Мына тізбектердің қайсысы арифметикалық прогрессия болады: 1) 3;13;23;33;… болады 2) 1;7;49;… болмайды
3) 13;17;19;23;… болмайды 4) –15;-5;5;15 … болады
5)1,35;1,6;1,85;2,1;... болады
6) -11;-1;9;19;29… болады
Тізбектей қосуды орында:
а1= -20, d=-4 екені белгілі болғандықтан айырымды қосу арқылы мынадай тізбекті аламыз:-20;-24;-28;-32;-36;-40;
|
Материалды игеру (20 мин)
|
Арифметикалық прогрессияның анықтамасы
Екінші мүшесінен бастап әрбір мүшесі алдыңғы мүшесіне қандай да бір тұрақты санды қосқанда шығатын сандар тізбегін арифметикалық прогрессия деп атаймыз.
"Прогрессия" сөзі алға ұмтылу, жылжу деген мағынаны білдіреді. Дәл осы алға ұмтылу түрлі уақыттағы математиктерді әр түрлі заңдылықтарды шығаруға итермеледі. Мысалы, құрылыс немесе жер өлшеу кезінде сондай біліктер қажет болған. Мысалы, Ежелгі Египетте математиктер мен астрономдар түрлі есептеулерді қолданған.
|
Достарыңызбен бөлісу: |