Сабақ тақырыбы Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім Сабақ негізделген оқу мақсаты



бет6/7
Дата27.02.2020
өлшемі402,87 Kb.
#59145
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
5кл





СЫНЫП: 5

Қатысқан оқушылар саны:


Сабақтың тақырыбы:

Ас- адамның арқауы


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

55.2.2.1- қазақша амандасу мәнері мен ұлттық этикет формаларын пайдалану

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:

Тақырыптың аясында қазақша жай сөйлемдер құрау арқылы жаңа сөздерді меңгереді.



Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:

Мәтіннің табиғатын,жасалу жолын,байланысуын,сөйлемнен айырмашылығын меңгереді



Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.



Жетістік критерий- лері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақша пайдалы не зиянды тағамдар, жартылай дайын тағамдар туралы ақпарат бере алады.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақ тілінде жартылай дайын тағамдарды сипаттайды, оның пайдалы, зиянды жақтарын түсіндіреді.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында өз бетімен қазақша мәтін құрайды, қарапайым үлгілер арқылы Сөйлесімге келеді.


Тілдік құзіреттілік

Мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтау.



Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Алдыңғы оқу

Көз – адамның айнасы

Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы :

Басталуы


Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу

Түгендеу

Психологиялық ахуал !

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшілік- терді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақ- тарға жауап береді.


Жаңа білім


Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында оқулықтағы

1-тапсырманы орындатады. «Сатып алайық» ойы- нын ұйымдастырады. 4—4-тен топ құрғызады. Әр топқа бір сатушы тағайындайды, ал қалғандары сатып алушы болады.

Ә) Ой шақыру сұрақтарын қояды:

— Балалар, сендер қандай тағамдарды ұнатасыңдар? Жартылай дайын өнімдер дегеніміз не? Оның адам ағзасы үшін пайдасы бар ма?



Ортасы



Ас-адамның арқауы

Асыңыз дәмді болсын!

Сөздік

Тамақ - еда, пища өсімдік -растение

Ағза -организм сұйық май –растительное масло

Ақуыз -белок құрам - состав

көмірсутек -углеводород тәулік -сутки

қамтамасыз ету –обеспечить
1 . Мәтінді түсініп оқып, мазмұндап беріңдер.

Ас-адамның арқауы

Адам әр уақытта тамақ ішпей тұрмайды. Ол алуан түрлі болады.Тамақ арқылы ағза қажетті мөлшерде ақуызбен, маймен, көмірсутегімен, минералды заттармен, дәрумендермен, сумен қамтамасыз етіледі. Әдетте тауық жұмыртқасы, ірімшік пен сүзбе таза ақуыздан тұрады. Ет пен балықта да ақуыз көп болады. Майлар да әртүрлі болады.Өсімдіктен алынатын сұйық майлар да аз емес. Қант пен крахмалда, ботқада, нанда, картопта, жеміс жидектердің құрамында көмірсутек көп бола-ды.Адамға тәулік сайын күніне жүз грамм ақуыз, сексен бес грамм май, төрт жүз грамм көмірсутек қажет.



2

. Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңдер.
1.Тамақтану арқылы адам өз ағзасын немен қамтамасыз етеді?

2.Қандай тамақтар таза ақуыздан тұрады?

3.Көмірсутек қандай тамақтардың құрамында көп кездеседі?

4.Адамға тәулік сайын қанша ақуыз,май,көмірсутек қажет?



. Суреттегі тамақтардың түрлерін атап, олармен сөз тіркестерін құрастырыңдар.

        
. Мәтінді пайдалана отырып «Азық –түлік дүкенінде» тақырыбына диалог құрастырыңдар.
Қос сөздер

Екі түбірдің қосарланып немесе қайталанып айтылуынан жасалған сөздер қос сөздер деп аталады.Мысалы: азық-түлік,қант-шай, ет-мет, көрші-көлем, киім-кешек т.б.

Қос сөздер

Қосарлама қос сөздер Қайталама қос сөздер


Қос сөздердің жасалу жолдары

1.Бір сөздің ешқандай өзгеріссіз қайталануынан: айта-айта, көре-көре, бара-бара,төбе-төбе т.б.

2.Буындардың қосарлануынан:ап-ащы, кіп-кішкене, тіп-тік т.б.

3.Бір дыбыстың өзгеруінен: ет-мет, тарс-тұрс, кісі-місі т.б.

4.Мағынас жағынан жақын немесе қарама-қарсы сөздерден: аспай-саспай, жатса-тұрса, талан-тараж т.б.


Аяқталуы

Сабақты бекіту




 Тапсырма:

 1.Нан сөзін септеңдер

 2.Нанды, өмірдің, балалар, дастарханнан, оқушы сөздерінің түбірін анықтаңдар

Оқулықтағы 11-тапсырманы орындатады.

«Оймоншақ» ойынын ұйымдастырады.

Ойынның шартын орындайды.

Оқулықтағы 10-тапсырманы орындатады.

Жағдаяттық тапсырманы орындайды.



Бағалау


«Білім қоржыны» кері байланыс

Үйге тапсырма: Бүгінгі күннің қалай өткені жайлы күнделікке өз ой-пікірлерін жазып келу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет