Сабақ тақырыбы: Баққожа Мұқай «Өмірзая» романы Сабақ негізделген оқу мақсаттары



Дата07.02.2022
өлшемі44 Kb.
#94727
түріСабақ
Байланысты:
Баққожа Мұқай «Өмірзая» романы
түркісіб теміржолы индустрияландыру, түркісіб теміржолы индустрияландыру




Мұғалімнің аты-жөні: Нурлыбаева Жанат Бердиевна
Күні: 17.11.2020
Сыныбы: 11 «А»
Пәні: Қазақ әдебиеті
І Бөлімі: Зобалаң заман шындығы
Сабақ тақырыбы: Баққожа Мұқай «Өмірзая» романы

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

11.2.2.1. – шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтау.

Сабақ нәтижесі:



Барлық оқушылар орындай алады:
Шығарма мазмұнымен танысады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
шығармадағы авторлық идеяны анықтайды.
Кейбір оқушылар орындай алады :
шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтайды.

Ресурстар

https://www.youtube.com/watch?v=bznCpu1Ryrw
https://adebiportal.kz/kz/authors/view/1802

Сабақтың жоспары

Басталуы



1-тапсырма Баққожа Мұқай өмірі мен шығармашылығынан берілген мағлұматты дәптеріңізге қысқаша конспектілеңіз.
Баққожа Мұқай өмірбаянына қысқаша шолу.
https://adebiportal.kz/kz/authors/view/1802
Мұқай Баққожа - 31 қаңтарда Алматы облысы, Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында туған. 1971 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. 1965 жылы Кеген аудандық «Коммунизм нұры» газетінде еңбек жолын бастаған. 1970–1988 жж. «Білім және еңбек», «Жұлдыз» журналдарында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет істеген. 1990–1995 жж. Мәдениет министрлігінің репертуарлық-редакциялық алқасында Бас редактор, бас басқарма бастығы болған. 1990 жылы облыстық «Қазақ тілі» қоғамын ұйымдастырып, басшылық жасады. Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының мүшесі. Бірнеше медальдармен марапатталған. «Парасат» журналының Бас редакторы болды. Ол «Жалғыз жаяу», «Өмірзая» атты романдары мен «Жаңбыр жауып тұр», «Өмір арнасы», «Аққу сазы», «Мазасыз маусым», «Дүние кезек», «Тоят түні», «Жеті желі», «Алғашқы махаббат», «Ертегідей ертеңім» атты кітаптардың авторы. Шығармалары тәжік, қырғыз, белорус, якут, татар, башқұрт, чех, орыс, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, корей тілдеріне аударылған. Орыс тілінде 1984 жылы «Водоворот», 1988 жылы «Белая птица» атты кітаптары шыққан. Оннан астам драмалық шығармалары Қазақстандағы және шет елдердегі театрларда қойылған. Бірқатар жазушылардың шығармаларын қазақ тіліне аударған.
«Қош бол, менің ертегім» пьесасы мен «Аққу сазы» хикаялар кітабы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атағы (1982), Қырғызстан Республикасының Т.Әбдімомынов атындағы әдеби сыйлығы (1995), «Өмірзая» романы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілген (2000). «Парасат» орденінің иегері (2006).

Ортасы

2-тапсырма https://www.youtube.com/watch?v=Qatg1a0QET0 Баққожа Мұқайдың «Өмірзая» романының желісі бойынша қойылған драманы көріп, мазмұнымен танысыңыз. Мазмұнын баяндап жазыңыз.
Дескриптор:

  1. Драманы көреді.

  2. Мазмұнын түсінеді.

  3. Мазмұнын баяндап жазады.

Соңы

Драмадан түйген ойым... 1-2 сөйлеммен.

Үйге тапсырма

Баққожа Мұқайдың «Өмірзая» романын оқу.

Кері байланыс

Орындаған тапсырмаларыңызды мектеп.еду платформасына жолдаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет