Сабақ Тақырыбы: Қазақ халқының жоңғар шабуылдаушыларына қарсы азаттық үшін күресі



Дата21.04.2017
өлшемі2,1 Mb.
#14276
түріСабақ
«Педагогикалық ғаламшар» әдістемелік циклінің шеңберіндегі

«Қазақстан тарихы» пәні бойынша

ашық сабақ

Тақырыбы: Қазақ халқының жоңғар шабуылдаушыларына қарсы азаттық үшін күресі.


Өткізу күні: 2015 жылғы 19 қаңтар

Өткізу уақыты: 10.10

Өткізу орны: №5 кабинет

Курс, топ: I курс, К – 71 тобы

Әзірлеп, өткізген: Хамиева Дарига Омирбаевна – екінші санатты жалпы білім беретін пәндер оқытушысы.
Сабақтың өзіндік талдауы

Аталған сабақ 1 курс білім алушыларымен К 1-71 тобымен өткізілді, пән бойынша білімділік жоғары деңгейге ие болды. Тапсырмалар оқушылардың жеке қабілеттері мен қызығушылықтарына сәйкес берілді. Сабаққа дайындалу кезінде оқушылардың жас, жеке ерекшеліктері есепке алынды:



  • осы пәнді оқуға деген жоғары қызығушылық болды;

  • жалпы оқу икемдері мен дағыдалары жеткілікті деңгейде дамытылды;

  • тарихи терминдер мен түсініктерді игеруге жақсы әлеуетті мүмкіндіктер;

  • мәселеллі оқыту технологиясын ынталандыратын жеткілікті жоғары мотивация.

Өткізілген сабақ «XVII- XX ғасырлардағы қазақ халқының ұлттық-азаттық, батырлық күресі» бөліміндегі бірінші сабақ болып табылады.

Сабақ оқушылардың өздері, оқытушы дайындаған мультимедиялық қолдаумен әрленді.

Типі бойынша - бұл компьютерлік қолдаумен, мәселелі оқытудың элементтерін пайдаланумен жаңа материалды оқу сабағы.

Сабақтың мақсаттары:




  • Білімділік – жоңғар шапқыншылығының себептері, масштабтары, сипаттамасы, зардаптары туралы оқушыларға білімді қалыптастыру.

  • Дамытушылық – өздік жұмыс дағдысын дамыту, тарихи оқиғаларды бағалау, оқу материалының мамұнын талдау жұмыстарын жалғастыру, тарихи картамен жұмыс, жалпылау, қорытынды шығару.

  • Тәрбиелік – жоңғар шапқыншылықтарына қарсы қазақ халқының батырлық күресіне оқушылардың құрметін баулу, отанға деген махаббатты, жоғары азаматталық пен патриоттылықты тәрбиелеу; көптілді меңгерген тұлғаны қалыптастыру.

  • Әдістемелік – мәселелі оқыту кезіндегі сабақта ақпараттық, дидактикалық құралдарды тиімді қолдануды анықтау.

Сабақ басында мәселелі сұрақты қою білім алушыларға өздігімен сабақ мақсатын анықтауға көмектесті.

Білім алушылардың қызметін ұйымдастыру үшін сабақта білім алушылармен жұмыстың түрлі формаларын қолдандым:



  • ұжымдық (көптілділікке тапсырма)

  • топтық (топтардағы тапсырма)

  • жұптағы жұмыс (деңгейлік тапсырмалар)

  • жеке (хабарлама, тест тапсырмалары).

Білім алушылардың білімді, икем мен дағдыларды игерулерін бақылау білім алушылардың өздік және өзара бақылау, мұғалім тарапынан білім алушыларды бақылау әдістері арқылы жүзеге асырылады.

Сабақтың тәрбие функциясы іске асырылды – патриоттық сезімін тәрбиелеу, қазақтардың тарихына деген құрмет.

Денсаулық сақтау мақсатында сергіту сәті болды, ал көптілділікті дамытуды жүзеге асыру үшңн қазақ, ағылшын және неміс тілдерінде тақырыптың негізгі оқиғалары дыбысталды, «Елім-ай» әні қазақ тілінде шырқалды.

Сабақ оқушылардың белсенді танымдық қызметін оңтайлы ұйымдастыру үшін қажетті ырғақта өтті. Сабақ бір-бірімен байланысты.



Сабақтағы психологиялық ахуал достықпен, теңдікпен сипатталды.
Мен сабақ нәтижесін жақсы деп бағалаймын. Қойылған межелер мен сабақ жоспарын жүзеге асыру қолдан келді. Сабақтағы білім сапасы 100 %-ды құрады.

Оқытушы Хамиева Д.О.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет