Сабақ тақырыбы: Б. Момышұлы. Ұшқан ұя Жалпы мақсат



Дата05.06.2017
өлшемі58.64 Kb.
түріСабақ
Шымкент қаласы №23 мектеп-лицейі
Ашық сабақ

Тақырыбы: Ұшқан ұя. Бауыржан Момышұлы.

4 «ж» сынып мұғалімі:

Абильдаева Шолпан Касымбековна


Шымкент 2016 жыл
Сабақ тақырыбы: Б.Момышұлы. Ұшқан ұя

Жалпы мақсат:

Білімділік. Оқушыларды Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» әңгімесімен таныстыру. Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту.
Б. Момышұлы туралы мәлімет беру.
Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

Жаңа тақырыптың меңгереді. Адамгершілік, ізгілік қасиеттерін бала бойына ұялайды.

Бауыржан Момышұлының ерліктерін әңгімелей отырып ерлікке, батылдыққа, отансүйгіштікке тәрбие алады.
Ортақ шешімге келеді. Бірін-бірі шыдамдылықпен тыңдайды.Өз ойларын еркін жеткізеді.

Сабақтың барысы

Психологиялық дайындық

Сабағамыздың басында көңіл-күйіміз көтеріңкі болу үшін өзіміздің бойымыздағы жақсы қасиеттерімізді айтып өтейік. Әр оқушы өзінің есіміне сын есім тіркеп айтады.(байсалды Бекбол, дарынды Дилназ, жайдарлы Жанна, ақылды Аяжан)


Сыныпты топқа бөлу.

1-топ «Баба» тобы

1-топ «Ата» тобы

2-топ «Әке» тобы,

3-топ «бала» тобы.
Үй тапсырмасын сұрау: «Фишбоун» әдісі бойынша

1 топ: Басы: Үйге берілген тапсырма

- Мәтін авторы кім?

- Мәтіннің негізгі идеясы;

- М.Әуезовтың кішіпейілділігі неден байқалады?



2топ:Басы: Жұбан Молдағалиев кім?

-Өмір сүрген жылдары;

-Туып өскен жері;

-Шығармалары.



3 топ: Басы: Мәтіннің бас кейіпкері кім?

- Мәтіннен кейіпкер портретін тауып оқы.

- Ұлы жазушының адам мінезі туралы айтқан нақыл сөзі;

-М. Әуезовтың ауыз әдебиеті туралы айтқан сөзі. 1.



4 топ: Басы: Кішіпейілділік ұғымын қалай түсінесің?

- Кішіпейіл адамды қалай танисың?

- Кішіпейілділікке қарама-қарсы мінез туралы айт.

- Сен өзіңді кішіпейілмін деп санайсың ба?


-Үй жұмысын қорытындылау мақсатында тақырыпқа сай мақал –мәтел айтайық.

Мақал-мәтел

  • Ұлық болсаң, кішік бол.

  • Кішіпейіл болғаннан, кішірейіп қалмайсың.

  • Кішіпейілділік – кішілік емес, кісілік

  • Кішіпейілділік - кісінің көркі.

  • Әдепті бала жол сілтейді

Әдепсіз бала қол сілтейді.

  • Кішілік пен кісілік – ұлылықтың белгісі.

  • Жасанды кішіпейілділік – жақсы қасиет емес.

  • Кішіпейілдің абыройы асады,

Тәкәппардың құты қашады

  • Кішіпейілділік кішілік емес, кісілік қасиет.

  • Кешірімділік — анадан,

Кішіпейілділік — данадан.
«Қызығушылықты ояту» Видео

- Балалар, мына бейнероликтен біз кімді таныдық.

Бауыржан Момышұлы өмірі жайында түсінік беру.



Отан, туған жер, ата мекен адам баласы үшін орны бөлек қасиетті ұғымдар. . Ол біз бүгін ғана ашқан жаңалық емес. Кімге де болса кіндік қаны тамған жер әрдайым ыстық. Ақын туған жерін жырына қосады, сазгер ғаламат әуенге арқау етсе, батыр сол жер үшін басын бәйгеге тігіп қорғайды. Ал Бауыржан Момышұлы болса сол туған отаны үшін жан алып жан беріскен соғысқа қатысты, туған жеріне жау аяғы тимесін деп талай жылын қан майданда өткізді. Өзінің азаматтық парызын абыроймен орындап шықты.

Б.Момышұлы 1910 жылдың 24-желтоқсанында Жамбыл облысы,Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген. Анасы Рәзия ерте қайтыс болғандықтан, Бауыржан үш жасынан бастап Қызтумас әжесінің тәрбиесімен өсіп-жетіледі.Әлемнің пайда болуы, тірлік дамуы,адамзаттың шығуы, өмір жайлы жан баурайтын аңыздар мен ертегілерді, ненің жақсы, ненің жаман екенін де ол ең алғаш әжесінен естіп біледі.Бауыржан өзінің «Ұшқан ұясында»: «Әрине, ол кезде мен де өзге сәбилер сияқты әжем айтқан ертегі мен ааңыздардың түпкі байыбына бара бермейтінмін. Енді ойласам мен сол әңгімелерден адамзат өресінің өрісін тани берген екем ғой ... » деп құрметпен еске алған.

Бауыржан Момышұлы – аты аңызға айналған ұлы тұлға, жаужүрек батыр, даңқты қолбасшы, қарымды қаламгер.

1970 – 75 жылдары оның « Ұшқан ұя » кітабы жарық көрді. Бұл кітапта ол өзінің балалық шағынан сыр шертеді.

Адамгершілік принциптерге тұнып тұрған «Ұшқан ұяда» қаламгер отбасы, бала тәрбиесі, ұлттық дәстүр сынды асыл қасиеттер адам өміріне әсер ететін негізгі факторлар екендігін атап көрсетеді.

- Бүгінгі сабағымызда – осы Бауыржан Момышұлының « Ұшқан ұя » әңгімесімен танысамыз
Жаңа сабақ:

Оқулықпен жұмыс. «Ұшқан ұя»

Мәтін 4 бөлімге бөлініп беріледі. Әр топ өз бөлімін оқып шығады.

1 бөлім: аққұба аруларды айттыруға ынтық болған. Деген жерге дейін

2 Бөлім: әкемнің әңгімелерінен ғана білемін.

3 бөлім: әкеме де хабаршы жіберіпті. Деген жерге дейін

4-бөлім: соңына дейін.


Сөздік жұмыс

Айттыру – құда түсіп, қыз алып беру.

Баба – арғы ата.

Бата жөні өзіңдікі – батаны өзің бергенің жөн.
Шығарма кімнің атынан баяндалған?
Мәтінді «Интервью» әдісі арқылы мазмұндау.

Топтық тапсырма:
1- топтың тапсырмасы:

- Мәтіннен қазақ халқының қандай салт дәстүрін байқадың? Сол туралы айт.

- Мәтіндегі «бата беру жөні» туралы қариялар сөзінен не байқадың?

- Имаш бабасының бата бергенін сахналап беріңдер.



2 -топтың тапсырмасы: Топтастыру

Бауыржан кім?

Халық Қаһарманы батыр

Қолбасшы генерал


Бауыржан

Әжесі Қызтумас атасы Имаш

Анасы Рәзия әкесі Момыш

И Жазушы



3-топтың тапсырмасы: ЭССЕ. «Ұяңда не көрсең ұшқанда соны ілерсің».

4 топтың тапсырмасы Бес жолды өлең стратегиясы

  1. Кім? _______________

  1. Қандай? _______ , ______ .

  2. Не істеді? _______ , ______ , _______ .

  3. Сөйлем ________ _______ _______ _______ .

5. Синоним ________________
Топтық жұмысты бағалау: «екі жұлдыз, бір тілек»
Қорытындылау: Авторға сұрақ
Үйге тапсырма: «Батырдың сағынышты әңгімесі» атты тақырыпта эссе жазу. Мәтінді түсініп оқу.
Каталог: uploads -> doc -> 128a
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
128a -> Сабақтың тақырыбы: «Квадрат теңдеуді шешудің әдістері»
128a -> Сабақтың атауы Фенолдар, изомері, алынуы, қасиеттері. Күні 02. 03. 2015 Сілтеме


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет