлісу және тұтыну шеңберіндегі негізгі экономикалық қатынастарды тәжирибеде меңгерту. Экономикалық білім теориясы қоғам өмірінің материалдық негіздерін түсінуге, қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай оқушылардың экономикалық ойлауын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осының негізінде оқушылар қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы адамның шешуші ролін ұғынып, қоғам мен жеке адам мүддесі үшін қоғамдық өндіріс пен еңбекке жаңа көзқарастарды қалыптастыруы керек. Оқушыларға экономикалық білім беру қазіргі кездегі өте кешенді мәселелердің бірі. Сондықтан, оларды халық шаруашылығының әр түрлі салаларында жұмыс істей білуге үйрету үшін экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитеарлық білімдермен қаруландыру керек.
Ендеше қазіргі нарықтық экономика, шаруа қожалығының пайда болуы, жерді, өндірісті жеке адамдарға беру, т.б. талап – талғамдарды оқушыларға оқып-үйрету талап етіледі. Алайда көптеген мектептердің материалдық базасы бүгінгі таңда төмен. Оқушылар жеке саудаға көшті. Осы сауданы дұрыс ұйымдастыру үшін әрбір мектепте оны молайтудың жолдарын іздестіру қажет. Бұрын мектепте шеберханада жасалатын бұйымдар, берілетін сабақ теориялық тұрғыда айтылып, тәжірибелік жұмыстарда кесу, тесу, сүргілеу немесе өсімдіктерді өсіру, күту, жинау әдістеріне ғана үйрететін. Экономикалық білім беруге назар аударылмайтын.
Педагог мамандардың өздерінің экономикалық білімі, мәдениеті жеткіліксіз. Содан барып оқушы жастар да күнделікті тұрмыстан алатын үстүрт түсініктерімен шкетеледі. Қазір өмірдің өктем талабы оынау баға жетпес теориялық және практикалық тұрғыда қажет нәрсені білуді талап етеді. Әзірге мектеп оқушыларының экономикалық сауаттылығы, тәрбиелігі төмен дәрежеде. Жас ұрпақтарға экономикалық білім беруге жаңа қадам жасау керек. Өйткені экономика мен мәдениетіміздіңдамуы, халықтың әл-ауқатының өсуі осы мәселелермен тығыз байланысты. Бірақ, экономикалық білімділік адамдардың қоғамдық байлыққа деген ұқыптылығын, үнемділігін, тиянақтылығын өзінен-өзі қалыптастыра салмайды. Мұндай қасиеттеркейде жекешілдік пен тұтынушылық сипатта көрінуі де мүмкін. Біз оқушыларды оқыту кезінде қазірге дейін материалдық байлықты жасаушы ретінде емес, оны пайдаланушы ретінде ғана білім бердік. Соның нәтижесінде олар осы мерзімге дейін қыруар шығын шығарып жинақталған материалды кесу, тесу, жөндеу, үйренуші ғана болды.
Негізгі мақсат қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай оқушылардың экономикалық ойлауын қалыптастыру. Осының негізінде оқушылар қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы адамның шешуші ролін ұғынуы, қоғам және тұлғаның мүддесі үшін қоғамдық өндіріс пен еңбекке жаңа қатынастарды қалыптастыру керек. Бастауыш мектеп, негізгі базистік мектеп және бағдарлы мектептердің оқу-тәрбие жұмыстарына экономикалық тәрбие мәселелерін жүйелі өндіру мүмкіндігі туып отыр. Бастауыш мектептегі қол еңбегі барысындағы құнттылық, еңбек барысындағы үнемшілдік, бағдарлы мектептегі салалық еңбектің экономикалық негіздері тәрбие жұмысын жаңа негізге көшірудің құралына айналуда.
Халыққа білім беру біздің елімізде мемлекет тарапынан қамқорлыққа алынған. Мемлекетіміздің экономикалық саясатына
енуіне байланысты білім беруді қаржыландыру да қолға алынуда. Білім берудің мемлекеттік стандартына сай оның белгілі бір мөлшерде қаржылануы сақталады. Қаржылангдыру кезі мемлекет тарапынан және оқығаны үшін оқушылардың төлемімен құрылады.

28- бидет


Сынып жетекшісі – сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп, келістіріп 
өткізетін педагог. Бүгінгі күні сынып жетекшісі – кәсіпкер-педагог, ол өсіп келе жатқан 
бала үшін: 
- жалпы адамзаттық мәдениетті меңгеруде оқушы мен қоғамның арасындағы рухани 
жалғастырушы; 
- сынып ұжымының бірлескен іс-шараларын ұйымдастырушы; 
- оқушы тұлғасының қалыптасуына колайлы жағдай жасау мақсатымен, олардың дамуын 
бақылаушы, тәрбие жүйесіне қажетті өзгерістер енгізуші, мектеп психологымен бірігіп 
оқушының қоғамдық өміріне түзетулер жасаушы; 
- сыныпта қолайлы моральдік–психологиялық ахуал қалыптастыру үшін, сынып 
ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті тәрбиелік ықпал жасаушы. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет