Сөж пән: Қазіргі қазақ әдебиетінің оқыту әдістемесі Тақырыбы



Дата07.02.2022
өлшемі18,63 Kb.
#83849
Байланысты:
Қаз әдебиет оқыту әд. СӨЖ
3 практикалық сабақ оку

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

СӨЖ
Пән: Қазіргі қазақ әдебиетінің оқыту әдістемесі
Тақырыбы: «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәні бойынша еңбектер картотека түзу, оқу-тәрбие жұмысына қатысты ұғымдардың глосарий

Орындаған: Серікбосын Гүлзат. 5В011700-мамандығы, 3-курс, 304-топ
Қабылдаған: аға оқытушы Құттыбаев.Ш

Алматы
2020 жыл

«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәні бойынша еңбектер картотека түзу, оқу-тәрбие жұмысына қатысты ұғымдардың глосарий.


Методология – зерттеу, әдіс, ілім деген сөздерден алынған термин

Аударма - әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге көшіріліп қайта жасалуыбасқа тілде түпнұсқа негізінде жазылған көркем туынды.

Аңдату – (грек тілінен – алғы сөз) - әдеби шығарманың беташары секілді, негізгі уақиғаға тікелей қатынасы жоқ кіріспе бөлігі

Әдебиет теориясы - әдеби шығармашылығының табиғаты мен қоғамдық қызметін зерттейтін және оны талдаудың методологиясы мен методикасын айқындайтын әдебиет жөніндегі ғылымның негізгі салаларының бірі.

Бейнелеу құралдары - әдебиетте көбінесе бұл ұғым сөз қолдану тәсілдері, бейнелі сөздер, мысалы, жалпы түрде құбылту деп аталатын метафора, метонимия, әсірелеу, тұспалдау, астарлау, теңеу, эпитет және стильдік айшықтар, дыбыстық қайталамалар деген мағынада қолданылады.

Дидактикалық әдебиет (грек тілінен үлгілі, өнегелі, ғибратты) ғылыми-танымдық сипатта түзілген көркем шығармалар

Драма (грек тілінен қимыл-әрекет) - сахнаға арналған уақиғаны, оған қатысушы кейіпкерлердің іс-әрекетін, көңіл-күйін көрсету арқылы баяндайтын әдеби шығармалар.

Ерікті өлең – қалыптасқан өлең өлшемін берік сақтамай, тармақтардың ырғағын еркін өрнектейтін өлең түрі

Жыр – қазақ халық поэзиясының жанрлық түрі, түпкі, негізгі мағынасында өлеңмен баяндалатын, жырлап айтатын уақиғалы, көлемді поэзиялық шығарма (батырлық жырлар, эпостық ғашықтық жырлар)

Идея - әдебиет шығармасында өмірдегі жай-жағдайлар, адам тағдыры баяндалғанда, суреттелгенде жазушының сөз болып отырған мәселелерге қатынасы, көзқарасы

Кейіптеу (олицетворение) - әр түрлі табиғат құбылыстарына, жансыз нәрселерді адам кейпіне келтіріп немесе қалайда жан бітіргендей етіп суреттейтін көркемдік тәсіл

Лирика – көркем әдебиеттің негізгі саласының, жанрының бірі, басты ерекшелігі – адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікелей бейнелеп көрсетеді.

Меңзеу (синекдоха) – аз бен көпті, үлкен мен кішіні ауыстырып, немесе, бүтіннің орнына бөлшекті айту, жекше ұғымның орнына көпше ұғымды алу, алмастыру.

Монография – белгілі бір тақырыпта жазылған, мәселені тереңдеп ашатын ғылыми-зерттеу еңбек

Мысал – айтылатын өнегелі ойды тұспалдап жеткізетін, көбіне өлең түрінде келетін, сюжетті, шағын көлемді көркем шығарма

Новелла – көлемі жағынан әңгімеге теңдес прозалық шығарма, кейде өлеңмен жазылады.

Өмірбаяндық әдіс – жазушының шығармашылығын жеке өмірлік тәжірибесінің көрінісі ретінде қарастырып, оны шығармашылығындағы өзекті мәселе етіп қоятын зерттеу тәсілі.

Пейзаж (франц. – ел, жер) - әдеби шығармадағы жаратылыстың, яки табиғаттың әсем көрінісі, көркем бейнесі.

Повесть (орыс тілінен баяндау) – оқиғаны баяндап айтуға негізделетін қарасөзбен жазылған, көлемді шығарма, эпикалық жанрдың орташа түрі.

Портрет (француз тілінен бейнеленген ) - әдеби кейіпкердің сырт көрінісін, кескін-кейпін, бой-тұлғасын суреттеу.

Рецензия (латын тілінен - қарастыру, тексеру) – көркем өнер немесе әдебиет сынының жанры, көркем шығарманы талдап, баға беру, пікір қорыту.

Роман (орта ғасырларда латын тілінде емес, роман тілдерінде жазылған шығарма осылай аталған) – сюжеттік құрылымы күрделі, көп желілі, кең тынысты, кейіпкер бейнесін ол өмір сүрген уақыт, ол тірлік кешкен орта ауқымында, жан-жақты мүсіндейтін, басқа прозалық жанрларға қарағанда ұзақ уақытты, байтақ кеңістікті қамтитын көлемді эпикалық шығарма..

Технология - білімдік ақпараттарды толықтырып, өңдеп, өзгертіп ұсынудың элістері мен құралдарының жиынтығын, қажетті құралдарды оқу үрдісінде тиімді пайдалана отырып, оқушыларға жеткізе білудің тэсілдері туралы ғылым.

Инновация - педагогикалық категория ретінде жаңғырту, жаңарту түсінігін береді. Инновация - жаңаша ойлаудың жолы болғандықтан, оқытудың жаңа мазмүндағы түрі.

Инновациялық әдістеме - инновациялық эдіс-тэсілдер мен дидактикалық қүралдарды қолдану арқылы білім негіздерін меңгертудің сипатын жаңа технологиялармен толтыруға, өзгертуге бағытталған.

Модуль - дидактикалық жетісітіктерге жету үшін алдында мақсаты, өзіндік іс-әрекетінің бағдарламасы, жетекшілік әдістемелік жүйесі бар аяқталған ақпарат блогі.

Модуль - оқу үрдісінің өзгеруіне байланысты үнемі толықтырылып, өзгертіліп, түрлендіріліп отыратын іріленген мазмүнды дидактикалық бірлік. Модульдік оқу - білім мазмүнын әр қырынан жетілдірудің, үйымдастырудың қүралы мен әдісі.

Мәнерлеп оқу дегеніміз - дауыс интонациясы арқылы автордың ойын білдіру,мазмұндық ой екпінін дүрыс қоя білу, ақырында оқығанды түсініп,кейіпкердің көңіл-күйін сезіне оқи білу.

Интонация дегеніміз - сөйлеу сазы. Ол сөйлеудің ритмі мен үнін,дауыстың бірде жоғарылап,бірде төмендеуін білдіреді.Интонация мына элементтерден түрады: өз бен ой екпіні,сөйлеу қарқыны, ритмі(ырғағы), пауза(кідіріс),сазы. Тіркес екпін( фразалық екпін) - сөйлем ішіндегі сөздердің бір-бірімен байланысу тэсілдеріне байланысты қойылатын синтаксистік объектісі. Логикалық екпін - айтылған сөйлемдегі ойдың мазмүн-мағынасына қарай сөйлемдегі бір сөзге мағыналық ,яғни логикалық екпін түседі.Ол басқа сөздерге қарағанда сәл ерекшелеу оқылады.Дауыс сазы арқылы аңғартады.



Эмфазалық екпін-сөз ішінде дауысты дыбысты созып ,созыңқырап оқу арқылы сан алуан көңіл күйін қүбылысын беретін жағдайды айтамыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет