Сабақ тақырыбы 5 сыныпта өткенді қайталау. /Жай және ондық бөлшектер/ Сілтеме



бет32/32
Дата27.03.2020
өлшемі323,62 Kb.
#60921
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32

Тәрбиелік: Оқушылардың білімге деген қызығушылығын

арттыру. Ұжым намысын қорғай білетін, шығармашылық қабілеті дамыған тұлға тәрбиелеу.



Сабақ түрі: Саяхат сабақ

 

Сабақ барысы:



І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Түгендеу.

2.Үй тапсырмасын тексеру. №162 (ауызша)

 

І кезең: «Қызығушылықты ояту»

1.Анаграмма (дискриминант, теңдеу, коэффициент, түбір)

 

Сұрақтар:

1. ах2+вх+с=0, (a=0) теңдеуі қалай аталады? (квадрат)

2. Айналған шешу құралына

Саны араласқан құрамына

Теңдеудің түбірлері нешеу деген

Қандай сан жауап беред сұрағыма? (дискриминант)

3. Квадрат теңдеудегі а және в. (коэффициент)

4. Квадрат теңдеудің дербес түрі? (толымсыз)

 

ІІ. Теориялық материалды қайталау:

1.Квадраттық   теңдеуді шешу алгоритмі

2.Дискриминанттың 3 жағдайы

3. а+в+с, а-в+с арқылы теңдеу түбірлерін табу

ІІІ.Негізгі бөлім. Бұл сабағымыз «Қазынаға саяхат» деп аталады. Ертеде бір бай баласына мұра қалдырғанын және оны тауып алу үшін карта керек екендігін, картаның үйдің шатырында жатқанын өсиет етіп кеткен екен. Енді біз баласына картаны тауып беруіміз үшін мына сұрақ- жауапты шешуіміз керек екен:

Квадраттық теңдеу анықтамасы?

Келтірілген квадраттық теңдеу анықтамасы?

Толымсыз квадрат теңдеу?

Дискриминант қай формуламан есептеледі?

Дискриминанттың 3 жағдайын айт?

 Сонымен баласы картаны тауып алып кемемен көрсетілген бағыт бойынша саяхатқа шығады. Саяхатта ол бір аралға тап болады. Сол жерде ол ағаштан «Қозғал» деген жазуды көреді. Оның қандай бағытта жүру керектігін анықтау үшін  кестені толтыру керек.

Теңдеулер

Түбірлер

х1 және х2

х1+ х2

х1 · х2

 

х2 – 2х – 3 = 0

Х2 + 5х – 6 = 0

х2– х – 12 = 0

х2+ 7х + 12 = 0

х2– 8х + 15 = 0

 

 

 

 

Ш

 



Ы

 

Ғ



 

Ы

 



С



















 

Яғни баласы шығысқа қарай бет алады.Ол сол қалпы келе жатып үңгірге тап болады.  Оның кіре берісінде алып тасты көреді. Сол таста былай жазылған екен: «Осы тасты қозғасаң шұңқырдан қазынасы бар жәшікті табасың»- деген екен. Баласы жәшікті алса, ол жабық екен. Жәшіктің қақпағында: «Ең басты қазына - ол ....» деген сөз жазылған екен. Көп жылдар бойы жатып қалған жазудың жартысы өшіп қалған екен. Осы сөзді табуға сіздердің көмектеріңіз қажет. Ата- бабаларымыз қандай дау, сұрақ болса да оны мақал- мәтелдер, даналық сөздер арқылы шешкен екен. Ендеше, бізде осы жауапты тауып көрелік. Мен сіздерге мақал айтамын. Оның ішіндегі екі сан есім квадраттық теңдеудің түбірлері, яғни түбірлер арқылы квадраттық теңдеу құру және дана сөзді табу керек?

 

1) Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі жетеді.  (Б)



2) Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім ал.   (І)

3) Білімді мыңды жығады, білекті бірді жығады.   (Л)

4)    Ұлға отыз үйден, қызға қырық үйден тыю.    (І)

5) Бір тал кессең, он тал ек (М)

 

І

х2 -14х + 49 = 0

М

х2 -11х + 10 = 0

І

х2 -70х + 1200 = 0

Б

х2 -10х +24 = 0

Л

х2 -1001х +1000 = 0

Яғни,  баласы әкесінің мұра еткен қазынасына қол жеткізіп, бейбіт өмір сүріпті. Сіздер бүгінгі сабақ арқылы «Ең басты қазына – ол білім» екеніне көз жеткіздіңіздер. Әрқашанда  ең бастысы- байлық іздемей, білім қазынасын іздеңіздер.Сонда көптеген нәрселерге қол жеткізесіздер дегім келеді.

 

ІV. Сабақты қорытындылау



1. Бағалау.

2. Үй тапсырмасы: № 162,164

Ықтималдық теориясы туралы түсінік және математикалық статистика.



Сабақ №16

Пән: алгебра

Сынып: 8

Сабақ тақырыбы: Ықтималдық теориясы туралы түсінік және математикалық статистика.

Сабақ типі: жаңа материалды меңгеру

Түрі: практикалық

Сабақ мақсаттары:

1. білімділік – Оқушыларды «кездейсоқ оқиға», «ықтималдық» ұғымдарымен таныстыру.

2. дамытушылық – логикалық ойлау қабілеті мен дағдыларын жетілдіру, белсенділіктерін, математикаға деген қызығушылықтарын арттыру;

3. тәрбиелік – оқуға, саналы сезімге, жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта.

Сабақ әдістері: ауызша, көрнекілік, өз бетімен жұмыс, топпен жұмыс.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру.

2. Жаңа білімді игеруге дайындық. Қайталау.

1. График.

2. Диаграмма.

3. Бағанды диаграмма.



3. Жаңа материалды меңгеру.

Белгілі бір жағдайда орындалатын немесе орындалмайтын құбылыстарды кездейсоқ оқиғалар деп атайды. Берілген шарт бойынша міндетті түрде орындалатын оқиға ақиқат  оқиға деп аталады. Ал берілген шарт бойынша орындалмайтын оқиғаны мүмкін емес оқиға деп атайды.

Келесі оқиғалардың қайсысы «кездейсоқ оқиға», «мүмкін емес оқиға», «ақиқат оқиға» екенін анықтайық..

а, к, и, т, а, м, е, т, а, м әріптерін кездейсоқ тергенде, «математика» сөзінің құрылуы.

Сенбі күні таңертең №17 троллейбустың кешігуі;

Тиынды бер рет лақтырғанда, елтаңба бетінің түсуі;

Ойын кубигін бір рет лақтырғанда, 1, 2, 3, 4, 5, 6 сандарының біреуінің түсуі;

Үш рет ойын сүйегін лақтырғанда , 19 ұпайдың болуы.

Кешкі серуен кезінде үш таныс адамның кездесуі.

Ықтималдық теориясы дегеніміз- кездейсоқ оқиғалардың орындалуының заңдылығын зерттейтін математиканың бөлімі.

Ықтималдықтар теориясының негізінде «математикалық статистика» ғылымы пайда болды. Мат. Статистиканы бақылау нәтижелерін қорытындылайтын әдістерді зерттейтін ғылым деп есептеуге болады. Ол қызметтің барлық салаларында маңызды роль атқарады.

         Күнделікті өмірде әр түрлі кездейсоқ оқиғалармен кездесеміз және олардың орындалу жиілігі әр түрлі.

         Мысалы, ойын сүйегін 48 рет лақтырып, 1, 2, 3, 4, 5, 6 цифрларының түсу кестесін құрайық:

 


«цифрлар»

1

2

3

4

5

6

Түсу саны

6

8

9

7

8

10

Диаграмма тұрғызайық.

Әрбір оқиғаның түсу саны оқиғаның жиілігі болады.

Қандай да бір оқиғаның орындалу жиілігінің жалпы оқиғалар санына қатынасы оқиғаның ықтималдығы деп аталады.

Мысалы ойын сүйегін 48 рет лақтырғанда, 5 цифрының түсу ықтималдығы 8/48-ге тең.



4. Жаңа материалды меңгергенін тексеру.

Оқулықтан: №320, № 322, №324, №325



5. Қорытынды.

1. «ықтималдық» ұғымы не үшін оқытылады?

2. Математикалық статистика қандай мақсатта қолданылады.

6. Үй жұмысы. №321, №323

7. Бағалау.

Статистикалық мәліметтерді топтау және талдау .



Сабақ №17

Пән: алгебра

Сынып: 8

Сабақ тақырыбы: Статистикалық мәліметтерді топтау және талдау .

Сабақ типі: жаңа материалды меңгеру

Түрі: практикалық

Сабақ мақсаттары:

1. білімділік – Оқушыларға статистикалық мәліметтерге қарапайым топтау және талдау жүргізуді үйрету.

2. дамытушылық – логикалық ойлау қабілеті мен дағдыларын жетілдіру, белсенділіктерін, математикаға деген қызығушылықтарын арттыру;

3. тәрбиелік – оқуға, саналы сезімге, жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, карточкалар.

Сабақ әдістері: ауызша, көрнекілік, өз бетімен жұмыс, топпен жұмыс.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру.

2. Жаңа білімді игеруге дайындық. Қайталау.

1. Арифметикалық орта деген не?

2. Мода деген не?.

3. Медиана деген не?

4. ықтималдық деген не?

5. Математикалық статистика деген не?



3. Жаңа материалды меңгеру.

Статистикада берілген сандарды талдау үшін оларды топтайды. Шырша биіктігінің диаметрге тәуелділігіне мысал келтірейік. Осы екі сипаттаманы салыстырсақ, онда биіктіктері бірдей, бірақ диаметрлері әр түрлі немесе биіктіктері әр түрлі, бірақ диаметрлері бірдей шыршалар жиыны шығады. Демек, шырша биіктігі мен диаметрі арасында тәуелділік жоқ. Бірақ шыршаның өсуіне қарай диаметрі де артып отырады. Кестеде өлшеу нәтижелері берілген.



                      Биіктігі (м)

Диаметрі(см)



18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

15

 

1

6

4

3

 

 

 

 

 

20

1

3

15

29

20

8

 

 

 

 

25

 

1

8

18

49

20

6

1

 

 

30

 

 

1

4

5

12

8

5

 

 

35

 

 

 

 

1

3

6

4

1

 

40

 

 

 

 

 

 

1

3

3

 

45

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

Көлденеңінен метрмен алынған биіктіктің орташа мәні жазылған. Тігінен  сантиметрмен алынған диаметр берілген және интервалдар ортасында топтау саны көрсетілген.

Мысалы: Ер адамдардың сыртқы киімдерінің кең тараған өлшемдерін анықтау үшін 48 ер адамның өлшемін алды және өлшеу нәтижесі мынадай болды: 52, 46, 52, 48, 48,44 ,48  , 50, 48, 50, 48,42 , 48, 50, 52, 50, 48, 56, 48, 54, 46, 54, 50, 50, 52, 50, 54, 48, 46, 50, 54, 46, 50, 48, 54, 52, 46, 56, 44, 56, 54, 50, 58, 50, 52, 52, 46, 52.

Алынған мәліметтерді ретімен талдасақ, нәтиженің 9 топқа бөлінгенін байқаймыз. Әр топ қандай да бір нәтижені береді. Мысалы 42 өлшем 1 адамда, ал 48 өлшем 10 адамда және т.с.с. Нәтиже оңай қабылдануы үшін кесте құрамыз.

Киім өлшемі

42

44

46

48

50

52

54

56

58

жиілік

1

2

6

10

11

8

6

3

1

 

4. Жаңа материалды меңгергенін тексеру.

Оқулықтан: №326, № 327, №329, №331

4.1 Тарихи мәлімет. Ықтималды теориясы кездейсоқ құбылыстарды қарастырады.  Ықтималдық теориясын құрған Я.Бернулли, П.Лаплас, С.Пуассонныңшығармаларында математикалық статистика туралы алғашқы мәліметтерді кездестіруге болады.

5. Қорытынды.

1. Санды мәліметтер қандай мақсатпен реттеледі?



2. Математикалық статистиканы қандай жағдайда қолданған ыңғайлы.

6. Үй жұмысы. № 328, №330

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет