Сабақ Тақырыбы: «Қазыбек би мен Бұқар жырау»



Дата05.06.2017
өлшемі25,39 Kb.
#18224
түріСабақ
Е.Ш.Орақбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп

Ашық сабақ

Тақырыбы: «Қазыбек би мен Бұқар жырау»

Өткізген: С.Е.Сейтқалиева

2012-2013 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Қазыбек би мен Бұқар жырау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Шешендік сөздер терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр логикаға құрылуымен, тәрбиелік мәнімен ерекшеленеді, халықтың философиялық көзқарасын көрсетеді.

Дамытушылық: Оқушыларды өз бетімен ізденуге, пікірін ашық айта білуге, шығармашылыққа бағыттау.

Тәрбиелік: Қазақтың шешендік сөздері – адамдардың арасындағы адами қарым-қатынас, имандылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелейді. Халық қазынасының тәрбиелік мәні бар аталы сөздерін оқушы зердесіне салып, халық дәстүрін қадірлеп, қасиетіне жетуге баулу.

Сабақтың түрі: аралас, білімді бекіту сабағы.

Сабақтың әдісі: ұжымдық оқыту технологиясы, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Қазыбек би, Бұқар жырау портреттері, слайд топтамалары, интерактивті тақта, бейнелі суреттер, семантикалық карта, ББҮ кестесі.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, бейнелеу өнері, шешендік өнер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру барысы:

Амандасу, сабаққа әзірлікті қадағалау, оқушыларға сабақтың мақсаты мен міндетін таныстыру, сабаққа психологиялық дайындық.

а) Үй тапсырмасын сұрау.

«Ұят пен ар қымбат» тақырыбына жазылған ойтолғауларын оқып талдау.

ІІ. Жаңа сабақ.

Ой шақыру, қызығушылықты ояту сатысы. Слайд көрсетілімі. №1 кесте.



  1. «Қаз дауысты Қазыбек би ». Өмірінен мәлімет беру. Реферат жұмысы. Оқитын: Дәулеткереева Бибінұр.

  2. «Бұқар жырау және оның заманы». Реферат жұмысы. Оқитын: Мақсотова Мөлдір.

Оқулықтан «Қазыбек би мен Бұқар жырау» мәтінінің мазмұнымен танысу.

Сөздік жұмысын жүргізу.

«Жаман» сөзінің мағынасын ашып, топтастыру.

Семантикалық картамен жұмыс.

ББҮ кестесімен жұмыс.

Әр топ шешендік сөздердің мазмұнын айтып береді.

«Түртіп алу» стратегиясы.

Интерактивті тақтаға мәтіннен үзінді берілді.

Орта жүз биі Қазыбек Келдібекұлы 14 жасында ел дауына араласады. Үш биде Тәуке ханның «Жеті жарғысын» жасауға көмектескен. Халық арасында «Қазыбек қазып айтады» деген бар.

Мағынаны ажырату сатысы.



  1. «Қазыбек пен Қоңтажы» шешендік сөз. Оқитын: Мәжитов Әділет.

  2. «Кім зерек?» танымдық сайысында, мақал-мәтелдерді толықтыруда үш тілде жауап береді.

Қорытынды ой-түйін. «Аталар сөзі – ақылдың көзі» ой толғау жазу тапсырылады. Слайд көрсетілімі (№3 сурет бойынша).

Оқушы білімін бағалау.



Үйге тапсырма беру.

  1. «Ашу – дұшпан, ақыл – дос, ақылыңа ақыл қос»

  2. «Шешендік сөз - сөздер падишасы» таңдаған тақырып бойынша шығарма жазу тапсырылады.

Каталог: images
images -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет