Сабақ тақырыбы: Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі Сабақ негізделген оқу мақсаты



Дата04.08.2017
өлшемі70.13 Kb.
түріСабақ
Бейсова Айжан Сағымбайқызы,

№95 «А.Оразбаева» атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

ОҚО,Сарыағаш ауданы

Сабақ тақырыбы: Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі


Сабақ негізделген оқу мақсаты


 Оқушылардың дауыссыз дыбыстар туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.


Оқу нәтижелері:



Барлық оқушылар:Дауыссыз дыбыстар туралы біледі.Етістіктің түрлерін біледі

Оқушылардың басым бөлігі: Өз ойларын ашық жазып жеткізе алады.

Кейбір оқушылар: оқушылар дауыссыз дыбыстардың түрлерін еркін ажыратып, фонетикалық талдауды меңгереді.


Алдыңғы оқу: Зат есімнің тәуелденуі

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурс -тар

Басталуы

Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеу

Сыныпты жағымды ахуалға келтіру:

Қымбат маған ана тілім, бал тілім,

Қымбат маған дана тілім, ар тілім.

Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,

Ана тілім ардақ тұтар алтыным-дей отырып , сөз асылын, тіл тазалығын сақтайтын келесі қазақ тілі сабағымызды бастаймыз.

1-кезең . «Тау етегі »

Үй тапсырмасын пысықтау:

Топтағы оқушылардың білімдерін анықтау үшін үш топқа да өткен сабақтар бойынша сұрақтар қоямын (жабық) және сұрақтарға дұрыс жауап беруін бақылаймын I топ

1.Фонетика саласы нені зерттейді ?

2.Термин сөздер дегеніміз не?

3.Дауыстылар тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді? II топ 1.Әріп дегеніміз не?

2.Дауыстылар жақтың қатысына қарай нешеге бөлінеді? 3.Кәсіби сөздер дегеніміз не ? III топ 1.Қазақ тіліне тән неше әріп бар және оларды атап бер? 2.Қандай сөздер бас әріптермен жазылады 3.Дауыстылар еріннің қатысына қарай нешеге бөлінеді?

Үй тапсырмасы бойынша дұрыс жауап берген топтарды ақ , сары және қызыл түсті гүлдермен бағалап отырамын.



Интерактивті тақта ребус , постер, түрлі-түсті қалам-р, қазақ тілі кітабы бағалау парақшалары

Ортасы


« Миға шабуыл » әдісі арқылы оқушыларға ребус шештіремін. Жұмбақты дұрыс шешу арқылы бүгінгі өтілетін сабақтың тақырыбын оқушылардың өздері айқындайды.

Жаңа сабақтың тақырыбы:

Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі

Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз. Олар: б, в, г, ғ, ң, қ, һ, й, ц, к, н, ш з, х,, ф, п,, р, л, д, ж, ч, с, м, т.(у).

Қазақ тілінде барлығы 25 дауыссыз дыбыс бар.
Дауыссыз дыбыстардың ерекшелігі:

1. Дауыссыздарды айтқанда, өкпеден шыққан ауа әйтеуір бір кедергіге ұшырайды.

2. Дауыссыздарды айтқанда, үн бәсең , солғын болады.

3. Дауыссыз дыбыстар буын құрай алмайды.

4. Дауыссыз дыбыстарды айтқанда дауыс шымылдығы баяу дірілдейді.
Дауыссыз дыбыстарды айтқанда, өкпеден шыққан ауа сөйлеу мүшелеріне соқтығысып , салдыр пайда болады.

Сондықтан дауыссыз дыбыстарда үн болмайды немесе өте аз болады.

Оқушылардың жаңа сабақты қаншалықты түсінгендерін білу мақсатында оларға жаңа сабаққа байланысты түрткі сұрақтарын қоямын. Оқушылардың өзара пікір алмасуын жүзеге асыру мақсатында және жаңа тақырыпқа байланысты «Үнділер», «Ұяңдар» , «Қатаңдар» деп жазылған қима қағаздар арқылы топтастырамын. Топтағы оқушылардың өзара байланысын қадағалаймын. 2-кезең.



« Тайғақ тас »

« Жалғастыру » әдісі бойынша жаңа сабаққа байланысты жалпы топқа тапсырма беріледі. Кітаппен жұмыс .

« ЖИГСО» әдісін пайдалана отырып, оқушылар оқулықтағы 265 - жаттығуды жазады және жұмбақтың шешуі болатын дыбыстарға сипаттама береді.

Берілген тапсырманы дұрыс әрі жылдам орындаған оқушыларды топ басшысы бағалау парағына мұқият бағалап отырады.



Сергіту сәті: « Қамажай » биі

«Тайғақ тас» кезеңінен өткен топ келесі тапсырманы орындауға кіріседі.

3-кезең. «Сарқырама»

Оқушылар Сарқырамаға жету үшін берілген тапсырманы мұқияттылықпен тыңдап , топта бірлесе отырып жұмыс жасау керек.



271-жаттығу.Суреттер топтамасындағы 24-суретті зер салып қараңдар.Сонан соң мәтінді мәнерлеп оқыңдар Әлемде талай қызық бар Америкадағы ең биік ағаш – секвоя. Үндістер бір секвояның діңін тесіп ,үлкен ойық – ұзындығы тоғыз метрлік тунель жасапты.Одан қазіргі жүк машиналары еркін өте алатындай

екен.Ал басқа бір кәрі секвояның түбірі би алаңын жасауға жарапты. Мерекелерде оның үстінде шағын оркестр ойнап, 15 жұп бишінің шыр көбелек айналуына орын жетіпті.Ал сол сәтте алаңның шет-шетінде жиырма шақты көрермен биді тамашалап , еркін жайғасып отыра алады екен.

Бразилия жерінде өсетін ғажайып ағаштың аты

– сүтағаш. Кейде жергілікті тұрғындар оны - «сиырағаш» деп те атайды екен. Бұл ағашты «сауу» үшін қабығын тіліп жіберіп, тоса қойған ыдысыңа аппақ сұйық зат аға бастайды.

Осынау ағаш шырынының түсі ғана емес , дәмі де сүтке өте ұқсас.

Топқа берілетін тапсырма:

1-топ Мәтіннен ұяң дыбыстан басталатын сөздерді теріп жазыңдар.

2-топ Қазақстандағы көп кездесетін ағаш түрлерінің аттарын жазыңдар және бір сөзге фонетикалық талдау жасаңдар.

3-топ «Табиғат көркі – ағаш » деген тақырып бойынша шағын мәтін құраңдар.

Топтағы оқушыларға постер беріледі.

Оқушылар берілген тапсырмаларды постерге түсіріп, өз ойларын анық жеткізе білуге тырысады.

Мұғалім көшбасшы ретінде әр топтың жұмысын жіті бақылауда ұстайды.

Бағалау кезеңі.

4-кезең. «Тау шыңы»

Оқушылар семантикалық картамен жұмыс жасайды.Жаңа тақырыпқа байланысты дауыссыз дыбыстарды толық меңгерсе, олардың « Тау шыңына » жеткендері.





оқулық, АКТ кітаптар көрмесі,бағалау парақта-ры

Аяқталуы


Ребус шешу.
Сандарды өсу ретімен қойып, жасырынған сөйлемді оқу.
1 ---- 5 ----- 4 ------- 6 ------ 2 ----- 3

Үн --- қа --- яң ---- таң --- ді ---- ұ


А4

Бағалау парақшалары,стикер



Қосымша ақпарат

Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз

Бағалау - оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлаймыз?


Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен құзіреттілігі


Жада қалыптасады, деңгейлік тапсырмалар беру

Бағдаршам әдісі арқылы. Балдық жүйе арқылы


Математика,бейнелеу өнері,биология,география

Рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Төмендегі ұяшыққа сабақ туралы өз пікірлеріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы сіздің сабақтың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1.

2.



Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1.

2.



Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

1.

2.




Каталог: sites -> default -> files -> sabaktar
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Сүт қалай ұйықтады? Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: М. О. Әуезов "Абай жолы" романы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Ш. Құдайбердіұлы «Бостандық таңы атты»
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: «Діннің қоғамдағы ролі»
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері Сабақ тақырыбы
sabaktar -> Жайна ахмет асқарқызы М. Маметова атындағы жалпы орта мектебінің тәлімгері. Созақ ауданы Бабата ауылы Тақырыбы: «Мұқағали – мәңгілік жыр»
sabaktar -> Сабақтың эпиграфы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Өзіңсің поэзия Пайғамбары
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғ. Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Ш. Уәлиханов


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет