Сабақ тақырыбы: 0 саны және цифры



Дата05.10.2019
өлшемі428 Kb.
#49267
түріСабақ
Байланысты:
15 сабак


Сабақ тақырыбы:

0 саны және цифры

Мектеп: А. Гайдар атындағы жалпы орта мектебі

Пәні: Математика

Күні : 26.09.19




Мұғалімнің есімі: Омарова М. А.

Сыныбы: 1

Қатысқандар саны: 16


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

  1. натурал сандар мен нөл санының құрамын біледі; 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санайды; натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды;

  2. қосу амалын ортақ элементтері жоқ жиын-дардың бірігуі, азайтуды жиынның бөлігін ажыратып алу ретінде түсінеді;

  3. “+”, “–”, “=”, “≠”, “>”, “<” таңбаларын қолданады.




Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

  1. қыстырғыштары бар жіпті сынып бөлмесіне керіп қою;




  1. 0-ден 10-ға дейінгі сандар жазылған парақшалар;




  1. матадан жасалған қап;




  1. 5 кішкентай ойыншық.

Тірек сөздер

нөл.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларда 0 саны туралы түсінік қалыптастыру; 0 цифрын жазғызып үйрету; санау дағдысын және шығармашылық қабілетін дамыту.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Сабақта нөл санының мәні заттың жоқтығын көрсететін (бос жиынның элементтер саны) ойын арқылы түсіндіріледі. Сандық сәуледегі 0 санының орны айтылады, 0 саны 1-дің алдында тұратыны көрсетіледі. Сонымен қатар 0 цифрын жазу дағдысын бекіту қажет. Оқушыларға сан туралы қызықты мәліметтер беруге болады. “Нөл” сөзі латын тілінде “ештеңе жоқ” деген мағынаны білдіреді. Араб тілінде “нөл” “сифр” деп айтылады (дереккөз: Депман И. Я. История арифметики. Пособие для учителей. — М., Учпедгиз: 1959).
0 саны қазақ тілінде “нөл” деп, ал орыс тілінде “ноль” немесе “нуль” деп айтылады. Терминологиялық мағынада көбінесе екінші түрі қолданылады (дереккөз: Розенталь Д. Э., Джанджакова Е. В., Кабанова Н. П. Справочник по правописанию, произношению, литературному редактированию. — М.: Черо, 1999). Сабақтың басында сандық сәуледегі 1-ден 9-ға дейінгі сандардың санау барысындағы реті, таспада орналасуы, ең үлкен және ең кіші сандар, сан мен цифрдің мағынасы тақырыптары бойынша қайталау жұмысын өткізген абзал.
Балық аулауға көмектес. Оқушылар бұл тап-сырмада суқоймасындағы балықтарды қайықтағы шелектермен қосу керек. Барлық балықтардың іші-нен жауабы 0 шығатын мысалдар жазылғанын ғана таңдап алу керек.
Жауабы:
мына мысалдар жазылған балықтар: 5 – 5; 0 – 0; 0 + 0; 9 – 9.



Кіріспе тапсырма. 0 санының мағынасын тү-сіну үшін оқушыларға “Құпиялы қап” ойынын ұсы-ныңыз. Оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызы-ңыз. Қапқа 5 ойыншықты салыңыз. Қаптың аузын байлаңыз да, сыртын қолмен ұстау арқылы ішінде неше ойыншық бар екенін айтқызыңыз. Енді қаптың аузын ашыңыз да, оқушыларға бір-бірден алғызыңыз. Ойыншықты алған сайын нәтижесін сандық сәуледе көрсетіп отырыңыз. (Сыныпта тар-тылған жіпке қыстырғыштардың көмегімен 5, 4, 3, 2, 1 сандары жазылған парақшаларды бір-бірінен арақашықтығын бірдей етіп бекітіп отырыңыз.) Қаптың іші босағанша солай жасаңыз. Бос қапты оқушыларға көрсетіңіз. Оқушылардың көңілін қап-тың іші алдымен ойыншықтарға толы болғанын, бірте-бірте ойыншықтар азайып, бос қалғанына аударыңыз. Мынадай сұрақтар қойыңыз: “Қазір қапта неше ойыншық бар? (Қапта ойыншық жоқ, ол бос.) Сендер қалай ойлайсыңдар, егер “ештеңе жоқ” дегенді білдіретін сан болса, ол сандық сәуленің қай жерінде орналасатын еді?” Оқушыларға осы санға ат тапқызып, оны жазғызыңыз. Оқушылар өз нұсқала-рын айтсын, мүмкін олардың арасында 0 санын білетіні оқушы бар шығар. Егер қапта ойыншық жоқ болса, онда “Қапта нөл ойыншық”, ал 0 саны заттың жоқ екенін білдіреді деген қорытынды жасаңыз. 0 санының жазылуын көрсетіңіз. 0 саны жазылған парақшаны сандық сәуленің бас жағына, яғни 1-дің алдына қыстырып қойыңыз. Бұл оқушылардың 0 са-нының заттың жоқ екенін білдіретініне көздерін жеткізеді. Пәндік-практикалық деңгейде 0 санының қасиетін түсінуге жетелеңіз.

Үрленген шарлар. Оқушылардан суретке қарап, шарларға не болғанын айтуын сұраңыз. “Балада алғашында неше шар болғанын сұраңыз (3 шар болды), екінші суретте оларға не болды, неше шар қалды (1 шар қалды), соңында неше шар қалды (ештеңе қалған жоқ, 0 шар)” деп сұраңыз.

Жауабы:

нөл шар қалды.



Сандарды өсу және кему ретімен ор-наластыр. Бұл тапсырманы орындау үшін оқу-

шыларға жұптық жұмыс ұсыныңыз. Оқушылар сан-дарды тура және кері ретпен орналастыру керек. Оқушылар сандарды 0 санымен салыстырады. Олар өз бетінше тапсырманы орындап, жауаптарын айтады. Егер тапсырма қиындық тудырса, сандық сәулені қолдануды ұсыныңыз.

Жауабы:

тура ретпен: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9. кері ретпен: 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1, 0.



Мысалдардың жауаптары неге осылай болды? Түсіндір. Тапсырма 0 санын қосу және

азайтуды қайталауды қарастырады. Оқушылар 0 санының қасиеті туралы қорытынды жасайды.

Шығарып көр. Берілген тапсырма қосу және азайту кезіндегі нөлдің қасиеті туралы білімді бекітуге мүмкіндік береді. Оны топпен орындауға ұсыныңыз. Тексеруді жалпы түрде орындатыңыз.

Сен білесің бе? Оқушыларға 0 саны туралы қызықты мәлімет айтыңыз. “Сифр” деген араб сөзінің қандай сөзбен дыбыстас екенін сұраңыз.






Қосымша тапсырмалар


Оқушыларға 0 саны “нөл” деп айтылатынын түсіндіріңіз.


Нөлден артық 5 сан жаз. Оқушылар 0 санынан артық 5 сан жазулары керек. Олар оны бір жолға ретімен жазуына (1, 2, 3, ...) немесе теңсіздік түрінде 0 санымен салыстырып жазуларына болады

(1 > 0, 2 > 0, 3 > 0, ...)




Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:




  1. 0 саны бос жиын болатын нысандар санын көр-сететінін түсінеді;




  1. 0 санының орнын сандық сәуледен табуды;

  2. 0 цифрын жазуды меңгереді.

Оқушылардың сабақты қалай түсінгенін бағалау
үшін мынадай сұрақтар қойыңыз:

— Егер сен барлық алмаңды жеп қойсаң, сенде неше алма қалады?


— 0 саны нені білдіреді?

— 0 саны қалай айтылады: “нөл” немесе “ноль”?


— Біз 0 санын әлде 0 цифрын жазамыз ба? Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік
баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұ-мыс өткізіңіз.





Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет