Сабақ. Тақырыбы : «Жаратылыстану пәнін оқыту әдістемесі»



Дата25.09.2023
өлшемі13,71 Kb.
#182361
түріСабақ
Байланысты:
1 тәжірбиелік сабақ Аубакирова


1 тәжірбиелік сабақ.
Тақырыбы: «Жаратылыстану пәнін оқыту әдістемесі»
пәнінің мақсаты мен міндеті
1. Жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері қандай?
Жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты болашақ мұғалімдерге мектептегі ― «Жаратылыстану» пәнінің теориялық негіздерін және оқыту мен тәрбиелеу әдістемесімен таныстырады. Ал ―Жаратылыстану пәнінің мақсаты оқушыларға еліміздің табиғаты, табиғи байлығы, экономикасы, адам-адам, адам-қоғам, адам-табиғат арасындағы қарым-қатынас туралы ғылыми ұғымдар мен дүниені танып білудің әдіс-тәсілдерін меңгерту болып табылады.
Жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәнінің міндеті бастауыш мектеп мұғалімін ― «Жаратылыстану» пәні бойынша мемлекеттік білім стандарты мен оның талаптарын, оқу бағдарламасын, пәннің мазмұны мен оқыту әдіс-тәсілдерін және технологиялары жөнінде білімдермен қаруландыру болып табылады. Жаратылыстану пәнінің міндеті: оқушыларға дүние туралы (көркем, аңыздық, т.б. түсініктер мен байытылған дүниенің ғылыми бейнесі); оқушылардың қалыптастыруы тиіс әрекет түрлері (оқу, еңбек,
ойын, қарым-қатынас т.б.); дүниені танып білудің әдіс-тәсілдері (логикалық, ғылыми) туралы білім, білік-дағдыларды меңгертумен бірге оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту болып табылады.
Жаратылыстануды оқыту әдістемесі– оқу пәні ретінде оқыту әдістерінің өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады, онда педагогикалық әдістермен қоса нақты объектілер (өсімдік, жануар, адам) және
тірітабиғаттың күрделі құбылыстары мен дамуын сипаттайтын әдістер де қолданылады.


2. Жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәнінің зерттеу әдістерін атаңыз және оларға сипаттама беріңіз.
Сонымен бірге оқыту әдістері – практикалық жұмыстар,лабораториялық жұмыстар, эксперименттер, тәжірибелер, арнайы көрнекіліктер қолдану арқылы жүргізіледі. Бұл ерекшеліктер мектепте оқыту
жұмыстарын ұйымдастырудың ерекше формаларын қолдануды талап етеді (топсеруендер, оқушылардың өз бетінше, сабақтан тыс және үй жұмыстарын, сыныптан тыс орындалатын жұмыстар т.б.). Мұндағы ерекше оқыту формаларын жүргізу әдістемесі осы пәнде қарастырылады. Бұл пәннің мазмұны және өзіндік ерекшеліктері, оқытудың тәсілдерін анықтаумен шектелмейді, мүмкіндіктерін де анықтайды. Жаратылыстануды оқыту әдістемесі сабақтарында табиғат құбылыстарының бір-бірімен байланысын, тірі және өлі табиғат заңдылықтарын оқып-білу оқушылардың диалектикалықматериалистік көзқарастарын қалыптастырады.Сондықтан да болашақ бастауыш мектеп мұғалімі ― Жаратылыстану пәніне қатысты барлық білімдер мен білік-дағдыларды толық меңгеруі қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет