Сабақ тақырыбы Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі



бет1/3
Дата09.06.2022
өлшемі29,66 Kb.
#146287
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
8сынып физика қмж Электр өрісі
кузыреттилик, 1сабақ, 2222, қмж матем курс, қмж 2405, элекротехника, 1606729407, Пиза 3 сұрақтар (1), ИП Арсен (1), ts robototehnika kaz 03.05.2018, Презентация Microsoft PowerPoint, тестилеу лек русс, Журнал 40 оза-2, криптография

Бекітемін

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
8.2В Электростатика негіздері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Машықтанушының аты-жөні: Қуаныш Шаттық

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Сабақ тақырыбы

Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.1.6 Электр өрісі ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру және оның күштік сипаттамасын анықтау;
8.4.1.7 Біртекті электростатикалық өрістегі зарядқа әсер етуші күшті есептеу;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Электр өрісі және кернеулік мағынасын анықтау
Көптеген оқушылар: Электр өрісінің күштік сипаттамасын анықтау
Кейбір оқушылар: Электр өрісін күш сызықтар арқылы кескіндеу

Бағалау критерийлері

Электр өрісін және кернеулік мағынасын ашады.
Электр өрісінің кернеулігін сипаттайды.
Электр өрісін күш сызықтар арқылы кескіндейді.

Сабақ барысы:

Сабақтың жоспарланғанкезеңдері

Мұғалім іс-әрекеті



Оқушы іс-әрекеті



Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
10 мин



Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, сыныпты түгелдеу, зейіндерін сабаққа аудару.

Үйге: 4.1-жаттығу


«Мен саған, сен маған» әдісі арқылы оқушылар жұптарының есептерін тексереді.



Жұптарын тексеріп, бағалайды



Қалыптастырушы бағалау


Оқулық
8 сынып Физика
Р. Башарұлы
Ш. Шүйіншина
К. Сейфоллина

Сабақтың ортасы

30 мин




Тыныштықта тұрған зарядтар арасында пайда болатын бұл әсер электр өрісі арқылы атқарылады. Кеңістіктің қайсыбір жерінде электр заряды пайда болса, оның маңында электр өрісі пайда болады. Электр өрісінің басты қасиеті ретінде – осы өріске орналастырылған басқа зарядқа күштің әсер етуі болып табылады.
Электр өрісі дегеніміз не? Заряд маңындағы кеңістікте біртүрлі “ерекше материя” бар болып, ол арқылы зарядтар арасындағы өзара әсер күші тасымалданады. Бұл “ерекше материя” дегеніміз дәл электр өрісі болып табылады. Дене зарядталған кезде оның маңындағы кеңістікте электр өрісін тудырады. Басқаша айтқанда, заряд немесе зарядталған дене үнемі өзі тудырған электр өрісінің қоршауында болады. Электр өрісінің бір маңызды қасиеті сол өрісте тұрған кез келген зарядтарға күш әсерін береді. Бұл күшті біз электр өріс күші деп атаймыз. Мысал үшін q1 заряды екінші бір q2 зарядтың маңында, басқаша айтқандаq2 зарядының электр өрісінде тұрсын делік. q1 зарядқа берілетін әсер күші дегеніміз дәл q2 зарядтың электр өрісінің әсер күші болып табылады. Осыған ұқсас, q2 заряды q1 зарядының маңында, яғни, q1 зарядының электр өрісінде орналасқандаq2 зарядының ұшыраған әсер күші дәл q1 зарядының электр өрісінің әсер күші болып табылады. q1 заряд тудырған электр өрісі бойынша айтқанда, q1 заряды электр өрісін тудырушы заряд болса, ал q2 зарядының тудырған электр өрісі бойынша айтсақ, q2 заряд электр өрісін тудырушы заряд болып табылады. Электр өрісі де Жер Шарының тартылыс күш өрісі сияқты масса, энергия, импульс сияқты әдеттегі материялық денелерде болатын негізгі қасиеттерге ие болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет