Сабақ тақырыбы: «Бағдаршам»



Дата24.04.2024
өлшемі19,22 Kb.
#201302
түріСабақ
Байланысты:
26 Робот
иассауи тәрбие сағаты

Күні:26.04.24 Пәні: «Робот техникасы» факультатив Пән мұғалімі: Г.Жиембаева

Сабақ тақырыбы:

«Бағдаршам» жобасы және берілген тапсырмалар бойынша командалық жұмыс.

Жалпы мақсаты:

▪ Бағдаршам жобасымен танысу.
Берілген тапсырма бойынша командалық тапсырма көмегімен тапсырма орындау.
▪ Білімдерін еске түсіріп анықтай білу, алған білімдерін қолдана білу, талдау, жинақтай білу дағдыларын дамыту. Сыни тұрғыдан ойлану дағдыларын жетілдіру.
▪ Өз ортасында білімді ұсыныс жасай білуге, өзін, өз сыныптастарын обьективті бағалай алуға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

▪ Бағдаршам жобасы бойынша жұмыс жасайды.
Командалық жұмыс болады.
▪ Бөлшектерді пайдалануда ресурс материалдарын тиімді қолданады.
▪ Білім беру Роботын құрастыруды тәжірбиеден өткізеді, нәтижесін зерделейді, салыстыра алады, пайымдайды.
▪ Негізгі үлгісін құрастыру жолдарын дамытады.
▪ Уақытпен жұмыс жасауға дағдыланады.

Негізгі идея:

Бағдаршам жобасы

Сабақ жоспары:

Уақыты

Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушының іс әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Топқа бөліну





    1. Амандасу.

    2. Психологиялық ахуал туғызу (ынтымақтастық атмосферасын құру) мақсатында оқушы ойын сабаққа бағыттау

    3. Топ ережесін еске түсіру

1.4 Тренинг барысы:.
«Кім жылдам......» ойынын ойнаймыз.
- Сіздер бүгін жақсы көңіл-күймен жаңа білім алуға келдіңіздер ме?;
- Сабаққа белсене қатысуға дайынбыз ба?
- Робот құрастыруға дайынбыз ба?
Топқа бөлу. Топқа бөлу үшін қажетті робаттардың суреті арқылы бөлінеді. 1-топ 2-топ 3 топ
Дәптерге күнді жаздыру.
Бағалау тәсілімен таныстыру.
Әр стратегиядан кейін бағалап отыруды сұраймын.

Мұғаліммен амандасады, кезекші жоқ оқушыларды айтады оқу құралдарын дайындайды.
Оқушылар қол соғады.
Берілген суреттер бойынша 3 топқа бөлінеді, топ басшысын сайлайды.
Бағалау критерийлерімен танысады



Үй тапсырмасын тексеру

«Ыстық орындық» әдісі бойынша өткен тақырыпқа шолу.

Өткен тақырыпты еске түсіріп, қысқаша шолу жасайды.

Жаңа білімді игеру



Ой шақырту:
Балалар, сіздердің назарларыңызға келесі видеороликті көріп, бүгінгі тақырыбымызды айқындасақ! (видеоролик қосылады)
Жаңа сабақ тақырыбы айқындалады.

Бейнеролик бойынша өз ойларын айтады.

Жаңа сабақты түсінгенін тексеру



Топқа тапсырма беріледі.
Топпен ақылдаса отырып, командалық жұмыс орындайды, оны қорғау.(қалай жасалынды, қызметі)

Топ мүшелерімен ақылдаса отырып тапсырманы орындайды.

Бекіту кезеңі



Үлестірме парақтар арқылы топқа тест тапсырмасы беріледі. Тест жұмысы арнайы дайындалған жауап парағы арқылы тексеріледі.

Оқушылар топпен ақылдаса отырып, берілген тапсырманы орындайды.

«Қорытындылау»

«Сұрақ саған, жауап маған»
Бағдаршам жобасы деген не? Командалық жұмыс қалай жүзеге асырылады?
Біз қалай пайдаланамыз?Топпен «Бағдаршам» жобасын жасау қиынға соқты ма?

Оқушылар сыни тұрғыдан ойлана отырып сұрақтарға жауап береді.

Үй тапсырмасы



«Бағдаршам» жобасымен қосымша ақпараттар көмегімен дайындалып келу.

Оқушылар үй тапсырмасын дәптерлеріне орындап келеді.

Рефлексия

«Екі жұлдыз, бір тілек» Оқушылар сабақ бойынша өз ойларын, ұсыныстарын жазады.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет