Сабақ тақырыбы Қауіпсіздік ережесі. Әртүрлі физикалық жүктеме кезіндегі ағзадағы өзгеріс



Дата06.02.2022
өлшемі18,88 Kb.
#82017
түріСабақ
Байланысты:
1-3 Әртүрлі физикалық жүктемекезендегі ағзадағы өзгеріс
5 сы кмж




Мектеп: №10 орта мектеп

Күні:01.09.2020
Сабак :1

Мұғалімнің аты-жөні:Базарбаева Ұлболсын

СЫНЫП: 6«в»

Қатысқандар:15

Қатыспағандар:



Сабақ тақырыбы

Қауіпсіздік ережесі.
Әртүрлі физикалық жүктеме кезіндегі ағзадағы өзгеріс

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары



6.3.4.1 - денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін түсіну






Сабақмақсаттары



Барлық оқушылар орындай алады:
Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасын орындағанда қауіпсіздік техникасынан хабардар болады.



Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасын орындағанда қауіпсіздік техникасынан хабардар болады және түснеді

Кейбір оқушылар орындай алады:
Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасын орындағанда қауіпсіздік техникасынын орындай алады.Оқушылар өз жолақтарымен жүруді меңгерді.



Жетістік критерилері

Қысқа қашықтыққа жүгіру барысында қауіпсіздік техникасынан хабардар болады және басқа топқа түсіндіре алды.

Тілдік мақсат

- Жүгіру – бегать - to run
- Жаттығу – упражнениe – exercise
-Төменгі сөре-низкий старт-low start
- Мәре-финиш-finish



Пән аралық байланыс

жаратылыстану

Алдыңғыоқу



Жеңіл атлетика туралы теориялық мәлімет . Бастауыш сыныпта өткен арнайы жүгіру жаттығуларды жетілдіру.

Дескрипторлар

- Сөреде аяқ пен қолдың дұрыс қойылуын орындайды
- Сөреден дұрыс шығуын орындай алады
- Жылдамдық үдете жүгіру
- Мәрені жүгіріп өтіп кетту
-Жиберілген қателіктерін айтады









Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған
кезеңдері

Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың барысы
10мин

Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 10-15 мин.
Ұйымдасқан түрде мектеп спорт залына кіріп бір қатарға сапқа тұру. Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. «Түзеліңдер!»«Тік тұрыңдар!»
«Сәлеметсіздер ме?Еркін тұрыңдар.»
Сыныпты тексеру.
Сабақтың мақсатын хабарлау.
Оңға, солға, кері айнал!
Жалпы денені қыздыру жаттығулары.
Жүру жаттығулары:
1. Қолымыз жоғарыда аяқтың ұшымен жүру
2. Қол желкеде өкшемен жүру
3. Қолда аяғымызға тигізіп жүру
4. Қол алда жартылай отырып жүру
5. Қол белде толық отырып жүру
6. Қол белде отырып екі жанға секіріп жүру
Жүгіру жаттығулары:
1. Қол белде аяқты артқа лақтырып жүгіру
2. Қол белде аяқты алға лақтырып жүру
3. Қол алда тіземізді жоғары көтеріп жүру
4. Қол жанда аяқты екі жанға лақтырып жүгіру
5. Қол белде жанымызбен жүгіру
Жалпы бұлшық еттерді жетілдіретін жаттығулар:
1)Мойын, қол, иық бұлшық еттеріне арналған жаттығулар;
2) Дене (кеуде,арқа,қарын) бұлшық еттеріне арналған жаттығулар;
3) Аяқ бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.

Спорт алаңы, ысқырық

Сабақтың ортасы
25мин



-Жеңіл атлетика сабақтарында қауіпсіздік ережесімен таныстыру.
-Жеңіл атлетикасының техникалық қауіпсіздігін қайталау.
-Жеңіл атлетика спортының олимпиада чемпиондарына кысқаша мәлімет.

Үй жануарлар жанұясымен топтастыру (тауық,ит, жылқы). Топ жетекшісі анықталып,оған бағалау парақтары тапсырылып түсіндіріледі. Төменгі сөреден қысқа қашықтық 30 м-ге жүгіру техникасын көрсеткішін мультимедиялық тақтадан суреттер көрсету арқылы түсіндірем.Әр топқа сөреде тұру техникасын, сөреден тез жылдамдық алу техникасын, мәреге жеткенде қолданылатын техникасын көрсетуді тапсыру.Оқушылар техниканы көрсетеді


Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасы

  • - «Сөреге» деген бұйрық берілгенде сөре сызығына келіп, бір-бір жарым қадам санап алып, қолды сөре сызығынының үстіне және итеретін аяқты алдыңғы ұшына қойып, итермейтін аяқтың тізесі, итеретін аяқтың табанының орта тұсында тұрады, бас пен иық бір деңгейде болады, салмақ қолға түседі.

  • «Жүгір» деген бұйрықта бар екпіні мен аяқты жылдам басып, қолды алға-артқа сермеп жүгіреді.

  • Оқушыларды уақытты есепке алып қысқа қашықтыққа жүгірту.



«Қатені тап» білімді пысықтау ойыны. (10мин) Белгіленген уақытта әр топқа өтілген тақырып бойынша сурет салу тапсырылады, бірақ суретте қате болу керек,келесі топ сол қатені табу керек. Оқушылар сурет салады, сурет бойынша өз ойларын ортаға салып талқылайды

Оқушылар сыныптастарының жұмысын «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды



Спорт алаңы,
Қазақстандық спортшылардың суреттері
Ысқырық

секундомер


Ысқырық, секундомер, плакат, түрлі түсті маркерлер


«Басбармақ»әдісі

Сабақтың соңы
5мин

Оқушы бағасымен келісетінің не келіспейтінің және неліктен екенін айтады

Оқушылармен сабақтың рефлексиясын өткіземін.


Оқушыларды «Бас бармақ» әдісімен бағалау.





Сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа тақырыпты қаншалықты игергендерін көрсетеді




Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет