Сабақ тақырыбы : Жобалауды жүзеге асыру логикасы. Дайындаған педагог : Назарова Т. Ж 2022 жылғы



Дата18.05.2022
өлшемі26,88 Kb.
#143835
түріСабақ
Байланысты:
Жобалау-3
1 сынып ҚМЖ, An ICT in ket sectors of development of society. Standards in the field of ICT.



«Гуманитарлы- экономикалық
колледж» мекемесі  












Орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған педагогінің сабақ жоспары .

Модуль /пән атауы_Жобалау іс –әрекетінің негіздері
Сабақ тақырыбы : Жобалауды жүзеге асыру логикасы .
Дайындаған педагог : Назарова Т .Ж
2022 жылғы "_
1.Жалпы мәліметтер
Курс,топ, оқу жылы _4 нк 2022жыл
Сабақ типі : Теория
2. Мақсаты, міндеттер : Жобалаудың ұстанымдарының дара ерекшелігін білу . Жобалауға педагогикалық мақсат қою туралы білімдерін қалыптастыру . Педагогикалық жобалау түрлерін анықтау .
2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі
3. Сабақты жабдықтау . Карточка
3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар .

ХХ ғасырдың екінші жартысында интеллектуалдық әрекеттерді ұйымдастыру теориясымен қатар олардың жобалау бағдарламаларын құрастыруды жүзеге асырыла бастады және оның негізіне теориялық білімдер ғана емес, көбіне тәжірибелік талдау қызметтері алынатыны белгілі болды. Бұған дейінгі кездері ұйымдастырушылық мәдениеттің теориялық дамуы негізінде таңбалаудың жаңа түрлері – модельдер, алгоритимдер, ақпараттар қоры, т.б. жасаудың көптеген жолдары пайда болып, кейін бұлар жаңа технологиялар құрастыруға негіз болып отырды. Осылайша, жаңа модельдер мен технологиялар өнім күйінде ғана емес, таңбалар түрінде шығарылып, олар жобалауды ұйымдастырудың басты элементтеріне айналды.


Жобалау пайда болған алғашқы кезеңдерде жобаны ғылыми-негізделіп, дәл есептелген түрде жасалатын және негізінен технологиялық қызметтерді пайдаланылатын белгілі бір нәрсенің нобайы деп түсіндірілген болатын. Кейін өзінің кең таралуына байланысты жобалау универсалдық сипат алды. Мысалы, экстенсивтік тұрғыдан қарастырсақ, жоба жасау және оны ендіру барлық салаларды - өнеркәсіп пен құрылысты, мәдениет пен саясатты, білім беруді қамтитынын көруге болады. Интенсивтік тұрғыдан қарастырсақ, жобалау объектісі мен тақырыбы, проблемасы мен әдістері, құрылымы бірдей болып келетін рефлексиялық құралдар арқылы (логикалық, семиотикалық, психотехникалық) ұйымдастырылатыны да байқалады. Осындай біртұтас, не бірегей тұрғыда түрлі салаларда қолдануға болатыны - жобалаудың әлеуметтік тиімділігінің көрсеткіштері болып табылады. Сонымен қатар, жобалаудың автономдығы басқа интеллектуалдық және әлеуметтік-мәдени әрекеттер түрлерінен, мысалы, ғылыми зерттеулер мен бағдарламалау, жобалау мен басқару, құрастыру мен т.б. қарым-қатынастардан өзгешелігін көрсетеді.

Бұдан бірнеше жылдар бұрын, қоғамның тұрақты дамуы кезеңінде қалыптасқан дәстүр бойынша, практикалық сала қызметкерлері, иженерлер, дәрігерлер, мұғалімдер, технологтар мен басқа да маман иелері – ғылымнан, ғалымдар мен ғылыми –зерттеу орындарынан түсетін жаңа нұсқаулықтарды, ұсынбаларды сынақ – эксперименттен өткізетін, соған сәйкес құрылымдар мен технологиялар құрастырып, көпшілік тәжірибесіне ендіретін еді. Бүгінгі таңда, ақпараттар мен жаңалықтардың пайда болу жылдамдығы калыптасқан жағдайда бұлай жұмыс жасау тиімсіз екенін белгілі болды. Осыдан келіп, адамдар тәжірибесінде жаңа табиғи даму жолдарын пайдалану – әлеуметтік, экономикалық, технологиялық, білім беру т.б. жүйелердің өзіндік инновациялық модельдерін құрастыру: авторлық модельдер, технологиялар мен әдістемелер, т.б. жасап, жобалар түрінде тәжірибеге ендіру кеңінен тарай бастады.


Зерттеушілер пікірінше, жобалау «сызба арқылы көрсету шеңберінен асып болашақ ситуацияны көзге көрсететін және адам баласын қоршаған жаңа жағдайларды өзгертудің негізін салады». Жаратылыстану ғылымы парадигмасы логикасындағы дәстүрлі жобалау техникалық, инженерлік, архитектуралық салаларда жоспарлау, модельдеу «болашақ бейнені» құрастыру мақсатында қолданылып келді. Жобалау институттары элитарлық түрде құрылып, оны жүзеге асыру олардан бөлек «технологтардың» міндеті болды. Жобалау мен технологиялық білімдердің біріктірілуі жүзеге асырылған елдерде (АҚШ, Жапония және т.б.) постиндустриалдық қоғамға қарышты қадамдар жасалғаны белгілі. Басқарудағы бұндай өзгерістер мен жаңғыртулар жобалау әрекетімен байланыстырылып, әуелі оның сұлбасын, немесе идеалдық бейнесін белгілеп алу, оған жетуге қажетті әлеуметтік - техникалық әрекХХ ғасырда шетелде мәдениеттің технологиялық түрінің қалыптасуы, ғылымдарды жобалау іс-әрекетінің негізгі әдісі ретінде ерекше құбылысты жүзеге асыруды талдауға ынталандырылды. Жобалауды ойлау әрекетінің ерекше түрі деп қарастырды.
Ойлау іс-әрекетінің әдістемелік жүйе аумағында жобалау тәжірибесінің дамуы қоғамның жүйесінде (О.И. Анисимов, В.М. Розин, Г.П. Щедровицкий, П.Г. Щедровицкий)жобалауды қайта өңдеуінің басқару процедурасы ретінде (И.В. Бестужев –Лада, Н.И: Лапин, И.И. Ляхов, Б.В. Сазанов, Ж.Т. Тощенко, С.Ф Фролов) білім беру аймағында жобалаудың әдістемесінің болуына әсер етті (Ю.В. Громыко, В.И. Брозенков, О.Г. Прикот, В. И. Слободчиков, Г.Л. Ильин, Н.А. Масюкова).
еттер құрылымын жасаудың маңызын атап көрсетіледі .
Бекіту сұрақтары :
1 . Жобалау тарихы деген не ? .Үйге тапсырма . Мазмұндау .




Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет