Сабақ тақырыбы «Қобыланды батыр»



бет2/2
Дата06.02.2022
өлшемі237 Kb.
#80379
түріСабақ
1   2
Байланысты:
К.С.Тулеутаева Кобыланды батыр КМЖ

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: фабуласы мен сюжетін анықтайды.
Пәнге қатысты сөздік қор мен сөз тіркестері: қыстау, әулие, қамқа, енші, пір, баулу, намазшам, наз, ынтызар
Диалог пен жазу үшін қолданылады: менің ойымша, біріншіден, байқауымша, т.б.

Құндылықтарға баулу

Достық және айналасындағыларға қамқорлық көрсету

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану

Алдыңғы білім



«Миға шабуыл» әдісі. «Батырлар жыры туралы біз не білеміз?»






Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Cабақтың басы

Пихологиялық ахуал
«Жүректен-жүрекке» тренингі. Топтар бір-біріне сәттілік тілейді.
Топтарға бөлу.
1-топ. «Кендебай тобы»
2-топ. «Қобыланды тобы»
3-топ «Алпамыс тобы»
«Сүзгі» әдісі арқылы «Қобыланды батыр» жырының тақырыбы, идеясын тапқызу
-Үзінді неліктен «Алғашқы сын» деп аталады? (Оқушылардың жауабын тыңдау, талқылау)
«Қобыланды батыр» жыры туралы аудиожазба тыңдату
(Жауаптарын салыстыру)
«Аяқталмаған сөйлем» әдісі арқылы тапсырмалар беріледі

  1. Сексенге жасы келген Тоқтарбай халықтан асқан бай болады, алайда...

  2. Тоқтарбайдың бәйбішесі Аналық елу жасқа келгенде...

  3. Тоқтабайдың жылқыда тоқсан құлы бар еді, тоқсан құлдың бастығы...

  4. Бұрқыраған буды, шуылдаған шуды естіген Қобыланды Естемістен : «Бұл не қылған дауыс?» - деп сұрағанда, Естеміс ер...

  5. «Қабырғаң сенің қатқан жоқ, Омыртқаң өсіп жеткен жоқ»,- деп Естеміс Қобыландыны тоқтатса да, ...

  6. Қобыланды қолына қозы жауырын жебені алып, ...

  7. Құртқа сынды сұлуды Қобыландыдай батырға берейін деп жатқанын естіген Қызыл ер...

  8. Жауын жеңген Қобыланды батыр ...



аудиожазба

Сабақтың ортасы



1-топ. «Оқиғалар тізбегі» әдісі бойынша оқиғаларды
7 кезеңге жіктеп жаз.














Кезең атауларын мақал-мәтелмен алмастыр. Мысалы:

  1. Балалы үй – базар, Баласыз үй – мазар.

  2. Туады ерлер ел үшін.

  3. Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы.

  4. Бөрі азығы жолда, ер азығы жолда. Ер басына күн туса, ереуіл атқа ер салар.

  5. Мергеннің көзі де мерген, қолы да мерген.

  6. Қоянды қамыс, жігітті намыс өлтірер.

  7. Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.
2-топ. «Оқиға тауы» әдісі бойынша әңгіменің композициялық құрылысына талдау жаса



Дамуы: хикая басталады. Әр түрлі жайттар орын ала бастайды







Басталуы: хикая басталады. Әр түрлі жайттар орын ала бастайды


3-топ. «Тоқу» стратегиясы

Реті

Тоқу тәсілі

Тоқу үдерісі



Тоқудағы мақсат

1

Зат есім

Шығарма тақырыбы мен идеясы не?

Түйін жасайды

2

Сан есім

Кейіпкерлер саны қанша?

Есте сақтайды

3

Сын есім

Басты кейіпкердің келбеті қандай?

Кейіпкердің өзіндік құндылығын ашады

4

етістік

Қайтті? Кейіпкердің іс-әрекеті

Салдары мен себебін табады

5

одағай

Кейіпкердің сүйсіндірген іс-әрекеті

Одағайды қатыстырып «Қазіргі күннің Қобыландылары» тақырыбында ойтолғау жазады
(7-8 сөйлем)

Дескриптор:
- Шығарманың фабуласы мен сюжетін анықтай алады;
- Жырдың сюжеттік желісі бойынша оқиғалар тізбегін құра алады;
- Жырдың композициялық құрылымын талдай алады.
ҚБ. «Бағдаршам». Оқушы жауабы толық болса жасыл белгіні, әлі де толықтыру керек болса қызыл белгіні, жауабы толық емес болса сары белгіні көтеру арқылы бағалайды.

Қорытынды
«Синквейн» стратегиясы
1-жол. Тақырыптың атауы (зат есім)
2-жол. Тақырыпты сипаттайтын екі сөз (сын есім)
3-жол. Тақырып туралы қимылды білдіретін үш сөз (етістік)
4-жол. Тақырыпқа қатысты төрт сөз орамы
5-жол тақырыптың мәнін ашатын синоним сөз

кесте


Сабақтың соңы

Рефлексия
«Екі жұлдыз, бір тілек»




Қосымша ақпарат

Қобыланды батыр туралы қосымша ақпарат беру


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет