Сабақ «Су тіршілік көзі»



Дата26.08.2017
өлшемі182,5 Kb.
#28785
түріСабақ
«Таран ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің №1 орта мектебі»КММ


Ашық сабақ

«Су – тіршілік көзі»




Тәрбиеші:У.А.Абдуллина
Сабақтың тақырыбы: «Су – тіршілік көзі»

 Мақсаты:  Су және оның маңызы туралы білімдерін тереңдету.



Білімділік: Су –тіршілік көзі екенін, пайдасы, маңызы, қасиеті туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: тәжірибе жасау барысында бақылағыштық, дәм сезу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғау, суды ластамауға, ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: қысқы ағаш,су, сүт, қасық,суреттер,бояу түрлері, түтікше,тұз, стакан, қар, мұз, бу,карточкалар.

Қолданылатын әдістер: түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын, көрсету, тәжірибелер, суреттерді құрастыру.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:Балалар,мынау ағашқа назар аударайықшы,бұл ағашта құстар ,қарлар бар екен,қарларда жұмбақтар жасырылған екен,мұқият тыңдаңдар:

1.Жылт-жылт еткен, жырадан өткен.
2.Отқа жанбайды,суға батпайды

3.Көтеріліп теңізден,аспанға биік барамын.



Биіктен қайта түскенде,өңі кірер даланың.
4.Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады.

5.Дәмі де жоқ, түсі жоқ

Пайдаланбас кісі жоқ.

Дұрыс балалар, әрине су. Ал,ендеше бүгінгі оқу іс – әрекетіміздің тақырыбы – «Су – тіршілік көзі».

Судың дыбысын тыңдау.

-Балалар,сендер қандай дыбыс естіп тұрсыңдар?

-Су бізге не үшін қажет?

Жануарлар мен өсімдіктерге не үшін қажет?

Қалай ойлайсыңдар,мұз,қарды жылы жерге әкелсе не болады?

-Әрине ериді,ендеше соны дәлелдеу үшін ыдыстағы қар мен мұзды оқу іс-әрекетінің соңына дейін үстелдің үстіне қоямыз.Бүгінгі оқу іс-әрекетінде нағыз ғалымдар сияқты сендермен тәжірибелер жасаймыз

I Тәжірибе «Су — мөлдір» - тәрбиеші

● Тәрбиешінің алдында екі шыны ыдыс тұрады: біреуіне су, ал екіншісіне сүт құйылған. Екі ыдысқа да қасық салып, қайсысынан көрінетінін, қайсысынан көрінбейтінін бақылайды. Суы бар ыдыстан қасықты көруге болады, ал сүт тұрған ыдыстан қасық көрінбейді. Яғни, «Су – мөлдір, сүт мөлдір емес».Балалар нәтижесін белгімен белгілейді.



II Тәжірибе «Су сұйықтық» -тәрбиеші

-Судың пішіні бар ма?

Біз қазір судың пішіні бар ма, жоқ па соны тексереміз. (тәрелкеге,колбаға,стақанға су құю)

Әрине жоқ, суды қай ыдысқа құйсаң ол сондай пішінді болады.

-Балалар су қандай зат? (сұйық зат)

Балалар нәтижесін белгімен белгілейді.



III Тәжірибе «Суда дәм жоқ»- Балалар

● Балалар түтікше арқылы су ішіп көреді. Дәмі қандай екен? Енді осы суға кейбіреулерің   қант қосып көріңдер, ал басқаларың тұз қосып көріңдер. Суды ішіп көріңдер дәмі қандай болды екен? (балалардың жартысы суға қант қосады, ал басқалары тұз қосады, өздерінің сезімдері туралы айтады)

Дұрыс суға біз не қоссақ, сол заттың дәмін сеземіз, ал судың дәмі жоқ екен. Нәтижесін белгілейді.

IV Тәжірибе «Судың иісі жоқ» -Балалар

● Балалар суды иіскеп көреді, судың иісінің жоқ екенін сезінгенше, тағы да қайталап иіскету керек. Ал екінші ыдыста суға ванилин араластырған суды құйып, балаларға иіскету керек. Балалар екі ыдыстағы судың айырмашылықтарын айтады.Нәтижесін белгілейді.



V Тәжірибе «Судың түсі өзгереді»

● Балаларға бояу беріп, судыңда түсін өзгертуге болатынын да тәжірибе жүзінде біледі.

Судың түсі бар ма? Егер де бояу қосып жіберсек, оның түсі өзгереді. Оны да тәжирибе арқылы дәлелдейік. Стакандағы суға гуашь бояуларын қосайық. Нәтижесін белгілейді.

Сергіту сәті: «Су,ауа,жер»

-Енді, экранға назар аударайық



Бейнекөрініс «Ол не?Бұл кім?»

Балалар сонымен су – түссіз, дәмсіз, иіссіз, тұрақты пішіні жоқ табиғи ресурс. Осыны дәлелдеу үшін біз сумен тәжирибе жасап көрдік.

Білесіңдер ме судың үш қасиеті бар – сұйық, қатты, бу. (үстел үстінде тұрған ыдыстағы су, мұз және қайнаған суды көрсету)

Стақандағы суды тоңазытқышқа қойсақ, ол мұз болып қатып қалады. Ал мұзды жылы жерге қойсақ, ол еріп суға айналады. Суды шәйнекке құйып қайнатсақ, қақпағынан бу шығады, яғни бу болып ұшады.

Балалар сендер су туралы мақал – мәтелдерді білесіңдер ме, қане айтыңдаршы?

1.Су бергеннің сауабы бар,

Су төкеннің жауабы бар.

2.Ағын су жолын табады,

Ақ адам оңын табады.

3. Сумен ойнама – батарсың,

Отпен ойнама – жанарсың.

4.Су анасы – бұлақ,cөз анасы – құлақ.

— Міне осылардың барлығы сумен байланысты. Балалар  ал сендер білесіңдер ме су қайдан, қалай пайда болатынын?  (балалардың жауаптары тыңдалады) Дұрыс айтасыңдар. Ендеше мен сендерге толығырақ түсіндіре кетейін.

Су өмір бойы айналымда болады. Ол жаңбырмен жерге түседі, арық болып ағып, өзенді құрайды, ал содан кейін қайтадан күн шуағымен бу болып аспанға көтеріліп, жер бетіне жаңбыр болып, қайта оралады. Жаңбырдан аққан кішкентай сулар бірігіп, жылғалар болып, үлкен теңіз құрайды.



Қимылды ойын: «Күн мен жаңбыр»

Жарайсыңдар балалар, ал енді «Күн мен жаңбыр» деген ойынды ойнайық.

Ойын шарты: Мен сендерге күн дегенде сендер жүгіресіңдер,серуендейсіңдер,ал жаңбыр дегенде қолшатырдың астына тығыласыңдар.

Су туралы қандай тыйым сөздерді білеміз?

1.Су ішкен құдыққа түкірме.

2.Түнде суға барма.

3.Түнде судың бетін ашық қалдырма.

4.Өзен, көлдерді ластама.

Балалар суға қоқысты тастауға болмайды, жазда өзенге, көлге түсуге барғанда, өзімізден кейін қалған нәрселердің барлығын жинап бірге алып кету керек. Осының бәрін суға тастауға болмайтынын білу керексіңдер.

Жарайсыңдар балалар, сусыз адам да, жануар да, өсімдіктер де тіршілік ете алмайды. Сондықтан «Су – тіршілік көзі» деп айтамыз.



Сурет салу: «Гүлдер»

Енді,балалар,соңғы тәжірибемізде біз суға бояу қостық,енді осыған сусабын қосып,суды түтікшемен көпіртейік.Көпіріктерді қағаз бетіне түсіріп гүлдің суретін бейнелейік.



Сабақты қорытындылау:  

Оқу іс-әрекетінің басында қар мен мұздың қайсысы тез еріді екен.Қараңдаршы,балалар,қар еріп кетіпті,ал мұз әлі еріп бітпеген.Нәтижесі:Қар мұздан тез ериді.



Алған білімдерін постер арқылы белгілеу.Енді,балалар,бүгінгі оқу іс-әрекетінен қандай әсер алдыңдар,соны білу үшін:егер оқу іс-әрекеті ұнаса-күнге шуақ жапсырасыңдар,ұнамаса -бұлтқа қар жапсырасыңдар.

Бағалау: «Жас зерттеушілер» қағазымен мадақтау.
Каталог: uploads -> doc -> 0e61
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0e61 -> 2. Топқа бөлу 1 2 3 Алғырлар
0e61 -> Тақырыбы: «Көктем аруы» Мақсаты
0e61 -> Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қызылорда облысы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет