Сабақ тақырыбы : Қазақ халқының қалыптасуы. Жүздердің пайда болуы. Модуль /пән атауы Қазақстан тарихы



Дата07.02.2022
өлшемі23,35 Kb.
#92235
түріСабақ
Байланысты:
Қазақ халқының қалыптасу тарихы


« «ҚазНұр» гуманитарлық колледжі» Білім беру мекемесі.
Алматы қаласы білім басқармасы.
Сабақ тақырыбы : Қазақ халқының қалыптасуы. Жүздердің пайда болуы.
Модуль /пән атауы Қазақстан тарихы
Дайындаған педагог Тынбасов Б.М.
2020 жылғы "_ _" _Қараша___________
1. Курс, оқу жылы 1 , топ 101,102,103,104.
2.Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының халық болып қашан қалыптаса бастағанын және алғаш рет қалай аталғанын айтып беру мен қатар жүз ұғымына түсінік береу. Сонымен қатар оқушыларды патриоттыққа және ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
2.1Сабақтың типі: Аралас сабақ
2.2Пәнаралық байланыс: әдебиет, география
3.Сабақтың жабдығы: интерактивті тақта, карта, слаид, тірек – сызбалар.
3.1Сабақтың өтілу әдісі: түсіндірмелі әдіс, сұрақ – жауап.
4. Сабақтың барысы:
Жаңа сабақ
Жоспары:

  • Қазақ қалқының қалыптасуы.

  • «Қазақ» этнонимінің шығуы.

  • Қазақ жүздері

  • «Алаш» атауы

 
Қазақ халқының қалыптасу процесі көне заманнан б.з.б.ІІ – І мыңжылдықтан басталады. Қазақ халқының қалыптасу кезеңдері:
Ақ Орда тайпалары – Қазақ халқының этникалық жағынан қалыптасуында басты рөл атқарды.
Рузбихан: «ХІҮ ғасырдың аяғында»Қазақ атауының шығуы жөнінде түрлі пікірлер ХІІІ ғасырдан бері жалғасып келеді. – ХҮ ғасырдың бірінші жартысында қазақ деген этносаяси қауымдастықтың болғандығын көрсетеді», – деді.
Этносаяси қауымдастық деп белгілі бір тарихи аймақта құрылған хандықтың тұрғындарын айтамыз .
Этникалық қалыптасу процесінің келесі кезеңі – Х – ХІІ ғғ. өмір сүрген Қарахан және Қыпшақ хандықтарымен байланысты.
ХІІІ ғ басында Шыңғысхан қысымынашыдай алмай көшіп келген наймандар мен керейлер бұл процеске өз үлестерін қосты.
ХІІІ – ХІҮ ғғ. Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай ордасының құрылуы мен нығаюы қазақ тайпаларының бірігуіне әкелді.
Қазақ этносының негізін құраған тайпалар: үйсін, қаңлы, қыпшақ, арғын, дулат, керей, найман, алшын, қоңырат т.б. Бұл тайпалар тілі – түркі тілі, антропологиялық типі – монғол нәсілінің оңтүстік сібір тобы.
Шаруашылығы – көшпелі мал шаруашылығы және егіншілік.
Бүгінгі таңда Қазақ этимологиясының 20-дан астам түсіндірмелері бар. Мысалы: “Қазақ” деген сөз “қаз” “ақ” деген сөздeрден шыққан. Бұл “қаздай тізілген көш керуеніне қарап қойылған ат”- дейді немесе: “Қазақ” атауы “қас”- нағыз және “сақ”-көне заманындағы сақтар атаулыдан құрылған және “қас-сақ”- нағыз сақ деген ұғымды білдіреді.
Түріктанушылардың пікірінше, «қазақ» терминінің бастапқы таралған жері – Шығыс Дешті Қыпшақ.
Қазақ жүздерінің пайда болуы
Жүз–тарихи шаруашылық және географиялық аумақ, белгілі рулық топтың территориясы. Жүз–бөлік, тарап мағынасын білдіреді. Үш жүз–географиялық орны мен климатының айырмашылығымен ерекшеленеді.
Қазақ халқы үш жүзге бөлінеді:

  1. Ұлы жүз

  2. Орта жүз

  3. Кіші жүз

Ұлы жүз-территориясы-Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан. Рулары-үйсін, дулат, албан, суан, жалайыр, шапырашты, қаңылы, сіргелі, ысты, ошақты және т.б.
Орта жүз-террриториясы-|Орталық және Солтүстік Шығыс Қазақстан. Рулары-қыпшақ, арғын, найман, керей, қоңыр ат, уақ т.б.
Кіші жүз-территориясы-Батыс Қазақстан. Рулары-алшын, адай, төрт қара, қара кесек, т.б. Кіші жүзді үш негізгі рулық одақтар құрайды: Жеті ру, Әлім ұлы, Бай  ұлы.
Қазақ жүздерінің шығу тарихы.
ІХ – Х ғғ. аралығында «Алаш» сөзі алғаш рет айтылып, қазақ халқының ұраны болған.
«Атамыз – Алаш, атымыз – қазақ, үш жүздің ұрпағымыз», деген сөз қалды.
Кейбір шежірелерде «қазақ» атауының орнына қолданылған сөз: «Алаш».
Алаш – ертедегі түркі тайпаларының ең алғаш қауым болып біріккен одағы.


1 – тапсырма: Ауызша сұрақ – жауап:

  1. Қазақ халқының қалыптасу процесі қай ғасырдан бастау алды?

  2. Этносаяси қауымдастық дегеніміз не?

  3. Қазақ тайпаларының құрамына кірген тайпалар?

  4. Рузбихан қазақтар туралы не деп суреттеді?

  5. Қай ғасырда «қазақ» атауы нақты сипат алды?

  6. Алаш деген не?

  7. Жүз ұғымы?

  8. Қазақтар неше жүзге бөлінген?

  9. Қазақ жүздерінің арғы атасы?

  10. Ұлы жүздің аумағы?



5. Қорытынды.
1. Қорыта айтқанда:
Рузбихан: «ең көбі және ержүректері қазақтар» болған.
ХҮ Ғ. ІІ жартысында қазақ халқының құрылуына байланысты «қазақ» атауы біржола этникалық сипатқа ие болды.


2. Медитация әдісін пайдаланып, сабақты қорыту (тыныштықта бір минут отырып, өз ойларын қорыту).
3. Студенттердің білімін бағалау.
4. Сабақ бойынша рефлексия 

Мен білемін

Білгім келеді....

Мен үшін жұмбақ?











5.Үйге тапсырма беру: Жеті ата және қай жүзден, рудан шыққандарыңды жазу.
 

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет