Сабақ тақырыбы: Барлығы өзім туралы Мен кіммін? Мектеп: Күні



бет138/153
Дата07.02.2022
өлшемі18,1 Mb.
#93756
түріСабақ
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   153
Байланысты:
Дүниетану ҚМЖ

Таңғажайып апорт алмасы. Апорт – бұл алманың бірегей сұрыбы. Ол халықаралық көрмелерде жоғары марапатқа ие болды. Апорт Алматы қаласының нағыз нышанына айналды. Бүгінгі таңда Қазақстанда Алматы апортын өсіруді жандандыру мәселесі көтеріліп отыр. Мемлекеттің қолдауымен бұл алма сұрыбын қайта жандандыру жөніндегі ғылыми бағдарлама жасалды.

Бұл сабақты саяхат түрінде өткізуге болады. Оқушыларға саяхат жасау үшін бірнеше сұраққа жауап беру қажет екенін ескертіңіз. Содан кейін өткен сабақпен байланыстырып, мынадай сұрақтар қоя аласыз:
«Қазақстанда өндірілетін қандай тағам түрлерін білесің?»
«Оларды кімдер өндіреді?» «Қандай елді мекенде, қандай қалаларда тағам
өнімдерін шығаратын кәсіпорындар бар?»
Жауабы: Нан өнімдері, сүт және ет өнімдері, қант және т.б.
Зауыттар мен комбинаттардың жұмыскерлері. Қазақстанның барлық облыс орталықтарында.
Оқушылардың жауаптарын тыңдаңыз. Бүгінгі сабақ елімізде жасалатын тағам түрлері туралы болатынын айтыңыз. Тағам түрлерін өндіретін өңірлерге саяхат жасайтынын хабарлаңыз. Оқушылардан тақтада ілулі тұрған Қазақстан картасының төрт тұсын көрсетуін сұраңыз. Олар өткен тақырыпты естеріне түсіріп, картадан Оңтүстік, Солтүстік, Батыс, Шығысты көрсетеді. Алдымен жаңа сөздерді түсіндіруден бастаңыз. Бұл кезде оқушыларды әр аймақтың атауы бойынша төрт топқа бөліп алуыңызға болады.
Еліміздегі тамақ өндірісі. Оқушылар өздері білетін ақпараттарын ортаға салып, сұрақтарға толық және дұрыс жауап беруі үшін сабақты тірек сөздерді түсіндіруден бастауға болады. Өндіріс – кез келген пайдаланатын заттарды жасап шығаратын орын, ал құрам – бір бүтін нәрсенің барлық бөлшектерінің жиынтығы екенін айтыңыз. Бұл сөздердің мағынасын былайша түсіндірсеңіз болады: «Анаң саған бәліш дайындады. Анаң бәлішті жасап шығарған өндіріс орны ас үй болса, шығарылған өнімі бәліш болады», «Анаң ботқа дайындау үшін нелерді қосады? (Оқушылардың жауабын тыңдаңыз.) Осы атаған заттардың барлығы ботқаның құрамы деп аталады». Бұл сөздердің үш тілдегі атауларының жазылуын интерактивті тақтада көрсетіңіз. Оқулықтағы мәтінді бір оқушыға сыныптың алдында мәнерлеп оқып беруін сұраңыз. Әр топқа Солтүстік, Оңтүстік, Шығыс, Батыс атаулары бойынша еліміздің аймақтарына зерттеу саяхатын жасауды тапсырыңыз. Оқушылар қай өңірде қандай тағам өндірілетінін анықтауы керек. Нәтижесін постерге жазуы тиіс. Бұл тапсырманы орындау үшін оқушылар оқулықтағы картаны қолданады. Интернет ресурстарын пайдалануға мүмкіндік жасауға болады. Тапсырманы орындағаннан кейін әр топ өз жұмыстарымен таныстырады. Оқушылардан жұмыстардың нәтижесіне қарай өз ойларын білдіруін сұраңыз. Оқушылармен бірге саяхат бойынша әрі қарай ауылда тұратын әжесі мен оның немересіне баратынын айтыңыз.
Ас дастарқанға қалай келді? Оқулықтағы бұл тапсырма әжесі мен немересі арасындағы аяқталмаған диалог ретінде берілген. Тапсырма
оқушы дастарқанға тағамның еңбекпен келетіндігін түсіне білуі мақсатында беріледі. Оқушылар тапсырманы жұпта рөлге бөлініп орындайды. Диалогты жалғастыра алмай отырған жұпқа қолдау көрсетіңіз. Үлгі ретінде бір жұптың тапсырманы сынып алдында орындауын сұрауыңызға болады немесе рөлдік ойын түрінде өткізе аласыз.
Мақал-мәтел. Тапсырманың тәрбиелік мәнін арттыру үшін «Еңбегің қатты болса, татқаның тәтті болар» мақалының мағынасын қалай түсінгендерін сұраңыз. Оқушылар мақалдың мағынасын топ ішінде талдасын. Оларға нәтижеге қол жеткізу үшін көп еңбек ету қажет екені туралы тұжырым жасауға көмектесіңіз.
Анықта. Бұл айдардың тапсырмасын топта орындаған дұрыс. Оқушыларға туған өлке бойынша саяхат жасаудың жалғасатынын айтыңыз. Бұл тапсырма ақпарат көздері (сурет, мәтін) арқылы сұрақтарға жауап беру дағдыларын дамытуға бағытталған. Оқушыларға өз қаласында (ауылында) орналасқан тағам өндіруші кәсіпорындардың суреттерін көрсетіңіз. Өз қалаңдағы, өңірдегі тағам өнеркәсібі кәсіпорындары туралы қосымша материалды алдын ала дайындап, әр топқа таратып беріңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   153




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет