З. Ж. Тукеева Қазақ тілі Бөлім: Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі. Лексика Сабақ



Дата13.11.2019
өлшемі26,86 Kb.
#51737
түріСабақ
Байланысты:
ҚМЖ

«Бекітемін»_____________________

Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.Ж.Тукеева


Қазақ тілі

Бөлім: Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі. Лексика

Сабақ тақырыбы: Адам және табиғат



Сынып: 5

04.11.2019 ж.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

5.1.3.1 тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау

5.4.3.1 омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану



Сабақтың

мақсаттары



Тыңдалған мәтін бойынша негізгі және қосымша ақпараттарды анықтау.

Омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану



Бағалау критерийі

- Мәтіннің мазмұнын түсінеді

-Мәтіндегі негізгі, қосымша ақпараттарды анықтайды

- Омоним, синоним, антонимдерді сөйлем ішінен ажыратып, мағынасын ашады.


Тілдік мақсат

Пәнге тән лексика мен терминология: негізгі және қосымша ақпарат, синоним, антоним, омоним сөздер. Табиғат, Жер-Ана, орман-тоғай, өзен-көл, аспан денелері, табиғат құбылыстары, табиғаттағы өзгерістер

Құндылықтарды

игерту


Табиғатты сүюге, оны қорғай білу, қадірлеп, қастерлей білу.

Пәнаралық байланыс

География, Қазақ әдебиеті

Алдыңғы білім

Отбасылық дәстүрлер мен мерекелер туралы біледі

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурс

Сабақтың басы

5 минут



Қызығушылықты ояту

Оқушылармен амандаса отырып, сабаққа назарын аударту. «Атом мен молекула» әдісі бойынша оқушыларды 3 топқа бөлу.



  1. «Табиғат» дегеніміз не?

  2. «Адам мен табиғат егіз» деген ұғымның мағынасын қалай түсінесіздер?

Жетекші сұрақтар қою арқылы сабақтың тақырыбын анықтаймыз.




Ортасы

7 минут

25 минут


«Ақпаратты сүзіп алу» әдісі

Тыңдалым мәтіні бойынша мазмұнын ұғынып, негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды.
Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы - Көкшетау», «Жер жаннаты - Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген.

Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген. «Су ішкен құдығыңа түкірме», «Бұлақ көрсең көзін аш» деп жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесін сіңірген.

Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады. Мысалы, жанартаудың атқылауы, найзағайдың жарқылы, судың мұзға айналуы сияқты құбылыстар табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді. Аспан денелерінің қозғалысы, гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайкалып өсуі, өзеннің тасуы немесе көлдердің тартылып суалуы - осылардың барлығы да қоршаған ортадағы өзгерістер.

Әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады. Табиғат қүбылыстары бір-бірімен тығыз байланысты. Оларды физика, астрономия, география, геология, биология, химия сияқты ғылымдар зерттейді. Әр ғылымның табиғатты зерттеуде өз мақсаты мен міндеті бар.

Табиғат пен адам қатар ұғым. Табиғатсыз адам, адамсыз табиғат өмір сүруі мүмкін емес. Себебі адам өз керектісін, қажеттісін табиғаттан табиғи күйінде немесе өндіріп алады. Адам табиғаттын бір бөлшегі болып табылады. Табиғатты қорғау, табиғатты сақтау әр адамның міндеті.

(«Уикипедия»https://kk.wikipedia.org/wiki)
Тапсырма.

1-топ. Мәтіннің мазмұнын түсініп айту;

2-топ. Мәтіннен негізгі ақпаратты табу;

3-топ. Мәтіннен қосымша ақпараттарды табу;


Омоним, синоним, антоним туралы оқушыларға түсінік беріледі.
2-тапсырма

Абайдың табиғат лирикасына арналған өлең үзінділерінен омоним, антоним, синоним сөздерді табу.

1-топ «Күз» өлеңінен алынған үзіндіден асты сызылған сөздердің синонимін табу.

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болса, дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін, тойғаны ма, тоңғаны ма?

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.

Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,

Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.



2-топ. «Қыс» өлеңінен алынған үзіндіден асты сызылған сөздердің антонимін сөздерді табу

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,

Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.

Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,

Аязбенен қызарып ажарланды.
3-топ. «Желсіз түнде жарық ай» өлеңінен алынған үзіндіден асты сызылған сөздердің омонимін табу.

Желсіз түнде жарық ай

Сәулесі суда дірілдеп,

Ауылдың жаны терең сай,

Тасыған өзен гүрілдеп.

Қалың ағаш жапырағы,

Сыбырласып өзді-өзі.

Көрінбей жердің топырағы

Құлпырған жасыл жер жүзі.

Дескриптор:



  • Өлеңдегі асты сызылған сөздердің омоним, антоним, синонимдерін табады;

  • Сөйлем немесе сөз тіркестері арасында қолданылу аясын біледі.

ҚБ: «Шапалақ» әдісі арқылы бағаланады.

ЖЖ

Атакозина Айкөркем



Берілген сөздердің антонимін тап

Биік – аласа

Терең –

Ашық –


Жақсы –

Ақылды –

Жылдам –

Әдемі –

Осы аталған сөздердің 1-2 сөйлем құра.

(«Уикипедия»https://kk.wikipedia.org/wiki)

Қазақ тілі 5-сынып 57,61-беттер


Соңы

3 минут


«Бес саусақ» тәсілі арқылы рефлексия жасау

Бас бармақ – басты мәселе. Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды?

Балалы үйрек – бірлесу. Мен топта, жұпта қалай жұмыс жасадым? Қімге көмек бердім?

Ортан терек – ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

Шылдыр шүмек – шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

Кішкентай бөбек – көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?

Өзін-өзі бағалау





Дифференциация


Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері



Оқушылар жұппен жұмыс жасайды. Жұмыс барысында мұғалім сыныпты аралап, оқушыларға көмек көрсетіледі. Оқушыларды қолдап, мадақтап отыру ескеріледі. Қабілеті жоғары оқушыларға синонимдерді анықтау, креативтік танытып, өзіндік стильмен қысқартып жазу ұсынылады.

Оқушылар дескриптор бойынша жұптық жұмысты бағалайды. Мұғалім оқушылардың іс-әрекетін бақылап, топтарды аралап жүреді. Сабақ соңында кері байланыс алады.

«Қазақ әдебиеті», «География» пәндерімен байланыс болды. Кабинетте оқушылардың сынып ішінде еркін қозғалуына және бір-бірімен жақын қарым-қатынас жасауына жағдай жасалған.

Интерактивті тақта қолданылады.



Мұғалім сабақта оқушылардың бір-бірінің пікіріне сыйластықпен қарауын қадағалайды, уақытты тиімді қолдануға үйретеді. Тапсырмалар орындау барысында уақытты қадағалап отырады.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет