«Шетпе лицейі» мемлекеттік мекемесі
Ашық сабақ
Тақырыбы: Объектілерді енгізу
10-сынып
Өткізген: информатика пәнінің
мұғалімі Уразова Ш.Х.
2016-2017 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Объектілерді енгізу
Сабақтың мақсаты:
Visual Basic бағдарламасында шығармашылықпен жұмыс істеу дағдысын
қалыптастыру
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Объектілі бағдарланған программалау бойынша алған білімдерін саралау.
Дамытушылық: Әр оқушының сабаққа деген ынта мен қабілетін біріктіріп,
қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелілік : Елге, мектепке деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімін ояту және ұлы отан соғыс ардагерлерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:
Тест, практикалық тапсырма, сәйкестендіру кестесі
Сабақтың құрал-жабдықтары:
проектор,экран , Visual Basic 6.0, компьютер,
Сабақтың түрі: практикалық-ізденіс сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, тест алу, практикалық тапсырманы орындау, СКТ, сәйкестендіру кестесін толтыру.
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, ағылшын тілі
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
1-тапсырма Тест алу
2-тапсырма Кесте толтыру
3-тапсырма Сәйкестендіру кестесі
ІІІ.Практикалық жұмыстарды орындау
ІV.Бекіту.
V.Үйге тапсырма.
VI.Бағалау.
VІІ.Қорытынды.
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды топқа бөлу.Сабақтың мақсатымен және практикалық жұмысты орындау барысымен таныстыру.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
1.ТЕСТ алу.
-
Қандай мәзір арқылы қосымша жасауда қолданылатын файлдармен жұмыс жасауға болады?
А) edit Б) file В) view
-
Проектілермен жұмыс істеуде қолданылатын мәзір
А) edit Б) format В) project
-
Қосымшаларды іске қосу үшін қолданылатын мәзір
А) run Б) file В) tools
-
Мәтіндік, сандық шамаларды шығару үшін қолданылатын компонент
А) pointer Б) frame В) label
-
Формаға жанында жалаушасы бар жазу шығаратын компонент
А) pointer Б) check box В) combo box
-
Формаға түрлі типті бейнелік файлдардан суреттер шығаратын компонент
А) picture box Б) shape В) image
-
Формаға графиктік өріс шығаратын компонент
А) picture box Б) shape В) image
-
Формаға түрлі геометриялық фигураларды шығаратын компонент
А)timer Б) OLE В) shape
-
Формаға сызық салу үшін қолданылатын компонент
А) line Б) data В) shape
-
Формаға уақыт өлшеуіш шығаратын компонент
А) data Б) timer В) OLE
«Адасқан сөздер»
№
|
Атауы
|
№
|
Қызметі
|
1
|
Pset
|
1
|
Түзу салу процедурасы
|
2
|
DrawWidth
|
2
|
Тіктөртбұрыш салу процедурасы
|
3
|
Scale
|
3
|
Іші боялған тіктөртбұрыш сызу
|
4
|
Line B
|
4
|
Нүкте салу
|
5
|
Line BF
|
5
|
Графикалық нысан
|
6
|
PictureBox
|
6
|
Шкала
|
7
|
Line
|
7
|
Сызық өлшемі
|
3. Келесі тапсырма Сәйкестендіру кестесі деп аталады, яғни оқушылар басқару компоненттерінің аттарын өзіне сәйкес орнына қояды.
Сәйкестендіру кестесі
 
ІІІ.Практикалық жұмыстар
Оқушылар таңдау бойынша тапсырманы орындайды.
1-топ: Бәйтерек, тудың суретін салып, программасын құрайық
Оқушылар компьютерлерінде орнатылған VB –те өлең жолдарымен немесе құттықтау сөздер жазу арқылы практикалық жұмыстарды жасайды.
2-топ: Шыршаның суретін салу
3-топ: Машинаның суретін салу
IV.Бекіту. Сәйкестендіру тестісі
Textbox
|
Жазуларды, тақырыптарды бейнелеу үшін қолданылады
|
Label
|
Батырманың бетіне сурет қояды
|
CommandButton
|
Фон түсін орнатады
|
Alignment
|
Жақтау түрін орнатады
|
BackColor
|
Тексті жақтаулар бойынша түзейді
|
BorderStyle
|
Шрифт түстерін орнатады
|
ForeColor
|
Әртүрлі мәтін енгізу және шығару үшін қолданылады
|
Caption
|
Тақырып жолында бейнеленетін мәтінді орнатады
|
Picture
|
Батырманы басумен шақырылатын әрекеттерді орындау үшін қолданылады
|
Достарыңызбен бөлісу: |