Сабақ тақырыбы: Қазақ тiлiн оқытудың өзiндiк ұстанымдары 1тапсырманы таба алмадым



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі18,7 Kb.
#83850
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
3 практикалық сабақ оку
Қаз әдебиет оқыту әд. СӨЖ

3 практикалық сабақ тақырыбы: Қазақ тiлiн оқытудың өзiндiк ұстанымдары
1тапсырманы таба алмадым
2-тапсырма
7-сынып оқулығына арналған бағдарламаны талдап, өзіндiк тұжырым жасаңыз.
7-сыныпқа арналған "Қазақ тілі" пәнінің базалық білім мазмұны:
1) тыңдалым және айтылым:
мәтін негізінде оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау, әлеуметтік-
қоғамдық, оқу-еңбек тақырыптарына байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, пікірталас, жаңалық, ән, көркем әдеби шығармалардан үзінді) автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдау, факті мен көзқарасты ажырату, дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтау, дәлелді жауап беру, салыстыру, талқылау, коммуникативтік жағдаятқа сайкөркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақалмәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай білу; 2) оқылым:
мәтіндік және графиктік ақпаратты интерпретациялау, тілдік құралдар арқылы публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін тану, хроника, хабар, очерктердің және кеңсе құжаттарының қызметтік жазбалардың құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату, мәтіннің тақырыбын, құрылымын, мақсатты аудиториясын, тілдік ерекшеліктерін талдау, мәтін негізінде проблемалық сұрақтар құрастыра білу, комментарий жасау, іріктеп оқу, зерттеп оқу, сілтеме жасау; 3) жазылым:
күрделі жоспар құру, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазу, графиктік мәтін түрінде берілген процесті сипаттап жазу, дискуссивті эссе жазу, жинақы мәтін жазу, мәтін негізінде лексикалық түзетулер енгізу, редакциялау;
4) әдеби тіл нормалары:
орфографиялық норма: жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу; орфоэпиялық норма: сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану;
лексикалық норма: фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану;
грамматикалық норма: есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлері, еліктеу сөздер, шылау түрлері, одағай, оқшау сөздер; пунктуациялық норма: сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін (даралаушы және ерекшелеуші) дұрыс қолдану.
Бағдарлама барлық бөлім тапсырмаларын қамтиды, оқу мақсаттарына сай келеді. Күнтізбелік тақырыптық жоспар жасауда жеңілдіктер туғыза отыра , оқушының меңгеру керек білім қорын қамтамасыз етеді. 7 сыныпты оқу барысында оқушыға лексикалық тақырып пен граматикалық тақырыпты біріктіре отырып оқыта алу мүмкіндігі туады. Ақыл-ойының дамуы мен тәрбиеленуі ұштастық таба алатын тақырыптар кездеседі.Ана тіліне деген қызығушылықтарын арттыра аламыз. Тілдік проблемаларды өздері шеше алатындай дәрежеде үйретуге болады.
3-тапсырма
Сабақты өту барысында қандай көрнекі құралдарды пайдаланған ұтымды, бірнеше түрін ұсыныңыз.
Көрнекі құралдар арқылы жазбаша тілін дамыта оқытуда оқушылардың тілді игерудегі тәжірбиелік дағдысы, психологиялық жас ерекшеліктері басшылыққа алынады. Яғни тілдің грамматикалық құрылысын таныту, меңгерту балалардың жалпы дамуымен байланыстыра қалыптастырылады.
Қазақ тілі сабақтарында көрнекіліктің мына түрлері жиі қолданылады: графикалық көрнекіліктер (схемалар, кестелер, диаграммалар), бейнелеу кұралдары (фото, картиналар, суреттер, кино), табиғи (зат пен құбылыстың өзін немесе олардың суретін көрсету) және түрі көлемдік (географиялық фигуралар) құралдар. Осылардың ішінде ең жиі қолданылатыны - кестелер.
Кестелер мазмұны жағынан: грамматикалық, фонетикалық, орфографиялық,пунктуациялық, лексикалық болып бөлінеді. Кестелер бір ережеге арналуы да, жинақтау түрінде берілуі де мүмкін, соңғысында бірнеше тақырып немесе ереже қамтылады.

Сабақта оқушыларды сөйлеуге (ауызша,жазбаша) ынтасын арттыратын түрткінің бірі - сурет. Егер сурет эстетикалық талапқа сай ашық та айқын орындалған болса, оның тақырыбымен салынған бейнелер бағдарлама талап еткен грамматикалық форма мен құрылымдарға сай болып келсе, тіл дамыту жұмысында ойдағыдай нәтиже береді. Осы талаптарға сай қазақ тілі материалдарын терең меңгертуге, тілін дамытуға арналған көрнекі құралдарының түрі үлестірмелі суретті картиналар. Мұнда материал тақырыбына сай зат немесе құбылыстың бейнесі, сонымен бірге белгілі бір сөздің мағынасын анықтап, оны дұрыс та дәл қолдану дағдыларын қалыптастыруға, оқушының сөздік қорын байытуға байланысты тапсырмалар енеді. Картинада берілген сұрақ тек лексикада ғана емес, сонымен бірге тіл білімінің басқа да салаларынан болуы ықтимал.
Мысалы, «етістік» тақырыбын өткенде жаттығу жұмыстарының барысында сурет - картинада «ұшыру» және "ұшу" етістіктерінің мағынасын ашады, суреттегі телефон арқылы ұшақпен ойнап тұрған балалардың диологына келтірілген етістіктерді қатыстырып сөйлем құрау тапсырылады.

Оқушыларға әңгіме айту қажеттілігін тудыруға түрткі болатын кинофильм. Оның өзіне тән ерекшелігі: сюжеттік мен кейіпкердің сөйлеу мүмкіншілігі және музыкалық көрнекіліктің бірі құрылысы сүйемелдеуіне байланысты көрінеді.
Берілген тапсырма белгілі бір кезеңдегі тілдік дағдының қалыптасуына сай беріледі, сондықтан оқушылардың қолы жеткен шығармашылық деңгейі үнемі мұғалімнің жоғары талабына орайлас болғанда ғана ауызша сөйлеуде


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет