Сабақ тақырыбы : Сабақтас құрмалас сөйлем, оның түрлері. Модуль /пән атауы : Қазақ тілінің практикумы



бет5/5
Дата24.05.2022
өлшемі34,9 Kb.
#144813
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
№21 Сабақтас құрмалас сөйлем
Педагогикалық шеберлікті қалыптастырудың негізі-кәсіби педагогикалық іс-әрекет, Электронды құжаттар және архив ісі
Қимыл-сын бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңарына қалай, қайтіп? Деген сұрақтар қойылады.
Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңарының баяндауышының жасалу жолдары мен сұрақтарының кестесі

 р/с

Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы

Баяндауышының тұлғалық белгісі

Бағыныңқы сыңарына қойылатын сұрақтар

1

Көсемше

-ып/іп, -п

Қалай? Қайтіп?

2

Есімше

-дай/дейболып, күйі, қалпында

Қалай?

3

Есімше

-ма/ме, ба/бе, па/пе+-с+-тан/тен

Қалай?

 6. Мақсат бағыныңқы сабақтас. Құрамындағы жай сөйлемдердің бағыныңқысы басыңқыдағы істің, қимылдың мақсатын білдіретін құрмаластың түрі мақсат бағыныңқы сабақтас деп аталады. Мысалы: Жалпақ ел жауабын өз аузынан айтпақ болып (не етпек болып?), ұлыққа таң атпай келіп еді.
Мақсат бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңарларына не үшін, не мақсатпен, не деп, неге? сұрақтары қойылады.
Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңарының баяндауышының жасалу жолдары мен сұрақтарының кестесі

 р/с

Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы

Баяндауышының тұлғалық белгісі

Бағыныңқы сыңарына қойылатын сұрақтар

1

Мақсатты келер шақ етістік

-мақ/мек, -бақ/бек, -пақ/пек жәнеболып

Не мақсатпен?

2

Тұйық етістік

-у жәнеүшін

Не үшін?

3

Болжалды келер шақ есімше

-ма/ме, -ба/бе, -па/пе+-с және үшін

Не үшін? Неге??

4

Қалау және бұйрық рай

-айын/ейін, -сын/сін және деп



Сұрақтар (Өзіндік пайымдау үшін):

  1. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері, жасалу жолдары.

  2. Сабақтас құрмалас сөйлемнің салалас құрмалас сөйлемнен айырмашылығын Венн диаграммасы арқылы көрсетіңіз.

Тапсырма:
Көркем шығармадан бір сабақтас құрмалас сөйлемге толық СКТ талдау жасаңыз.
Кері байланыс: Тапсырманы(талдау) орындау, білімал қосымшасына жүктеу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет