Сабақ тақырыбы Дене қозғалысы кинематикасының теңдеулері мен графиктері



Дата12.12.2023
өлшемі1,63 Mb.
#196546
түріСабақ
Байланысты:
10қ
ОШ ТС СОЧ Физика 11 ЕМН каз, «Электростатика негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Тексерілді»
ДОІЖО: Т.Сыдыков

Бөлімі: Физика табиғат туралы ғылым

Мектеп: «Ә.Бектаев атындағы ЖОББМ» КММ

Педагогтің аты-жөні:

Лесбеков Д.Е.

Күні:

01.09.2023

Сыныбы: 10

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Дене қозғалысы кинематикасының теңдеулері мен графиктері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.1.1.1 – кинематика теңдеулерін есептер шығаруда қолдану және қозғалыстың графиктерін сараптау;

Сабақ мақсаттары

Түзусызықты бір қалыпты және тең айнымалы қозғалыстағы координата теңдеуін, орын ауыстыру және жылдамдықты біледі;
Тең айнымалы және тең айнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдықтың уақытқа, орын ауыстырудың уақытқа және үдеудің уақытқа тәуелділік графиктерін көрсетіледі және осы графиктерді сипаттайды.

Тілдік мақсаттар



Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз
Механикалық қозғалыс, орын ауыстыру, векторлық жылдамдық, скаляр жылдамдық, бір қалыпты түзу сызықты қозғалыс, координата, проекция.
Пәнге тән лексика мен терминология:

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Үдеу

Ускорение

acceleration

Траектория

Траектория

Trajectory

Жол

Путь

distance

Орын ауыстыру

Перемещение

displacement

Механикалық қозғалыс

Механическое движение

Mechanical motion

Өрнек, теңдеу.

Уравнение

The equation

Бірқалыпты қозғалыс

Равномерное движения

one-dimensional motion

Бірқалыпсыз қозғалыс

Неравномерное движение

Two dimensional motion

Орташа жылдамдығы

Средняя скорость

Average speed

Жылдамдықтың уақыттан тәуелділік графигі

График зависимости скорости от времени

Velocity - Time Graphs

Координатаның уақыттан тәуелділік графигі

График зависимости координаты от времени

Position - Time Graphs

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
……..орын алған болса не болады
неліктен ………. азайтады.
…….. болған кезде қандай айырмашылықтар болады.



Құндылықтарды дарыту

  • Оқушыларды академиялық адалдыққа тәрбиелеу (тапсырмаларды орындау барысында өз бетімен жасау)

  • Оқушыларың бойында жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыру.

  • Өмір бойы білім алу құндылығын сыни тұрғыдан ойлау арқылы білімге деген құштарлығын қалыптастыру

  • Оқушылар арасында бір-біріне деген құрметті қалыптастыру

Сабақ барысы

Сабақ кезеңі/
Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



1-тапсырма
Activity «Word clouds»
Оқушыларға әр түрлі сөздер мен сөз тіркестері сөздер бұлтында беріледі.

2-тапсырма Оқушыларға суреттер қиықтары таратылады. Сол суреттер бойынша оқушылар топтарға біріктіріледі.





(G) Топтық жұмыс жүргізіледі.





Топтар осы сөздер мен сөз тіркестерін тауып, әр таңдап алынған сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын ашып береді.
Оқушылар топпен берілген тапсырманы орындайды.

Мадақтау

Екі жұлдыз бір тілек


https://worditout.com/word-cloud/create


Суреттер





Сабақтың ортасы

Жаңа сабақтың барысы
«Миға шабуыл» оқушылар сұрақтары қойылады

  • Ұшақ қозғалысына байланысты не айтуға болады?

  • Дене көлбеу жазықтықтың барлық түсу жолында бірдей жылдамдықпен қозғала ма?

Тең айнымалы қозғалыс туралы қысқаша мағлұматтар беріледі.
Оқушыларға жекелеме тапсырма беріледі.

  1. Қала ішіндегі әртүрлі жылдамдықпен немесе бағдаршамда тоқтап және қозғалысты одан әрі жалғастырған автомобильдің қозғалысын сипатта

  2. Қала ішіндегі әртүрлі жылдамдықпен немесе бағдаршамда тоқтап және қозғалысты одан әрі жалғастырған автомобильдің қозғалысының ара қашықтық- уақыт, жылдамдық-уақыт бойынша графигін тұрғызыңдар.

  3. Жылдамдықтыӊ уақытқа тәуелділік графигінен анықтаӊыз:



«Миға шабуыл» оқушылар сұрақтарына жауап береді

Оқушылар берілген қозғалыстарды сипаттайды


Екі жұлдыз бір тілек



Миға шабуыл сұрақтары

Сұрақтар




Сабақтың соңы

Қорытынды
Рефлексия
Серіктестіктеріңізбен сөйлесіңіз

  • Мен сабақтан үйренгенім …

  • Маған сабақтан ұнағаны …

  • Мені қуантқаны …

  • Мен өз жұмысыма қанағаттанған себебім…

  • Менің ұсынысым ….


Үй тапсырмасы:
Оқулықтан параграфтағы теориялық материалдарды қайталап оқу;
https://bilimland.kz/kk/home#lesson=10723
сайтындағы «Механика» бөліміндегі «Тең айнымалы қозғалыс» тақырыбындағы материалдарды өз бетімен шолу





Қосымша 1

  1. Топ:

  2. Топ:

  3. Топ:



Қосымша 2
10 “__” сынып оқушысы ______________________________________

  1. Автокөлік көлбеу жолда тұрақты жылдамдықпен қозғалады. Автокөліктің жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графигін көрсетіңіз.



  1. Дене алғаш тұрақты жылдамдықпен содан кейін тұрақты үдеумен қозғалады.

Қай график бұл қозғалысты сипаттайды?


  1. Төмендегі график дененің қозғалысын сипаттайды.


Дене 5 с ішінде қандай қашықтық жүрген?
А) 2 м В) 10 м С) 25 м D) 50 м

  1. Екі аялдама арасында қозғалған автобустың жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графигі берілген. Графиктің қай нүктесінде автобустың үдеуі ең үлкен мәнге ие болады?



  1. Суретте t=0 мезетіндегі екі адамның бастапқы орындары, бастапқы жылдамдығы және үдеулері көрсетілген.Осыған байланысты қозғалыс теңдеулерін жаз.

  2. Бірінші тапсырманың шарттарын пайдалана отырып, екі дененің жылдамдықтарының проекцияларының уақытқа тәуелділік графигін құрастыр және график бойынша t=2c болғандағы жылдамдықтың проекцияларының мәнін есепте.



















































































































































































































































































______________,
______________,
Құрылымдық тапсырмалар

  1. 7.1 суретте қозғалып бара жатқан автобустың жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графигі көрсетілген.


(а) Алғашқы 40 секундта автобустың жүрген жолын есептеңіз.
Қашықтық = ............................ м [3]
(b) 40-cекунд пен 80-секунд аралығында автобус 315 м қашықтықты жүріп өтті.
80 секунд уақыт ішіндегі автобустың орташа жылдамдығын есептеңіз.
Орташа жылдамдық = ............... м/с [4]
(c) Автобустың қозғалысын сипаттаңыз.
(i) 40 с пен 70 с уақыт аралығында
……………………………………………………………………........................ [1]
(ii) 70 с пен 80 с уақыт аралығында
……………………………………………………………………………………[1]
[Барлығы: 9]

  1. Жаттығу кезінде велосипедшінің козғалысы үш кезеңмен жүзеге асты.

1-кезеңде: ол тыныштық күйден 12 м/с жылдамдыққа дейін 20 секунд үдемелі қозғалды.
2-кезеңде: ол 12 м/с жылдамдықпен 4800 м жол жүрді.
3-кезеңде: ол тоқтағанға дейін бірқалыпты кемімелі қозғалды.
Бүкіл жолға 500 секунд уақыт кетті.
(а) 2-кезеңге кеткен уақытты есептеңіз

Уақыт = …………. с [2]


(b) 2.1 суретке велосипедшінің қозғалысы үшін жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графигін тұрғызыңыз. [3]

(c) Велосипедшінің бүкіл жүрген жолы 5400 м болатынын көрсетіңіз.

[4]
(d) Велосипедшінің орташа жылдамдығын есептеңіз.


Орташа жылдамдық = ….......... м/с [2]


[Барлығы:11]
Құрылымдық тапсырма жауаптары:
Cambridge IGCSE Physics 0625 Paper 22_s 2014
http://papers.xtremepapers.com/CIE/Cambridge%20IGCSE/Physics%20(0625)/0625_s14_qp_22.pdf
Марк схемасы:
http://papers.xtremepapers.com/CIE/Cambridge%20IGCSE/Physics%20(0625)/0625_s14_ms_22.pdf
Cambridge IGCSE Physics 0625 Paper 2_s 2007
http://papers.xtremepapers.com/CIE/Cambridge%20IGCSE/Physics%20(0625)/0625_s07_qp_2.pdf
Марк схемасы:
http://papers.xtremepapers.com/CIE/Cambridge%20IGCSE/Physics%20(0625)/0625_s07_ms_2.pdf

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет