Сабақ тақырыбы Бүтін сандар. Рационал сандар



бет1/3
Дата17.11.2022
өлшемі1,33 Mb.
#158640
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
6.10 6с
Журнал АНК-84, 13.10 6с


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
6.1А Қатынастар және пропорциялар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жақсылық Е.Ж

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Бүтін сандар. Рационал сандар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.2.9 координаталық түзуде рационал сандарды кескіндеу;
6.1.2.11 рационал сандардың ішкі жиындарын Эйлер-Венн дөңгелектері арқылы кескіндеу;

Сабақ мақсаттары

координаталық түзуде рационал сандарды кескіндейді;
рационал сандардың ішкі жиындарын Эйлер-Венн дөңгелектері арқылы кескіндейді;

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



Ұйымдастыру кезеңі.

  • Сәлемдесу.

  • Оқушылардың көңіл-күйлерін смайликтер арқылы сұрау, яғни оқушы өзінің қазіргі көңіл-күйін білдіретін смайликті таңдап, көрсету керек. Егер көңіл-күйі төмен оқушы анықталса, онда осы оқушыларды сабақ барысында ескеру керек.

  • Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар дәптерлерін сағат тілі бағытымен бір-бірлерімен алмастырып, тақтада көрсетілген жауаптар бойынша жасыл түсті қаламмен тексереді. Тексеру (+/-) арқылы жүзеге асады.

«Ой қозғау»
Жеке жұмыс. Рационал сандар жайлы өз бетімен қорытынды жасауды ұсынамын.
1-тапсырма.Тапсырманы келесі алгоритмдер бойынша орындаңыз:

  1. Кез-келген бес бүтін сан жазыңыз.

  2. Кез-келген бес натурал сан жазыңыз.

  3. Осы сандардың сәйкесінше қатынасын жазыңыз.

  4. Қандай сандар пайда болды?

Сонда келесі ұғымдарды енгізу керек.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Рационал сандар».



  • Топқа бөлу. Оқушылар мұғалім көрсеткен қағаздардың бірін таңда алады. Онда «Натурал сандар», «Бүтін сандар», «Рационал сандар» сөздері жазылған. Бірдей сөздер жазылған қағаздарды таңдаған оқушылар бір топқа жинақталады.

Қайталау.
Қайталау сұрақтарына әр топ 2 сұрақтан «Кубизм» стратегиясы бойынша жауап береді.Сұрақты алдымен топта талқылайды. Сосын әр топтан екі оқушы шығып жауап береді. Келесі топтар бағалайды.

  1. Натурал сандар дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.

  2. Қандай сандар оң сандар деп аталады? Мысал келтіріңіз.

  3. Қандай сандар теріс сандар деп аталады? Мысал келтіріңіз.

  4. Қандай сандар теріс санға да, оң санға да жатпайды?

  5. Координаталық түзу дегеніміз не?

Санақ басының оң жағындағы және сол жағындағы сандардың координаталары қандай сандар?
Білімді актуалдау үшін оқушыларға өткен білімді қайталау ретінде келесі тапсырмаларды ұсыну.

Оқушы алдымен өз бетімен орындайды, содан соң жұбымен дәптерін алмастырып тексереді. Жауап мұғаліммен бірге тексеріледі.



Ынталандыру сөздерін қолдану «жақсы», «жарайсың», «өте жақсы»



http://www.mathematics-repetition.com/tag/reshenie-zadatch-na-masshtab





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет