Сабақ Тақырыбы: «Хат жазу кезіндегі сыпайылық ережелері»



Дата20.10.2023
өлшемі19,01 Kb.
#187192
түріСабақ
Байланысты:
Облыстық ашық сабақ Хат жазу кезіндегі сыпайылық ережелері
13praktika, 229309.pptx

№83 Ғабиден Мұстафин атындағы ЖОББ мектеп


Ашық сабақ
Тақырыбы: «Хат жазу кезіндегі сыпайылық ережелері»

Дайындаған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Гайнуллина Мадина Асылқанқызы.


Қарағанды – 2015


Бейсенбі,21 мамыр,2015ж.


Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: «Хат жазу кезіндегі сыпайылық ережелері»


Сабақтың мақсаты:Ғаламтор жүйесінде сыпайылық пен мәдениетін сақтау тәртібіне көңілдерін бөлу
Дамытушылық:өткен грамматикалық ережелерді қайталау,сөйлеуге бағыттау.
Тәрбиелік:қарым-қатынастық, адамгершілік ұғымдарымен қатар жүруге шақыру, бірігіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдары:
Әр оқушының алдында ұлттық нақышпен жасалған сәлемдеме хаттары,стикер, КТЖ, ватман, суреттер,крточкалар, музыкалық әуен т.б.,


Сабақ барысы:1. Біраздан бері бір-бірімізді көрмегендіктен,әр біреуің маған ерекше тұлғасың, сондықтан сәлемдемем де жеке-жеке болады.
Алдарыңа қазақи-ұлттық нақышталған хаттар ұсындым, ұнаған хатты алып,сол орынға отырып, екі топқа бөлінейік. (хат ішінде; Сәлем!,Сәлеметсіз бе!,Қалыңыз қалай?!,Қал-жағдайыңыз қалай?!,Денсаулығың қалай?!,Жағдайың қалай?!,Қайырлы күн!Жақсымысың?!,Амансың ба?!,Сәлем жолдадым деген сәлемдеме сөздері жазылды.) ;(хаттың екінші бетінде алғыс,сыпайылық сөздері жазылған:Хатыңызға рахмет,ризамын,алғысым шексіз, «О,тамаша хат!», «Рас,әдемі сәлемдесу!, «Әрине,қызық сәлемдеме!»
2.Бәрің хат алып, оқыдыңдар. Ойланып, айтыңдаршы, бүгінгі сабақтың тақырыбы қалай аталады екен? Пікірлері тыңдалған соң,сабақтың тақырыбын жолдаймын «Хат жазу кезіндегі сыпайылық ережелері» деп,тақтада ұсынады. (Әр орындалған жұмысымызға тақтада қуанышты смайлик жапсырамыз, ұмытпайық!)
3.Әр оқушы ғаламтордағы электронды поштасына кереді.
Ұсынылған сәлемдемеден ұнағанын бір-бірімізге жеберейік. Шарты:қатесіз,сыпайылықты сақтау. Қорытындысы оқылады.
4.Осы хаттарда қандай грамматикалық ережелері бар?
5.Сендерге тағы хат жібердім. Мәтін.
Электронды пошта-жылдам байланыс құралы, сондықтан электронды хаттар алмасудың белгілі бір сыпайылық ережелері бар. E-mail сыпайылық ержелері жеке хаттардың барлығына бір тәулік ішінде хатты өндеп үлгермесең: «рахмет, хатыңызды алдым, Сізге міндетті түрде кейінірек жауапты қайтарамын» деп жазыңыз.
Хабарламаңа әрдайым «тақырып» деген сөзді кіргізіп отырыңыз. Ол электронды хатты іздеу, сұрыптау және басқа да әрекеттер жүргізілетін кілт болып табылады. Хаттың тақырыбы-тұтас хабарламаның өзегі.
(К. Есекеев, Г. Нұрғалиева)
Сөздік жұмысын жүргізу, жай сөйлем құрастыру
сыпайылық ережелері-правила этикета
өндеу-разрабатывать
әрдайым-всегда
сұрыптау-сортиравать
өзек-основа


6.Хат келді.
- Мәтіннен сыпайылық ережелерін табыңдар.
- Қандай сыпайылық ережелерді пайдаланар едеңдер? (Знакомство,приглашение,переписка)
-Мәтінде қандай сөйлем түрлері бар?

-«Сыпайылық» сөзіне жақын мәндес сөз табу


-Әдептілікке қатысты мақал-мәтелдер табу(Адамды іс-әрекетіне қарап бағалау керек. Әдептіліік-әр адамның бет-бейнесі)
-Қорытынды сұрақ құрастырыңдар.
(Тұтас хабарлама өзегі не?)
7.Қорытынды.Жаңа сөздерді қолдана отырып, эссе жазу. Тақырыбы: «Біз хат жазамыз»
8.Қуаныш-суретіне қорытынды:ілінген смайликтерге бір топ смайлигі «Бірге көтерген жүк жеңіл» деп жапсырылады, оқушыларға алғыс айтылады.

Өзін-өзі талдау парағы


Қазақ тілі, өтілген күні 21.05.2015, 8 «А» сынып


Дайындаған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Гайнуллина Мадина Асылқанқызы.

Сабақтың тақырыбы: «Хат жазу кезіндегі сыпайылық ережелері»


Сабақтың мақсаты: Сабақтың мақсаты:Ғаламтор жүйесінде сыпайылық пен мәдениетін сақтау тәртібіне көңілдерін бөлу
Дамытушылық: Өткен грамматикалық ережелерді қайталау
Тәрбиелік: Қарым-қатынастық, адамгершілік ұғымдарымен қатар жүруге шақыру, бірігіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.
оқушының топта жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру; өзара бірлесіп жұмыс істеуге дағдыландыру.
Сабақтың барысында пайдаланған әдіс-тәсілдер:
1.«Миға шабу» стратегиясын пайдаланып, сабақтың тақырыбын табуға әрекеттеу,деңгейлі тапсырмалар, (білу,түсіну, қолдану,синтездеу, бағалау,)интерпритация-білгенің өз сөздерімен жеткізу,синтез-жинақтау жүелеу, аяқтауы болды. Блум таксономиясының үлгілерін пайдаландым.
2. Топқа бөлу жұмысын жүргізе отырып, ұлттық тәлім-тәрбие беру және сабақ барысында да әр жұмыс істеген сайын тәрбиелі болуды ұмытпауға шақыру.
4. Жаңа сабақта: Топтық жұмыс барысында бірлікке шақырып, көмек жасауға үйрету.
Араларынан спикер келесі топқа өз мәтін жолын таныстырады. Осылай топтар өз жұмыстарын бір-біріне таныстырады.
5.Қорытындысы ойларын түйіндеп, қағаз бетіне түсіру арқылы жасалады. Сабақтағы жаңа сөздер, сыпайылық,амандасу сөздері қайталалыну арқылы есте сақталады. Түйіндісі әр топ спикері арқылы мәтінін оқиды.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет