Сабақ тақырыбы: Механикалық қозғалыс және оның сипаттамасы. Санақ жүйесі


Арнайы пәндік лексика мен терминология



бет3/3
Дата11.05.2022
өлшемі0,55 Mb.
#142603
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
7 сынып
bibliofond.ru 657034, Laboratory work, Журналистика 122 сұрақ
Арнайы пәндік лексика мен терминология:

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Жол

путь

Way

Орын ауыстыру

Переселять

Relocate

Траектория

Траектория

The trajectory

Қозғалыс

Движение

Motion

Механика

Механика

Mechanics



Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» ұлттық идесы: Жалпыға бірдей еңбек қоғамы еңбекке,шығармашылық өсуіне, ортамен ынмақтастық қатынас орнатып, өмір бойы білім алуына баулу.

Пән аралық байланыс

Информатика- ғаламтор желісінде ақпарат жинақтау, АКТ ны пайдалану
Математика - математикалық түрлендірулер арқылы есептер шығару
Астрономия - аспан денелерінің қозғалысын анықтау.

Алдыңғы білім

Өлшеулер мен есептеулердің дәлдігі. Үлкен және кіші сандарды ықшамдап жазу.

Сабақ барысы




Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған қызмет (іс-әрекет)

Ресурстар




Сабақтың басы
10 минут

Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, сынып тазалығына мән беріп, оқу құралдарын тексеру.
Ынтымақтастықтың атмосферасын қалыптастыру мақсатында «Шаттық шеңберін» құру. Жылулық шеңберінде балалар бір-бірілеріне жылы лебіз білдіріп,сәттілік тілейді.

Оқулық,оқу құралдары







Сабақтың ортасы


25 минут

1.2.Сыныпты ғалымдардың суреттері арқылы топтарға біріктіру. Топ басшысын сайлайды.Ол топ мүшелерін берілген тапсырма бойынша дескрипторларға сәйкес бағалап отырады.


I топ. Аристотель
II топ. Әл- Фараби
III топ. Ломоносов



Үй тапсырмасын қайталау.
«Допты лақтыру» әдісімен үй тапсырмасын қайталау. Мұғалім доп лақтырып, сұрақ қояды. Допты қағып алған оқушы сұраққа жауап беріп, өзінің сұрағын қояды. Егер оқушы сұраққа жауап бере алмаса, допты басқа оқушыға береді. Бұл әдіс теориялық сұрақтарды бағалауға тілдік мақсаттардың орындалуына көмек береді, оқушыларды өз еркімен сөйлеуге итермелейді.
Қалыптастырушы бағалау





Жаңа сабақ
I«Ой қозғау» әдісі арқылы оқушыларға
қозғалыс тақырыбын өмірмен
байланыстырып, сұрақтар қою
арқылы жаңа тақырыпты ашады.
Мұғалім АКТ слайдтарын пайдаланып оқушыларға бағыт береді.
Топтық жұмыс
II«Джигсо» әдісі арқылы
әр топ оқулықпен жұмыс істей отырып,берілген тапсырманы топтасып орындайды, бір біріне үйретеді, өзара міндет бөлінісі арқылы шығармашылықпен ынтымақтасып жұмыс істеуге үйренеді.
1-топ
Механикалық қозғалыс жайлы не білесің?
2-топ
Дененің кеңістіктегі орнын анықтауды қалай жүзеге асыруға болады?
3-топ
Дененің қозғалысын сипаттайтын шамалар туралы не айта аласың?
Постермен жұмыс
Әр топ берілген тапсырманы постер бетіне түсіріп, үлкен топқа қорғайды.Бұл тақырыпты жеңіл түсінуге көмектеседі.

Ғалымдардың суреттері,топ-тардың аты жазылған парақшалар,


бағалау парақшалары

Доп
смайликтер






АКТ слайдтары


Оқулық
Плакат
маркерлер
стикерлер








«Тыңдаймыз-білеміз,жазамыз-есте сақтаймыз» топ ережесіне сай мәтінде кездескен термин сөздерді анықтап, дәптерге жазады.

Дескриптор

Белгі

1.Қозғалыс жайлы біледі.
2.Өмірмен байланыстыра алады.






1.Берілген физикалық терминдердің мағынасын түсінеді
2.Санақ денесін таңдау арқылы қозғалыстың салыстырмалы болатынын анықтай алады.








Сергіту сәті
«Секундомермен қозғалыс»
Бұл ойын арқылы балалар уақытты бағалауды,үнемдеуді үйрене отырып, ойлау қабілетін дамытады.


III «Есептеу-білімді еселеу».
Оқушылар берілген деңгейлік тапсырмаларды орындайды.
А деңгейі
Мектеппен үйдің арасы 800м,оқушы мектепке барып,үйге қайта келгенде барлығы қанша жол жүреді? Орын ауыстыруы неге тең?
В деңгейі
Гараждан шыққан автобус 12 рейс жасайтын болса,такси осы бағытта 6 рейс жасайды. Орын ауыстыруы мен жолын салыстыр.
С- деңгей
Футболшы футбол алаңында солтүстікке қарай 40 м сосын 10 м шығысқа,одан 10 м оңтүстікке сосын, 30 м шығысқа жүріп өтті.Футболшының толық орын ауыстыру модулі қандай?



Критерий

Дескриптор

белгі

Қозғалыс-ты сипат- тайтын шамалар-ды есептер шығару барысында қолданады.

1.А деңгейінде анықтайды.
2.В деңгейінде салыстырады
3.С деңгейінде есептеп шығарады.










IV«Дұрыс жолды таңдай біл» стратегиясы бойынша саралау тапсырмаларымен жұмыс
«Сәйкестендіру» кестесін пайдаланып төменде берілген денелердің қозғалыс траекториясын сәйкестендіру керек.

Дене қозғалысы

Қозғалыс траекториясы




Арқандаулы аттың қозғалысы







«Ақсүйек» ойынында лақтырылған сүйек







Сағаттың минуттық тілінің қозғалысы







Келі түйгендегі келсап







Айдың Күнмен салыстырғанда-ғы қозғалысы
















Дескриптор

Белгі

Арқандаулы аттың қозғалыс траекториясын анықтайды.




«Ақсүйек» ойынында лақтырылған сүйектің қозғалыс траекториясын анықтайды.




Сағаттың минуттық тілінің қозғалыс траекториясын анықтайды.




Келі түйгендегі келсаптын қозғалыс траекториясын анықтайды.




Айдың Күнмен салыстырғандағы қозғалыс траекториясын анықтайды.




«Венн диаграммасы» бойынша орын ауыстыру мен жүрілген жолды салыстыру.
Әр топ оқушылыры бірлесе отырып плакатқа диаграмманы сызады, ерекшеліктері мен ұқсастықтарын ажыратады.


Дәптер,
қаламсап,
жұлдызшалар
.

Интербелсен-


ді тақта,есеп тер жинағы

Интербелсен-ді тақта

Плакат,мар-керлер





Сабақтың соңы
10 минут

Кері байланыс
«3.2.1» әдісі бойынша кері байланыс берулерін сұраймын
1.Мен бүгін өзіммен бірге.................аламын.
Себебі................... 3 себеп
2....................жайлы ойлануым қажет
Себебі................... 2 себеп
3.Мен.......................лақтырып жіберемін
Себебі................... 1 себеп
Осы әдіс арқылы оқушылар бүгінгі тақырып бойынша бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, «Білім ағашына» жапсырады.

«Білім ағашы» макеті,стикерлер









Үйге тапсырма
7.2.1.1 тақырыпты оқу, әр оқушы өз үйінің кеңістіктегі орнын санақ жүйесін құру арқылы анықтау.









Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Сабақ барысында оқушылардың алдыңғы материалдар бойынша білімін тексеру мақсатында «Доп лақтыру» әдісі пайдаланылды. Бұл әдіс оқушылардың теориялық сұрақтарды бағалауға, тілдік мақсаттардың орындалуына көмек береді және оқушыларды өз еркімен сөйлеуге итермелейді.Сабақ басында «Ой қозғау» әдісі бойынша оқушылар өмірмен байланысты сұрақтарға жауап бере отырып, жаңа тақырыпты өздері ашады.Ал «Джигсо» әдісі арқылы оқушылар жаңа сабақты өздігінен игеріп,топпен ынтымақтасып жұмыс істейді. Сонымен қатар жаңа сабақты меңгертуде берілетін тапсырмалар оқушылардың деңгейіне қарай сараланған. «Есептеу білімді еселеу» әдісінде оқушылар өз деңгейіне қарай тапсырмаларды орындайды. Кейбір оқушылар математикалық түрлендірулерді есептер шығаруда пайдалана алады. Сергіту сәтінде «Секундомермен қозғалыс» ойыны арқылы оқушылар уақытты бағалауды, үнемдеуді үйрене отырып, ойлау қабілетін дамытады.
«Дұрыс жолды таңдай біл» стратегиясы бойынша сйкестендіру кестесімен жұмыс жүргізілді.«Венн диаграммасы» бойынша оқушылар шамалардың ұқсастықтарымен айырмашылықтарын ажыратады.









Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.



Сергіту сәтінде ширату жаттығуларын орындау.
Физика кабинетінде қауіпсіздік ережесін сақтау.




Бағалау оқушыларды материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?



Қалыптаcтырушы бағалау жүргізу оқытудың қай кезеңінде болса да маңызды. Өйткені оқушылар жетістіктерін түсінеді және реттейді.Сабақ барысында оқушылардың білім деңгейін, жетістіктерін бағалап,қолдау көрсету үшін смайликтер, жұлдызшалар, мадақтау сөздерді пайдаландым.


15-13 Өте жақсы
12-10 Жақсы
9-5 Талпынады








Сабақ бойынша рефлексия
Оқу мақсаттары шынайы болды ма? Барлық оқушылар ОМ жетті ме? Егер жетпесе неге?
Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттары сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неге?












Жалпы бағалау
Сабақтың екі көрінісі жақсы өтті (оқыту мен қатар оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға ненің әсері тиуі мүмкін (оқыту мен қатар оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сыныппен бөлек оқушылар туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу керек?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет