Сабақ Тақырыбы: Маған доп берші -15 бет Күні, айы: а б в қатысқан саны: Қатыспаған саны



Дата07.02.2022
өлшемі249,58 Kb.
#93201
түріСабақ
Байланысты:
ҚМЖ 0 сынып Маған доп берші
ҚМЖ 0 сынып Маған доп берші

6 сабақ

Тақырыбы: Маған доп берші 14-15 бет

Күні, айы:

0 А -

0 Б -

0 В -

Қатысқан саны:
Қатыспаған саны:










Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

0.1.4.1 Қарапайым сұрақтарға ым-ишара (мысалы, затқа немесе суретке нұсқау), сөздер және қысқа фразамен жауап қайтару
0.2.3.1 Сұхбаттасын ықылас қойып тыңдау және жағдаятқа байланысты, мимиканы, ым-ишараны қолданып, қысқа фразалармен жауап беру
0.3.1.1 Ақпаратты сурет, иллюстрациядан табу және сәйкестендіру
0.5.1.4 Сөйлеу барысында заттың санын білдіретін сөздерді қолдану

Күтілетін нәтиже

Барлық тәрбиеленушілер: Қарапайым сұрақтарға ым-ишара (мысалы, затқа немесе суретке нұсқау) және қысқа фразамен жауап қайтара алады, мұғалімнің көмегімен ойыншықтарды атай алады, оларды түсіне қарай ажырата алады.
Тәрбиеленушілердің басым бөлігі: Тақырыпқа қатысты сөйлеу/ сөйлесу үлгісін түсінеді, сол үлгі бойынша сөйлесе алады, қарапайым сұрақтарға ым-ишара (мысалы, затқа немесе суретке нұсқау) және қысқа фразамен жауап қайтара алады.
Кейбір тәрбиеленушілер: Сөйлеу барысында заттың сынын (заттың түсін) білдіретін сөздерді және ҰОҚ-да үйренген сөйлесу үлгілерін өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің (ҰОҚ) барысы

ҰоҚ кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

ҰоҚ басы
(3-5 минут)



(ПК) Тәрбиеленушілердің сабаққа дайындығын тексеру. ҰОҚ-ның басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. ҰОҚ мақсатымен таныстыру. Психологиялық дайындық.
Шаттық шеңберіне тұрғызу.
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, көк аспан!
Амансың ба, достарым!
Сендерді көріп қуанам!

– Қане, балалар ұқыпты балалар қалай отырады екен?

Музыка



ҰоҚ ортасы
(20 минут)

Әліппе-дәптермен жұмыс
(ПК,Ұ) 1-тапсырма.
Балалардың назарын суретке аудару. Балалар сурет бойынша ойыншық атауларын еске түсіреді. Содан кейін
тапсырмадағы екі баланың сөйлесу үлгісін түсіндіру.
Сөйлесу үлгісі тыңдалады, қайталанады, қазақ тіліне тән дыбыстар кездесетін сөздердің дыбысталуына назар аудару.

(Ж) 2-тапсырма


Берілген сөйлесу үлгісі 2-тапсырма арқылы жаттықты-\
рылады.Балалар тапсырмада берілген суреттер негізінде
жұппен сөйлеседі. Педагог алдын ала осы ойыншықтар-
ды дайындап қою арқылы тілдесім әрекетін шынайы
ойыншықтар арқылы жүргізуге болады. Бұл сөйлесу
жағдаятын өмірлік жағдаятқа жақындата түседі.

  • Маған доп берші.

  • Міне, ал



Сергіту
Аю,аю, тұршы
Бетіңді жушы,
Шашыңды тарашы,
Айнаға қарашы

(ПК,Ұ) 3-тапсырма


3-тапсырма балалардың ұсақ қол қимылдарын жаттықтыруға арналады.Бастыру, бояу арқылы балалардың каллиграфиялық және ұқыпты жұмыс істеу дағдылары қалыптасады. Осы тапсырманы орындау кезінде балалар суретте қолданылған түстерді (қарындаштарды) таңдап алады, сол арқылы түс атаулары және ойыншық (ұшақ) атауы бекітіле түседі.

(Ж) 4-тапсырма.


4-тапсырмадағы сөйлесу үлгісі бойынша тілдесім әрекеті жүзеге асырылады. Балалар тапсырмада
берілген үлгі бойынша өзара сөйлеседі. Ең алдымен сөйлесу үлгісі тыңдалады, түсіндіріледі, содан кейін диалог педагог пен бала, кейіннен екі бала арасында жүргізіледі. Педагог алдын ала әр түсті доптар (немесе суретін) дайындап қоюы қажет.
(Ұ) 5-тапсырма.
5-тапсырмада балалар
- Маған ұшақ берші.
- Міне, ал.
- Рақмет!
Сөйлеу үлгісін тыңдайды, қайталайды..
Қазақ тіліне тән ұ, қ дыбыстарын қайталайды.

Әліппе- дәптер. Аудиодиск:


1.6.1
Ойыншық-
тардың суреттері
Әліппе- дәптер. Аудиодиск:
1.6.2

Бейнежазба


Әліппе-дәпт.
Түрлі – түсті қарындаштар

Әліппе- дәптер. Аудиодиск:


1.6.4
әр түсті доптар
Аудиодиск:
1.6.5

ҰоҚ соңы
(5 минут)

(Қ) ҰОҚ-ны қорытындылау мақсатында мұғалім балалармен кері байланыс орнатады. Балалар ҰОҚ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін смайлик арқылы білдіре алады.


Смайликтер


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет