Сабақ Тақырыбы: Бала денсаулығын басқарудың жеке жоспарын әзірлеу бойынша шешім қабылдаудағы клиникалық-диагностикалық шарттары



бет1/3
Дата12.12.2023
өлшемі476,61 Kb.
#196536
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
№4 сим сабақ 2
Мақпал, ОТЧЕТ Абу Қанағат 1.0, бетон, №9 ауд сабақ, №6 сим сабақ, №6 сим сабақ 2, №4 сим сабақ, python


№4 симуляциялық сабақ
Тақырыбы: Бала денсаулығын басқарудың жеке жоспарын әзірлеу бойынша шешім қабылдаудағы клиникалық-диагностикалық шарттары
Оқытушы: Көшкінбаева М.Т.
Шымкент қ. ДСБ ШЖҚ “Жоғары медицина колледжі” МКК Қолданбалы бакалавр біліктілігімен «Мейіргер ісі - 2” бөлімі
Бала денсаулығын қорғауға арналған шаралар тиімділігінің негізгі көрсеткіші баланың денсаулығы болып табылады. Ерте жастағы балалардың «денсаулық» ұғымы – дәл осы сәттегі ауру мен зақымдану жоқтығы ғана емес, бұл детерминирленген факторлар (генетикалық, эмбриологиялық, постнатальды, социальды), көрсеткіштер (физикалық және нервті-психикалық даму, функционалды жағдайы және резистенттілік, аурушаңдық) жиынтығын түзуші денсаулық деңгейі.
Денсаулық жағдайының бағасы: сау, шекаралық жағдай- қауіп тобы немесе ауру.
Денсаулық жағдайын әрбір қарау кезінде педиатр 5 негізгі белгілері бойынша бағалайды:
- анамнезінде ауытқулар бар немесе жоқ (тұқым қуалаушылық, биологиялық, социалды) - жүйелер мен ағзалардың функционалды жағдайы - ағза резистенттілігі мен реактивтілігі - физикалық және нервті-психикалық дамудың деңгейі мен гормониясы - созылмалы ауруы және туа пайда болған патологиясының бар жоқтығы.
Анте-, интра- немесе ерте постнатальды кезеңде бұзылыстар бар
жоқтығының белгілері.
Ата-анасынан отбасының кем дегенде 3 ұрпақта туу жайлы шежіресін жинау әдісі(генеалогиялық анамнез), даму тарихы, анықтамалар қағаздарындағы ақпараттарды көшіріп алу әдісі арқылы. Биологиялық және әлеуметтік анамнез жинайды. Биологиялық – жүктілік ағымы, 1-2 үштіктегі токсикоздар, түсік қаупі, жүктілік кезіндегі анасының аурулары, бала табу кезіндегі анасының жасы 18 кіші немесе 30 асқан, ұзаққа созылған немесе тез босану, сусыз кезеңнің ұзаққа созылуы, босану кезіндегі көмек, ерте постнатальды кезең – алғашқы айғайы, Апгар межесі бойынша бағалануы, омырауға салу уақыты, кіндік бауының түсу уақыты, жаңа туған кезіндегі аурулары және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет