Сабақ тақырыбы «Атам бата береді»



бет2/2
Дата07.02.2022
өлшемі179,1 Kb.
#93760
түріСабақ
1   2
Байланысты:
7-8. атам бата береді

Бағалау критерийлері

Жеке тапсырмаларды орындай алады.
Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Құндылықтарды дарыту

Үлкенді кұрметтеуге, отбасылық дәстүрлерді ұғынуға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері
/ уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының
іс-әркеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Оқушылармен сәлемдеседі, түгендейді.
Қызығушылықты ояту.
Суреттер жібереді.


Сонымен бата дегеніміз не? Батаның қандай түрлері болады?
Ғасырдан-ғасырға ұласып, бізге жеткен асыл қазына- ауыз әдебиетінің арналы бір саласы. Батаны халқымыз киелі тілеу деп бағалайды. Оған дәлел: « Бата-сөздің анасы», « Атаңнан бота қалмасын, бата қалсын», «Ботаның құны бір-ақ жұт, бата- балаға мәңгі құт», «Баталы ер арымас, батасыз ер жарымас».Бата түрлері:
Ұлыстың ұлы күні берілетін баталар, сапарға бата, дастарқан батасы, соғым батасы, тұсау кесер бата, әскерге баратын жастарға,туған күнге бата, қыз балаға бата, ұл балаға бата, жас жұбайларға бата, ұзатқан қызға бата.
Бата халық ауыз әдебиетіне жатады. Батаны үлкен адам береді. Оны айтқанда қол жаяды. Қол жаю осы айтылған сөздер менің қолыма түссін дегенді білдіреді. Бата өмірдегі өте маңызды жағдайларға айтылады. Батада табыс пен жетістік болсын деп тілейді. Батаның тәрбиелік мәні зор. Бата беру әрқашан көкейкесті болды.

Бір-біріне жақсы тілек айтады, сәттілік тілейді.




Суреттерде не көріп тұрғанын айтады.
Оқылым. 20-бет 4-тапсырма. Мәтінді оқиды, жұмыс жасайды.
Қазақ отбасындағы өте ертеден келе жатқан ерекше дәстүрдің бірі – бата беру. Бата – тілі көркем, ізгі тілек түрінде айтылатын қысқа әрі мәні терең сөз. Батаның тәрбиелік маңызы үлкен. Бата берудің өз жолы, дәстүрі, рәсімдері бар.
Дастарқан басында, түрлі жиын-тойда, отбасы мерекелерінде: тұсаукесер, тілашар кезінде жастар қол жайып, үлкендерден бата сұрайды. Батаны кез келген адам бермейді. Батаны көпті көрген ақсақалдар мен дана әжелер береді.
Батаның түрлері бар. Ас батасы – асты үстелге әкелгенде немесе ас ішіп болған соң берілетін бата. Ас батасы тамақ ішкен сайын беріледі. Рамазан батасы – үш күнгі ораза айтта айтылатын ізгі тілек, жақсы ниет. Жол батасы ұзақ жолға шыққанда беріледі. Жолға шығарда үй иесі көршілерге, туыстарға тамақ беріп, үлкен ақсақалдан бата алады. Тілек – бата – үлкендер жастарға риза болғанда, реті келген жерде қолын жайып беретін батаның түрі.
Қазақтар сөз өнерін өте жоғары бағалаған. «Бата адамға күш береді, жолын ашады, аман күштерден сақтайды» деп сенген.

Суреттер
Презентация
оқулық

Айтылым._Мәтінді_аудартады._Айтылым.'>Сабақтың ортасы

Айтылым.
Мәтінді аудартады.
Айтылым.
20-бет 6-тапсырма. Сұрақтарға жауап алады.

  1. Мәтінде қазақ отбасының қандай мерекелері мен дәстүрі туралы айтылған?

  2. Батаның қандай түрлері бар?

  3. Батаны кімдер береді?

Айтылым. Мәтінді мұғалімнің көмегімен аударады.
Айтылым.
20-бет 6-тапсырма. Сұрақтарға жауап береді.



Оқулық
Презентация

Сөздік


Сабақтың соңы

Жазылым.
21-бет 8-тапсырма. Берілген сөздерді жекеше түрде тәуелдетеді.

Жазылым. «Бата, тәрбие, қол» сөздерін жекеше тәуелдейді.



Оқулық
Презентация

Рефлек-
сия

Ойтаразы
Рефлексиялық эссе
Оқушылар мына сұрақтарға жауап бере отырып, сабақта туындаған ойларын тізбектейді.

1.Алдымен біз былай деп ойладық.....
2.Одан кейін біз мына проблемаға тап болдық..........
3.Проблеманы шешу үшін......жасадық.
4.Бұдан біз..................көрдік.
5.Демек, бұл мынаны білдіреді.................
6.Сонымен біз.................деген шешімге келдік.

Презентация


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет