Сабақ тақырыбы Жол тәртібін білейік, Аман-есен жүрейік. Тәрбие сағатының мақсаты



бет2/4
Дата25.09.2023
өлшемі111,51 Kb.
#182438
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Жусупбекова
Түзету У.К.Беркимбаева Лаура, [FreeTP.Org]GRID-Autosport-Complete-Multiplayer-Fix-Online, График проведения суммативного оценивания по информатике, Лишай айнара, Өмір, Әдістемелік нұсқау-emirsaba.org, 6кл БЖБ рационал сандар
II. Мағынаны ашу.
1-жүргізуші:
«Жол тәртібін білейік,
Аман-есен жүрейік» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, жүріп-тұруды реттеу қажеттілігі машинаның аз кезінде-ақ туған көрінеді. Алғаш рет 1868 жылы Лондон қаласында темір жол бағдаршамы орнатылды. Ол қолмен ауыстырылатын және алмастыру үшін арнайы адам тұратын еді және ол көп уақыт алатын болды. Кейінірек 1870 жылы америкада электр бағдаршамы пайда болды.


2-жүргізуші:
Ал бүгінгі таңда бағдаршамды электронды есептеу машинасы арқылы басқару жүзеге асырылған. Қазақстанда бағдаршамдар барлық ірі қалаларда орнатылған. Қазақстанда 1917 жылға дейін 127 км ғана жол болса, елуінші жылдары республикамыздағы асфальт жолдарының ұзындығы отыз км дейін жетті. Ал қазір сегіз жүз миллион км-ден асады.


1-жүргізуші:
- Балалар, МАИ қызметкері дегініміз кім? Дұрыс айтасыздар, бүгін бізге МАИ қызметкері келген екен. Сіздердің ұшқыр ойларыңыз бен білімдеріңізді сынап көрмекші.


МАИ қызметкері:
- Әр бір аймақтың өмірі көлікпен тығыз байланысты. Сондықтан жолда жүру тәртібі мен қауіпсіздік ережелерін білулерін керек. Әрбір жаяу жүргінші, әр бала жол бойында аса сабырлылықпен аспай-саспай жүріп тұруға тиіс. Сол себепті сіздерге қояр бірнеше сұрағым бар. Бірінші, жаяу жүргіншілер қандай жерлермен жүреді?


1-оқушы:
Жаяу жүргіншілер жиек жолмен жүруге тиіс. Ал жол үсті тек көліктің жүруіне арналған. Жаяу жүргіншілер жиек жолдың тек оң жағымен жүреді, сонда қарсы келе жатқан адамдарға бөгет жасамайтын болады.


МАИ қызметкері:
- Топталып келе жатқан жүргіншілер жол бойымен қалай жүруі керек?


2-оқушы:
Бір топ жаяу жүргінші тек жиек жолмен немесе келе жатқан көлікке қарсы бағытта жолдың сол жақ жиегімен екі қатардан аспай жүру керек. Олар жолды кесіп өтпек болса, екі көшенің немесе жолдың қиылысқан тұсына тоқтау керек. Негізінен жол тәртібін сақтап, жаяу жүргіншіге арналған жолмен немесе бағдаршамнан өтуі керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет