Сабақ тақырыбы Орталық Азия: ұғымының тарихи және географиялық аспектілері



бет1/2
Дата05.06.2023
өлшемі23,98 Kb.
#178311
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
10-synyp-mzh2020zh (1)


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Орталық Азия өркениеттері: саналуандылығы және мәдени ортақтығы

Мектеп: Алматы обл.,Қарасай ауд., Кемертоған орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Атабаева Халида Абдулбариевна

Сынып: 10

Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:




Сабақ тақырыбы

Орталық Азия: ұғымының тарихи және географиялық аспектілері.

Тарихи концепт (фокус):

маңыздылық

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.1.1. 1 «Орталық Азия» түсінігін аймақтың тарихи және географиялық ерекшеліктерін сипаттау үшін пайдалану



Сабақ мақсаттары

Орталық Азияның негізгі географиялық ерекшеліктерін анықтайды.



Бағалау критерийлері

Қолдану картамен жұмыс атқарады.
Анализ мәтінді талдау, сұрақтарға жауап береді.
Бағалау Орталық Азия аймағының тарихи маңыздылығына баға береді.



Тілдік мақсаттар



Тілдік мақсат:
Пәнге тән лексика мен терминология:
Ұлы Дала өркениеті, Тұран, Оғыз даласы, Дешті Қыпшақ, көшпелі шаруашылық, далалық ландшафт, далалық аймақ, Мәңгілік Ел, Ұлы Дала елі, Ботай мәдениеті, Беғазы-Дәндібай мәдениеті. Өркениет, мәдениет (рухани және материалдық), тарихи, географиялық ерекшелік, өркениет ошақтары, Орталық Азия, Ұлы Дала өркениеті.
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
Көшпелілер мекендеген аумақ «Ұлы Дала» деп аталады, себебі ...Көшпеліліктің қалыптасуына .......... факторлар әсер етті. Ұлы даланы мекендеген тайпалар мен мемлекеттердің аумақтық орналасуындағы сабақтастық болды, өйткені ...Орталық Азия өркениеттері пайда болуының басты факторлары..... Орталық Азия өркениеттерінің ежелгі ошақтарының ерекшеліктері .....Орталық Азия халықтарының әлемдік материалдық/рухани мәдениетінің дамуына қосқан үлесі .....

Саралау түрлері

Оқу әрекетін ұйымдастыру бойынша. Оқушылардың өздігінен жұмыс жасау деңгейіне қарай.

Құндылықтарды дарыту

Құндылықтар:
- патриотизм
- өз елі үшін мақтаныш
- ұлттық сана-сезім
- тәуелсіздік

Пәнаралық байланыстар

Дүниежүзі тарихы

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта

Бастапқы білім



Оқушылар 9 сынып бағдарламасын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы
10 мин



9 сыныпта болған тақырыптарды қайталау.
М Алдыңғы білімін жаңғырту
1. Дүние жүзінің картасын қандай аймақтарға бөліп қарастыруға болады?
2. Қазақстанның географиялық орналасуына байланысты аймақты атаңыз.
3. Дүние жүзінің саяси картасынан немесе кескін картада Орталық Азия аймағын көрсетіңіз.
Оқушылар сабақтың тақырыбымен, оқу мақсатымен танысады.
Дүние жүзінің саяси картасын көрсетіп, 10-сыныпқа дейін география және тарих пәндері бойынша алған білімдері негізінде сұрақтарды талқылайды.

Презентация, жұмыс парағы
Абишева О. Центральная Азия как культурно-исторический регион. http://writers.kz/journals/?ID=12&NUM=287&CURENT=&ARTICLE=7677

Сабақтың ортасы


10 мин


10 мин
5 мин



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет