Сабақ. Тақырыбы : Кіріспе. Еңбекті қорғау туралы жалпы түсініктер. Сағаттық деңгейі сағат. Еңбекті қорғау туралы жалпы түсініктер


ЭЕМ орналасқан машиналар залын қауіпсіздендіру шаралары



бет55/87
Дата21.12.2021
өлшемі0,81 Mb.
#104596
түріСабақ
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   87
Байланысты:
¦¦¦-¦¬¦¬TП ¦¬¦¦¦¦TЖ¦¬TП ¦ХTЪ 12
3-4 5-6 7-8 тусиник хат, Eng Plus gr 9 term 3 LP
9.3 ЭЕМ орналасқан машиналар залын қауіпсіздендіру шаралары

Оқшауланған нейтралі бар тарамдарда электр тоғының зақымдануынан қорғану үшін алдын-ала ұйымдастырылған, кернеу түсуі мүмкін металлдың тоқ өтпейтін бөліктерді жермен немесе оның эквивалентімен жалғасуын, яғни қорғау жерге қосу пайдаланылады, ол үшін машиналық залды жерге қосқышпен электрлік байланысқан қорғау жерге қосудың контур – шинасымен жабдықтаймыз. Контур-шина ЭЕМ орын алатын барлық ауданның астында, ұяшықтары 1200*12000 мм болатын тор түрінде салынған. Қиылысу нүктелерінде мыс сымнан жасалынатын (оның диаметрі 6мм) тор өткізгіштері желімденеді. Жерге қосылуы (тұйықталуы) керек, ЭЕМ-нің барлық элементтері бөлек, жерге қосатын сымдар арқылы контур-шинаға қосылады.

Машиналық залда портативті компьютерлерді пайдаланғанда олардың бір ұшы корпусқа, ал екіншісі байланыстың жерге қосу контактісімен тұрақты қосылған кезде жұмыс контактілері

Жаңа технологиялық процестерді жобалауға арналған жалпы ережелер мен алғы шарттар:

1.Жаңа технологиялық процестерді, техникалық құрылғыларды дайындау жұмыстары, өнеркәсіптік өндірістерде заттардың қауіпті электрлендірілуін болдырмауын есепке ала отырып жүргізіледі. Жобалауға арналған алғы шарттарда келесі мәліметтер көрсетіледі:

1) берілген өндірістегі қолданылатын және өндірілетін заттардың салыстырмалы көлемдік немесе беттік электрлік кедергісінің мөлшері;

2) қауіпті статикалық электрдің пайда болуын болдырмау талаптары, алынатын өнімнің, оның сапасын өзгертпейтіндей қалыпта, оның салыстырмалы көлемдік немесе беттік электрлік кедергісін төмендету үшін статикалық электрге қарсы заттарды пайдалану мүмкіндігі.

2.Өндіріс процесі кезінде статикалық электр зарядтарының қордалану қауіптілігінің сипаттамалары және заттардың электрлену жиілігін төмендету бойынша іс-шаралар, осы Талаптар бойынша электр зарядтарының әкетілуін қамтамасыз ететін қосымша шаралар жобаның технологиялық бөлігінің есеп-жазбасында және процестің технологиялық регламентінде көрсетіледі.

3.Ылғалдағыштарды, беттік-белсенді заттарды, статикалық электрге қарсы заттарды және бейтараптандырғыштарды қолдану туралы мәліметтер жобаның тиісті бөліктерінде көрсетіледі.

4.Жобаның электрлік техникалық бөлігінде статикалық электр зарядтары пайда болуы мүмкін технологиялық жабдықтарды және желдеткіш жабдықтарды жерлендіру қарастырылады.


9.4 Адамдарда, аппараттардағы пайда болған зарядты қауіпсіз әкету

1)Жарылыс қауіпті өндіріс орындарында адам денесіндегі, электрленген материалмен немесе үстіндегі киім элементтерімен түйісу немесе оның индуктивтік әсері негізінде пайда болған зарядтардың топтануын болдырмау үшін, зарядтардың жерге қарай құйылуын қамтамасыз ету керек. Бұл талаптарды орындаудың негізгі жолы - аяқ киім мен еденнің электр өткізгіштігін қамтамасыз ету. Қимыл кезінде қатты электрленетін, адам денесінде электр зарядтардың тез топталуына себепкер болатын синтетикалық киімдердің көп тарауына байланысты, жерлендірілген тұтқалар, биік тұғырлардың ұстағыштары адам денесіндегі жиналған электр зарядтарын жерге тартудың қосымша амалдары болып табылады.

2)Егер қызметкер жұмысты электр өткізбейтін аяқ киімде, отырып орындайтын болса, онда оның денесіндегі жиналған статикалық электр зарядтарын антистатикалық халат және орындағы электр өткізгіш көрпеше арқылы немесе оның қолына тағылған, тез шешілетін, жермен 105-107 Ом кедергі шамасында жалғанған электр өткізгіш білезік арқылы жерге тартуға болады.

3)Адам денесінен, жылжымалы ыдыстардан және аппараттардан статикалық электр зарядтарын әкету үшін, жарылыс қауіпті өндіріс орындарының едендері электр өткізгіш болып орындалып, олардың осы өндіріс орындағы (ғимараттағы) меншікті көлемінің электр кедергісі 106 Ом/м мөлшерінен аспайтын материалдардан төселеді.

Егер, еденге 25 кг/с күшпен сығылып төселген, ауданы 50 см2 болатын металл пластинаның және жерлендіргіштің электр кедергісі 107 Ом-нан аспайтын мөлшері еденнің беті электр өткізгіш болып саналады.

Еденге меншікті көлемінің электр кедергісі 105 Ом/м мөлшерінен асатын заттардың төгілуіне жол бермеу керек.

4)Электр өткізгіш төсемдердің (құрғақ күйінде) мысалдарына мыналар жатады: бетон, керамикалық тақтайша, ксилолит,/осы Талаптардың 12-ші қосымшасына сәйкес,/ ИР-53, КР-388 маркалы электр өткізгіш резеңкеден жасалған төсеніш, антистатикалық линолеум, (резеңке линолеум).

5)Жарылыс қауіпті бу-, газ- және шаңды ауа қоспалары пайда болуы мүмкін ыдыстар мен аппараттардың ішкі жағында жұмыс істеуге электрленетін материалдардан тігілген комбинезондарда, күртешелерде және басқа да жоғарғы киімдерді киюге болмайды.

6)Тік ұшақтарды көлік құралы ретінде пайдалану кезінде, жердегі операторларға статикалық электр зарядының қауіпті әсерін болдырмау үшін, жердегі операторларға тік ұшақтың көтергішінің немесе сыртқы ілгішінің сымы жерге тигенше, жүкті ілу жұмыстарына кірісуге болмайды.

Тік ұшақпен берілген жүктерді жерге түсіру кезінде қордаланған статикалық электр зарядын жерлендірілген сымға тигізу арқылы залалсыздандырғанша, жердегі операторларға жұмысқа кірісуге тыйым салынады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   87




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет