Сабақ тақырыбы : Функцияның шегі Оқу мақсаттары



Дата18.08.2020
өлшемі1,56 Mb.
#76303
түріСабақ
Байланысты:
Шек Джургабаев С
ООП , ЭССЕ Омар, СРС ТИТУЛЬНЫЙ.docx.docx (копия)

Сабақ жоспары


10.2A - бөлім

Функциялардың шегі


Химия-биология бағытындағы НЗМ Алматы қаласы

Күні:

Джургабаев С.Е.

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:


Функцияның шегі




Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)


МН 10.5.1.13 Сандық тізбек шегінің анықтамасын және қасиеттерін біледі


Сабақ мақсаттары

Сандық тізбек шегінің анықтамасын және қасиеттерін біледі

Функция шегінің анықтамасын және қасиеттерін біледі



Жетістік критерийлері

Сандық тізбек шегінің анықтамасын және қасиеттерін біледі

Функция шегінің анықтамасын және қасиеттерін біледі



Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Графиктегі сызық пен қисықтың түрлерін сипатттайды және талқалай алады:



Пәнге қатысты лексика мен терминология

функция – функция – function

өспелі функция – возрастающая функция- increasing function

кемімелі функция- убывающая функция- decreasing function

шектелген функция- ограниченная функция- limited function

төменнен шектелген – ограничена снизу- limited from below

жоғарыдан шектелген-ограничена сверху- limited from above

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Сызық.....жоғары көтеріледі /төмен түседі .

Ол ... басталады/аяқталады.

Бірінші ол бірден өседі , кейін төмен түседі .

Өсу де, кему де бар.

Сызық ең жоғарғы өсу нүктесіне дейін өседі.

X ең жоғарғы/төмен нүкте болып табылады.
График / сызық... көрсетеді
Қисықтың графигі ...


Құндылықтарды дарыту


сыни тұрғыдан ойлау арқылы білімге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Алгебра 9 сынып

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім


Алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендіру тәжірибесі. Дәреже қасиеттерін түсіну және оларды қолдана алу түсіну.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Басы


4 – мин

І. Ұйымдастыру.

Амандасу. Ынтымақтастық ахуал орнату.



Тыныштық сәті. Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті.Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте- бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады.Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға,таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.



Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан- жануарларға, өсімдіктерге,тірі жанға таралсын. Ғаламның барлық түкпір- түкпіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын. Нұр менің ішімде. Мен Нұрмын »







Өткен сабақ бойынша шолу тапсырмалары
Тапсырма -1. Сәйкестендір

Функция портреті мен графигін(эскизін) сәйкестендіру

























1

2

3

4

5

6

7

8

9

7

4

5

3

6

2

9

1

8


Жаңа сабақ:

Шектелген функциялардың анықтамасы және осындай функциялардың мысалдары.

Мысал-1 f (x) =

Осы функцияның графигін түрлендірулер арқылы салайық.



Бұл функция [0; +∞) аралықта анықталған. Функцияның ең кіші мәні x=0 болғанда y= -1, ал ең үлкен мәнге ие болмайды, себебі x→ +∞ онда f(x) → +∞ болады.


Графиктен (0; -1) нүктесінен басқалары y=-1 түзуінен жоғары орналасқаны көрініп тұр. Бұдан шығатын қорытынды берілген функция төменнен шектелген делінеді.

Анықтама: y = f(x) функциясының кез келген x ϵ D(f) мәні үшін f(x) ≥ a қатыс орындалса, онда функция төменнен шектелген деп аталады, мұндағы а- кез келген сан.
Мысал – 2.
f (x) = 4 – x2
Бұл функция (- ∞; 0] аралығында өседі, [0; +∞) аралығында кемиді. Функцияның ең үлкен мәні x = 0 болғанда

f(x) = 4 болады. Ал функция ең кіші мәнге ие болмайды, себебі х → +∞ (х → - ∞) , онда f(x) → - ∞ болады. Функцияның (0; 4) нүктесінен басқа нүктелері у = 4 түзуінен төмен орналасқан, онда функция жоғарыдан шектелген делінеді.


Анықтама: y = f(x) функциясының кез келген x ϵ D(f) мәні үшін f(x) ≤ в қатыс орындалса, онда функция жоғарыдан шектелген деп аталады, мұндағы в- кез келген сан.

Мысал – 3. y = 2/x осылай зерттеу барысында мынадай қорытындыға келеміз, -2 ≤ f(x) < 0 функция мына аралықта өзгереді.




Анықтама: y= f(x) функциясы шектелген деп аталады, егер а және в сандары табылып, аргумент х-тің кез келген мәнінде a≤ f(x) ≤ b теңсіздік орындалса.

Егер анықтамада айтылған шектелген функция шарты

a≤ f(x) ≤ b орындалмаса, онда функция шектелген болмайды.

Енді осы айтылған шектелген, шектелмеген функцияларға мысал келтірейік.



Ортасы


Жалпы сыныптық жұмыс

1. g (x) =



2. h (x) = x3 - 3x



Осы функцияларды зерттеңдер шектелген бе, шектелмеген бе?






Жұптық жұмыс

Берілген функция шектелген бе, шектелмеген бе оны анықтаудың бірнеше тәсілдерін қарастырайық.
Тәсіл - 1. Тапсырма беріледі, бастап түсіндіріледі, әрі қарай жұпта отырып өздері тапсырманы аяқтайды, болған соң слайдпен тақтада тексеріледі.
Тәсіл – 2.

Тапсырманы өздері орындайды, тақтада тексеріледі.


Тәсіл – 3




Нәтижесінде функцияның мәндері E( f ) = (- ∞; -4] U [4; +∞) аралықта өзгереді, бұдан шығатын қорытынды функция шектелмеген.



19 - слайдтан тексеру.

20 - слайдтан тексеру.






Сергіту сәті

Әрбір оқушы бір парақ қағаз алып  төбесіне қойып, көршісіне қарап отырып көршісінің суретін салады




Сабақтың соңы

4 - мин


VIII. Өзін-өзі бағалау

IX. Рефлексия

Үйге:

№10.4 Мордкович А.Г.





Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?







Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет