Сабақ тақырыбы 9-сабақ. Музейдегі көне заттар Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



бет2/2
Дата20.12.2021
өлшемі413,91 Kb.
#104127
түріСабақ
1   2
Оқушылардың барлығы: тыңдаған мәтіндегі сөйлемдердің мазмұнын түсінеді. Үлгі бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай сөйлем құрайды.

Оқушылардың көпшілігі: Сызба, жоспар бойынша мәтіннің мазмұнын айтады. Тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

Оқушылардың кейбірі: тақырып аясында өздері барған музейдегі көрген қызықтарыммен бөліседі.

Бағалау критерийлері

  • Сызба бойынша мәтінді мазмұндайды.

  • Орын тәртібін сақтай отырып, сөйлем құрастырады.

  • Тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

Лексикалық минимум

алтын

Грамматикалық минимум

Жай сөйлем

Құндылықтарды дарыту

Ұлттық құндылықтарды сақтауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Аудиотаспа, интербелсендітақта, таныстырылым

Бастапқы білім

Музей қай көшеде?

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Сабақтың басы

5 минут


Ой қозғау. Оқушыларға интербелсендітақтағы суреттер арқылы тараудың тақырыбын болжату. Оқушыларды суреттер негізінде сұрақтар қойып, коммуникативтік қатынасқа тарту:

  • Суреттен нені көріп тұсыңдар?

Оқушылар суреттер арқылы жаңа тараудың мазмұнын болжайды.





Сабақтың мақсаттарымен таныстыру:

1.Мәтінді сызба, жоспар бойынша мазмұндау.

2. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап, жай сөйлем құрастыру.

3. Тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру.



Сабақтың ортасы

30 минут


(МК, Ұ) Сабақтың тірек (алтын) сөзін суреттер, сұрақ-жауап арқылы меңгерту.

Алтын__Алтын_адам'>Алтын

Алтын адам





Алтыннан қандай заттар жасалады?

Музейде Алтын адам ескеткіші бар.


(Ө) Тыңдалым. Мәтінді екі рет мұқият тыңдайды.


Бұл - Орталық музей. Ол үшқабатты. Бірінші қабатта ұлттық аспаптар: домбыра, қобыз, сазсынай бар. Екінші қабатта сандықтар, құмыралар, кеселер бар. Үшінші қабатта Алтын адам ескерткіші бар. Ол бұрын жауынгер болған. Оның киімі алтыннан қапталған.

Оқушылар Әлібектің музейде көрген көне заттардың сызбасын салады. Сызбаға сүйеніп, мәтіннің мазмұнын айтады.

Мысалы,

Бірінші қабат




Екінші қабат




Үшінші қабат




Дескрипторлар:


  • оқиғаны сызбаға түсіреді;

  • сызбаға сүйеніп мәтіннің мазмұнын айтады.

Сыныптастар бір-бірін «Үш шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.



Сергіту сәті.



(Т) Оқылым. Оқушылар мәтінді мұқият оқып шығады.


Мен сабақтан соң достарыммен бірге Орталық музейге бардым. Музейде құмыра, кесе және т.б. заттар көп. Әнелге көне домбыра ұнады. Маған Алтын адам ұнады.

А) Сұрақтарға жауап береді:



  • Әлібек қайда барды?

  • Ол музейде не көрді?

  • Кімге не ұнады?

  • Сен қандай музейге бардың?

  • Саған не ұнады?

Дескрипторлар:

  • мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

  • мәтіннің тақырыбына қатысты ойын айтады;

  • мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.


(Ө) Айтылым. Оқулықтағы (5-тапсырмадағы) суретке қарап, кестені толтырады.

Әлібек музейге қай күні барды?

Музейде Әлібекке не ұнады?

Қосымша











Әнел музейге қай күні барды?

Музейде Әнелге не ұнады?

Қосымша











Дескрипторлар:


  • кестедегі сұрақтарға жауап береді.

  • тірек сөздерді орынды қолданады.

Бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бірден бағалап отырады.

  • Мен өте жақсы түсіндім.(5 балл)

  • Мен жақсы түсіндім.(4 балл)

  • Мен орташа түсіндім.(3 балл)

  • Мен дұрыс түсінген жоқпын.(2 балл)

  • Мен мүлдем түсінген жоқпын.(0-1 балл)


(Ө) Жазылым. Сызба бойынша жай сөйлем құрайды.

Атам

Әжем

Әкем

Анам

Ағам

Досым

Раушан апай

Құмыра

Кесе

Ыдыс

Сурет

Киім

Алтын адам


туралы айтты


Үйге: 4-тапсырма.
Рефлексия.



Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Пәнаралық байланыс –Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс






Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?





Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?



1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды



жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Тапсырмаларды уақыт мөлшеріне қарай таңдау, топтағы қарым-қатынасты бақылау. Жекелеген білім алушыларды топтық жұмыстарға тарту.


«Тексерілді:»



МДОІЖО: Бағысбаев Р.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет