Сабақ тақырыбы: Оксидтер: құрамы, номенклатурасы, жіктелуі, қасиеттері, алынуы. Мақсаты



Дата22.02.2020
өлшемі36,63 Kb.
#58807
түріСабақ
Байланысты:
оксидтер Ермекова Г

Саран қаласының №7ЖББМИ

биология және химия мұғалімі

Ермекова Гульнара Садвакасовна


Қысқа мерзімді жоспар

Химия 8 сынып

Сабақ тақырыбы:

Оксидтер: құрамы, номенклатурасы, жіктелуі, қасиеттері, алынуы.

Мақсаты:


Оксидтерді басқа заттардан ажырата алуға, ерекшеліктерін түсінуге, атай алуға, реакция теңдеуін құрастырып, есептер шығара алуға, алған білімін өмір тәжірибесінде қолдана алуға ықпал ету

Күтілетін нәтиже

А оқушы - оксидтерді ажырата, атай алады, алыну жолдарын біледі, өз білімін бағалай алады, салыстыру, талдау жұмыстарын жасай алады, материалға баға береді, тақырыпқа байланысты тәжірибе жұмыстарын жасайды, есептер шығарады

В оқушы - оксидтерді ажырата, атай алады, алыну жолдарын біледі, өз білімін бағалай алады, салыстыру жұмыстарын жасай алады, алгоритм бойынша есеп шығарады

С оқушы - оксидтерді ажырата, атай алады, раекция теңдеулерін мұғалім көмегімен жаза алады


Түйінді идеялар

Сын тұрғысынан ойлау, дарынды балалармен жұмыс, АКТ мүмкіндіктерін қолдана отырып оқушының өз бетімен білім алуын қамтамасыз ету, өзін-өзі бағалау

Сабақ барысы:


уақыты

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті


бағалау

Ресурстар

қалыптастырушы



жиынтық

Топтарға біріктіру 2 мин

Оқушыларға жемістер таңдап алуға ұсыныс жасалады

Оқушылар өздері таңдап алған жемісіне сәйкес топтарға бірігеді







Суреті бар парақшалар

Білімдерін тексеру 2 мин

Оттек бойынша білетін білімдерін тексеру мақсатында сұрақтар қояды: 1. Оттек латын тілінде қандай мағынаны білдіреді? 2. Оттектің атмосферадағы пайыздық мөлшері қандай? 3. Оттекті бос күйінде алған кімдер? 4. Оттек атомында неше электрон бар? 5. Өнеркәсіпте оттекті неден алады? 6. Зертханада оттекті неден алады? 7. Оттек атомынан тұратын оттектен басқа жай зат қалай аталады

Оқушылар парақшаға қысқа жауаптар жазады

Бірін-бірі тексереді




Сұрақ жазылған парақша

Ой шақыру 1 мин

Интербелсенді тақтаға формулалар жазылады: CuO, H2S,FeO, MnO2, H2O Барлығына ортақ қандай белгі байқап отырсыңдар

Артық формуланы сызып, қалғанын атаңдар



Оқушылар бинарлы қосылыстар деген жауап береді.

Артық формуланы сызады, қалған заттардың құрамында оттек атомы бар деп жауап береді. Оксидтер деп атауы мүмкін



Мұғалім қолдауы




Флипчарт беті

Тақырыпты анықтау 1 мин

Тақырыпты айту

Оқушылар дәптерлеріне жазады







Оқушы дәптері

Анықтама қорыту 1 мин

Оксидтерге анықтама беру қажет деген тапсырма береді

Оқушылар жұпта талқылап анықтаманы айтады, ортақ анықтама шығарылады, дәптерге жазады

Мұғалімнің түзету енгізуі







Оксидтерді атау 3 минут

Оксидтерді атау жүйесімен таныстырады

Оқушылар қажетті ақпаратты жазып алады







Грекше сандар жазылған парақшалар

Оксидтерді жіктеу 3 мин

Оксидтердің жіктелу схемасын ұсынады

Оқушылар танысып, қандай принцип бойынша бөлінетіні түсіндіруге тырысады

Мұғалім түзету енгізеді




Флипчарт беті

Химиялық қасиеттерімен танысу 6 мин

Оттектің химиялық қасиеттерімен танысу мақсатында оқулықпен жұмыс ұйымдастырады

Химиялық қасиеттерімен танысу мақсатында оқулықпен жұмыс жасайды.

Оқушылар орындайды, 1 оқушы тақтада орындайды, бірлесіп тексереді




оқулық

Көрсетілім 2 мин

6.2 көрсетілім Кальций оксидінің сумен әрекеттесуі (әкті сөндіру). Мұғалім техника қауіпсіздігі ережелерін сұрайды

Оқушылар ҚЕ еске түсіреді. Оқушы орындайды. Реакция белгілерін айтады. Оқулықтағы схема бойынша реакция теңдеуін құрастуға тырысады.

Мұғалім бағалауы




Кальций оксиді,су, лакмус

Сергіту сәті 2 мин

Мультимедиялық жаттығуды қосады

Оқушылар жаттығу жасайды







Интербелсенді тақта

Есеп шығару 7 мин

2,7г АІ оттекпен әрекеттескенде түзілген оксидтің массасын табыңдар

Оқушылар есепті орындайды, эталон арқылы тексереді

Өзін-өзі бағалауы




эталон

Оксидтердің алыну жолдары 5 мин

Алыну жолдарын көрсетеді. Мыс(ІІ) гидроксидінің ыдырау реакциясын көрсетеді

Оқушылар реакция теңдеуін жазады. Жай және күрделі заттардың жану реакциясының теңдеулерін құрастырады







реактивтер

5 мин

оксидтердің формуласы жазылған парақ таратады

Оқушылар екі түрлі әдіспен атайды

Оқушылар эталон арқылы тексеріп, өздерін бағалайды

Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша білімдерін бағалау парағы бойынша қорытып шығарады

Формула жазылған парақшалар, интербелсенді тақтадағы эталондар

2 мин

Оқушы мүмкіндігіне байланысты оқулықтан, есептер жинағынан тапсырма беріледі Есеп жинағынан: № 2-66 , 2-67, 2-68 Оқулықтан: §23 № 1,3,5

Оқушылар тапсырманы жазып алады







күнделік

3 мин

Оқушыларға стикерлер таратылады,

Стикерлерге оқушы мен...... білдім, мен......... үйрендім деген екі сөйлем жазады




Мұғалім қорытынды бағаны журналға қояды

Сынып журналы, бағалау парақшалары, стикерлер




Оқушыларға берілген тапсырмалар:

Тапсырма1. Қысқаша жауабын жаз

1. Оттек латын тілінде қандай мағынаны білдіреді? _______________________________

2. Оттектің атмосферадағы пайыздық мөлшері қандай?____________________________

3. Оттекті бос күйінде алған кімдер? ___________________________________________

4. Оттек атомында неше электрон бар? ______________________________________

5. Өнеркәсіпте оттекті неден алады? _______________________________________

6. Зертханада оттекті неден алады? _________________________________________

7. Оттек атомынан тұратын оттектен басқа жай зат қалай аталады__________________

Тапсырма 2. Мына оксидтерді екі түрлі жолмен ата:



формуласы

1 жол

2 жол

K2O







Fe2O3







FeO







Mn2O7







N2O5







CaO







Грекше сандар:

  1. Моно

  2. Ди

  3. Три

  4. Тетра

  5. Пента

  6. Гекса

  7. Гепта

Тапсырма 3. Оксидтерді жіктеңдер:BaO,CuO,AI2O3,FeO,SO3,SO2,ZnO,P2O5,K2O

Негіздік оксид

Екідайлы оксид

Қышқылдық оксид










Тапсырма 4. Барийдің, күкірсутектің H2S жану теңдеуін құрастырыңдар. Күкірттің оттекпен қосылысындағы валенттілігі төртке тең болатынын ескеріңдер.

Тапсырма 5. Есепті шығар: 2,7г АІ оттекпен әрекеттескенде түзілген оксидтің массасын табыңдар.

Эталондар

Тапсырма1. Қысқаша жауабын жаз

1. Оттек латын тілінде қандай мағынаны білдіреді? Қышқыл тудырушы

2. Оттектің атмосферадағы пайыздық мөлшері қандай? 21

3. Оттекті бос күйінде алған кімдер? Джозеф Пристли, Антуан Лавуазье, Карл Шееле

4. Оттек атомында неше электрон бар? 8

5. Өнеркәсіпте оттекті неден алады? ауадан

6. Зертханада оттекті неден алады? Калий перманганаты, калий хлораты

7. Оттек атомынан тұратын оттектен басқа жай зат қалай аталады озон
Тапсырма 2. Мына оксидтерді екі түрлі жолмен ата:

формуласы

1 жол

2 жол

K2O

Калий оксиді

Ди калий монооксиді

Fe2O3

Темір (ІІІ) оксиді

Ди темір триоксиді

FeO,

Темір (ІІ) оксиді

Темір монооксиді

Mn2O7

Марганец (VII) оксиді

Ди марганец гептаоксиді

N2O5

Азот (V) оксиді

Ди азот пентаоксиді

CaO

Кальций оксиді

Кальций монооксиді

Тапсырма 3. Оксидтерді жіктеңдер:

Негіздік оксид

Екідайлы оксид

Қышқылдық оксид

BaO , CuO, K2O,

AI2O3, FeO, ZnO,

SO3,SO2 , P2O5

Тапсырма 5. Барийдің, күкірсутектің H2S жану теңдеуін құрастырыңдар. Күкірттің оттекпен қосылысындағы валенттілігі төртке тең болатынын ескеріңдер.

2Ва+ О2 → 2ВаО

2H2S+ 3О2 → 2H2О+ 2S О2

Тапсырма 3. Есепті шығар: 2,7г АІ оттекпен әрекеттескенде түзілген оксидтің массасын табыңдар.

Реакция теңдеуі:

4AI+3О2 → 2AI2О3

108 г АІ- 204 г AI2О3

2,7 г АІ- Х г AI2О3

Х= 5,1 г

Бағалау парағы



критерий

дескриптор

баллдары

Жалпы балл

Оқушының алған балы

Оттек туралы теориялық білімі

Мүлдем білмейді

0

3




2-3 дұрыс жауап

1




4-5 дұрыс жауап

2




5-6 дұрыс жауап

3




Реакция теңдеуін дұрыс құрастыра алуы

Реакция теңдеуін құра алмайды

0

6




Реакцияға түсетін және реакция нәтижесінде түзілетін заттардың валенттілік бойынша формуласын дұрыс жазады

4




Реакцияны теңестіре алады

2




Есепті шешуі

Есепті шешу жолын білмейді

0

9




Қажетті формуланы біледі

1




Берілген заттардың массасын көрсете алады

1




Анықталатын заттың массын белгілей алады

1




Реакция теңдеуі бойынша заттардың массасын анықтай алады

3




Пропорцияны дұрыс құрады

1




Есептеуді жасай алады

1




Есептің жауабын жазады

1




Оксидтерді атай алуы

Атай алмайды

0

3




3 атауын дұрыс жазған

1




4 атауын дұрыс жазған

2




5-6 атауын дұрыс жазған

3




Оксидтерді жіктей алуы

Жіктей алмайды

0

4




3-4 дұрыс

1




4-5 дұрыс

2




6-7 дұрыс

3




8-9 дұрыс

4




Жалпы балл













Бағалау:

Тапсырманы орындау пайызы

Ұпай саны

Баға

89-100%

22-25

«5»

72-88%

18-21

«4»

55-71%

14-17

«3»

0-54%

0-13

«2»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет