Сабақ тақырыбы Ертегілер әлемі /Қорытынды сабақ/ Сілтеме


ІV топ оқушыларына арналған тапсырмалар



бет2/4
Дата19.12.2016
өлшемі0,53 Mb.
#4263
түріСабақ
1   2   3   4

ІV топ оқушыларына арналған тапсырмалар

Өтілген 4 ертегі бойынша қалаған бір ертегінің үзіндісіне сахналық қойылым дайындау.




Әуезді әуендер

Ұяшықтарды таңдау арқылы жасырылған әуеннің қай ертегіден алынғанын табу.



1.Рефлексия. «Кіржайғыш жіп» арқылы өтілген тақырыпты пысықтап қорытындылау.

«Ертегілер» тарауы бойынша ерекше әсер еткен, тереңірек ой салған тұсты хат қып жазып, «Кіржайғыш жіпке» ілу.


2.«Көңіл-күй термометрі» арқылы рефлексия жасату

Интертақта арқылы көңіл-күй шкаласын көрсету.

10 градус: Сабақ ұнаған жоқ, сабақтың қызықты өтпеу себебінен көңіл-күйім мүлдем жоқ.

20 градус: Болады. Сабақ барысындағы тапсырмалар аса қатты әсер еткен жоқ.

30 градус: Көңіл-күйім – орташа. Бүгінгі сабақтың өзге сабақтардан айырмашылығы болған жоқ.

40 градус: Көңіл-күйім – жақсы. Өзіме қажетті мәліметтерді ала алдым.

50 градус: Көңіл-күйім – супер! Бүгінгі сабақ маған қатты ұнады.


Амандасады.

Оқушылар кеспе қағаздарды таңдау арқылы «Ер Төстік» ертегісінің кейіпкерлері /Төстік, Кенжекей, Бекторы, Таусоғар, Шойынқұлақ, Желаяқ/, «Аяз би» ертегісінің кейіпкерлері /Жаман, 40 уәзір, Мадан хан, Меңдіқыз, Наубайшы, Ақша хан/, «Керқұла атты Кендебай» ертегісінің кейіпкерлері /Кендебай, Самұрық, Мергенбай, Қазанғап, Керқұла /, «Қырық өтірік» ертегісінің кейіпкерлері /Тазша, Хан, Етіктің сыңары, Инелік, Шегіртке, Ақсақ қоңыз / болып 4 топқа бөлініп отырады, берілген кейіпкерлеріне сын есімді пайдалана отырып сипаттама береді. (Мысалы: Көрікті Кенжекей, Алып Таусоғар, Ақылды Жаман т.б.)

Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып бүгінгі сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысады.

Оқушылар бір-бірінің жұмысын топтарда өзара бағалай отырып, үздік деп таныған бір жұмысты әр топтан 1 оқушы шығып баяндайды.




«Конверт сұрақтар» арқылы топтар арнайы дайындалған сұрақтарға жауап береді, тапсырмаларды орындайды.
ІІІ топ оқушыларына арналған конверт

1.Жаман өзі хан болған соң ордасының маңдайшасына не шегелеп қойды? Неліктен? (Жыртық тоны мен жаман тымағы)

2.Мергенбай батыр қай ертегінің кейіпкері?   

3.Егер сен сол кездегі би болсаң, «Ер Төстік» ертегісіндегі Шойынқұлаққа қандай жаза қолданар едің?


ІV топ оқушыларына арналған конверт

1.Адамның ең жаманы болған адам ертегінің басты кейіпкері – Жаман

жаман адам ба? Ол хан болуға лайық па?

2.«Керқұла атты Кендебайдың» қиял-ғажайып ертегіге жататынын қалай дәлелдеуге болады?

3.Хан Жаманды Барсакелмеске не үшін жұмсады? Оған ой салған кімдер?
І топ оқушылары Шығарма мазмұнына сай құрылған жоспар тарауларын дұрыс орналастырады.

Жаманның жақсы мен жаманды айыра білуі. 2

Жаманның сертке берік болуы. 5

Жаманның Барсакелмеске баруы. 7

Құстың, шөптің, адамның жаманын табуға ханның уәзірлерін жұмсауы.1

Хан тағына отырған Жаман. 10

Ханның Жаманды уәзір етуі. 3

Меңдінің Жаманды таңдауы. 4

40 уәзірдің хан мен Жаманды араздастыруы. 6

Хан сөзін шеше алмаған уәзірлердің Жаманға келуі. 8

Ханның Жаманды сағынуы. 9
ІІ топ оқушылары

Берілген мақал-мәтелдерді жоспардың тараулары бойынша сәйкестендіреді.





ІІ топ оқушыларына арналған тапсырмалар

Берілген үзінді қай ертегіден алынған?



1.« — Жаным - ай, жас бала көрінесің! Сенен естияр талай адамдар да айтамын деп келіп, айта алмай кеткен. Жарқыным, өлуге асығып жүрген не қылған баласың? Тілімді ал да, қайта ғой!»

2.«Құрығым аласа болған шығар»,— деп, құрықтың басына... жалғадым, көрінбеді.

3.«Бұл титтей май менің қай бүйірімді бұлтитады? Онан да етігімді майлап алғаным олжа шығар» деп, бас салып етігімді майлағанымда, бір етігімнің жұлығына зорға жетті, қонышына жетпеді.



Каталог: uploads -> doc -> 1288
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1288 -> Сабақтың түрі : аралас сабақ, Сабақтың әдісі: сұрақ жауап, түсіндіру, әңгімелеу, баяндау
1288 -> Сабақ жоспары №41-42
1288 -> Сабақтың мақсаты Қазақтандағы экологиялық проблемалардың асқыну себебін түсінуге жағдай жасау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет