Сабақ Тақырыбы: «Допты қағып алу,серіктесіне тура беру»



Дата07.04.2017
өлшемі28,49 Kb.
#13508
түріСабақ
№ 267 орта мектеп

Ашық сабақ


Тақырыбы: «Допты қағып алу,серіктесіне тура беру».
Сыныбы: 3 «а» сыныбы.
Өткізген: Дене шынықтыру пәні мұғалімі Е.А.Маханов.

2014-2015 оқу жылы

Ашық сабақтың тақырыбы: Гимнастика. «Ағаш аттан секіру». 9 «а» сыныбы

Сабақтың мақсаты: Жеке буындар мен бұлшық ет топтарын нығайту, ептілікке, батылдыққа баулу.

Сабақтың түрі: Гимнастика.

Өткізу әдісі: Аяқты бұғу тәсілімен тіреліп секіруді үйрету.

Өткізілетін орын: Мектептің спорт залы.

Өтілетін мерзімі: 20.11.2012ж

Жабдықталуы: гимнастикалық төсеніш (1), ағаш ат (1), көпірше (1)

Сабақтың барысы:

  1. Оқушыларды сапқа тұрғызу

  2. сәлемдесу.

  3. Тақырып бойынша түсініктеме беру.

  4. Саптық жаттығулар

  5. Сызық бойымен денені тік ұстап жүру.

  6. Аяқтың ұшымен жүру.

  7. Өкшемен жүру.

  8. Қолды алға ұстап, тізені қолға тигізу.

  9. Қолды артқа ұстап өкшені қолға тигізу.

10)Екі қолды жоғары көтеріп терең дем алу, қолды төмен түсіріп дем шығару.

11) Шеңберде жасалатын жалпы дамыту жаттығулары: (5 мин)

а) Екі қол мықында мойынды оңға, солға айналдыру.

ә) Екі қол иықта, аяқтың арасы алшақ, иықты алға, артқа айналдыру.

б) Екі қолды алға созып білекті ішке, сыртқа айналдыру.

в) Алақандарды айқастырып, оң, сол аяқты ұшына тіреп, бір мезгілде білезік пен тобық буындарын айналдыру.

г) Екі қол желкеде белді оңға, солға айналдыру.

е) Ұлдар еденге саусақты тіреп жатып білек күшін сығындау.

ж) қыздар екі қолды алға созып отырып – тұру.

ІІ негізгі бөлім. (20мин)

Ағаш аттан секіру – гимнастикалық көп сайыстың қарапайым түрлерінің бірі. Ең алдымен, күрделі тіреліп секіру жаттығуларын меңгерейік. Секірудің әрбір жекелеген түрлерінде ағаш аттан секіру аяқпен көпірмені басудан, басталады. Көпіршеден серпілуге қолдың алға қарай сілтенуі дем береді.

Аяқты бұғу тәсілімен тіреліп секіруді орындау техникасы:

а) – аяқпен серпілуден кейін қолды ағаш атқа тіреу;

ә) – қолдың тірелгенін сезінген соң жамбасты сілке көтеру және тізені кеудеге қарай тез тарту арқылы қолды тіреп отыру қалпына келу;

б) – кеудені жаза түсіп, жоғары қарай ағаш аттан серпіле секіру және қолмен көмек бере отырып, ұшу кезінде белді артқа қарай ию;

в) – жерге аяқтың ұшымен түсу;

г)- гимнастикалық орындықтың шетінде тұрып, серпіле секіріп түсу;

Ағаш аттан секіруге арналған 12-15м-ден аспайды.Ал көпірше 60-70см қашықтықта тұруы тиіс. Ағаш аттан секірудің екі түрінің бірі аяқты кең ашып немесе екі тізені бүгіп секірудің бірі орындалуға тиіс. Ағаш аттың биктігі ұлдарға 20см, қыздарға 15см.

ІІІ. Сабақты бекіту. (2 мин)

Сондықтан әрбір оқушы дененің күш-қуатын арттыратын жаттығуларды өз бетінше орындағаны аса маңызды.



Бұдан жоғары аталған қабырғаға қолды тіреп, шынтақты күшпен бүгіп – жазу, тік тұрып немесе жатқан қалыпта жоғары белдікке тартылу, тек қолдың көмегімен ғана гимнастикалық қабырғаға өрмелеу жаттығулары аса пайдалы.

ІV. Қорытынды бөлім. Дем басу. Сыныптағы (3 мин. Қатарға тұрғызу, ынталы оқушылардың еңбегін бағалау, ескертпелер жасау. Үйге тапсырма: жаттығуды жетілдіру. Қоштасу.
Каталог: uploads -> doc -> 01ea
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
01ea -> Сабақ Тақырыбы: «Қазіргі қазақ тілінде тұрақты сөз тіркестерінің қолданылуы» Тобы: ҚТӘ-121 Оқытушы: А.Қ. Мамбетова Ақсукент 2016ж. Пәні: Қазіргі қазақ тілі
01ea -> Сабақ: Жемістер мен көкөністер(1) Мектеп: "№17 орта мектебі"


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет