Сабақ тақырыбы: Орталық нерв жүйесіндегі нейрондардың өзара әрекеттесу принциптері. Орталық нерв жүйесінің тежелуі. И. Сеченовтың тәжірибесі



Дата09.11.2022
өлшемі0,65 Mb.
#157354
түріСабақ
Байланысты:
РМ ОМ 1курсс каз. №7




«Астана медицина университеті» КеАҚ

ТМ-10.3

Қалыпты физиология кафедрасы

5 беттің беті




7 сабаққа таратылатын материал
Сабақ тақырыбы: Орталық нерв жүйесіндегі нейрондардың өзара әрекеттесу принциптері.Орталық нерв жүйесінің тежелуі. И.Сеченовтың тәжірибесі
1.Ауызша сұрау:
1. Жүйке орталықтары. Негізгі физиологиялық қасиеттері: жинақтау, ырғақтың өзгеруі, қозудың кешігуі, төмен лабильділік, қажу, тонус, икемділік.
2. ОНЖ үйлестіру туралы түсінік. Субординация принципі.
3. Кеңістіктік және уақытша жинақтау(суммация).
4. Сонғы жалпы жол құбылыс принциптері. Реципрокты иннервация. Доминанттық қозу, оның анықтамасы және қасиеттері. Кері байланыс принципі.
5. Орталық нерв жүйесіндегі нейрондардың өзара әрекеттесу принциптері (қозу конвергенциясы, иррадиация, мультипликация, қозудың созылмалы принципі, окклюзия құбылыстары).
2.Практикалық жұмысты орындау

1 жұмыс. Тюрк әдісі бойынша жұлын-милық рефлексінің уақытын анықтау


Жұмысқа қажетті құралдар: бақаға арналаған фиксаторлы штатив, секундомер, препарат дайындауға арналған құралдар, 0,1;0,3;0,5% күкірт қышқылының ерітіндісіне батырылған мақта, су. Зерттеуді бақаға жүргізеді.
Жұмыстың орындалуы: Арнайы бақаға дайындап және оны штативке бекітеді. Артқы аяқтарының біреуін тізе буынына дейін 0,1% күкірт қышқылының ерітіндісіне саламыз және бір мезгілде секундомерді іске қосады. Аяқтың қышқылға салынған уақыттан бүгілу рефлексіне дейінгі уақытты өлшейді. Өлшенгеннен кейін, салқын сумен бақаның аяғын жуады. Бұл тәжірибені 2-3 рет 2-3 минут сайын қайталайды. Сосын осы тітіркендіру күші мен рефлекстің орташа уақытын есептейді. Содан кейін тәжірибені 0,3% және 0,5% қышқылмен ерітінді жасайды.
Жұмыстың қорытындысы және олардың безендірілуі. Тәжірибені салып, рефлекстің уақытын әртүрлі күштермен өлшеу:
Қорытынды:

2 жұмыс. Жұлын-милық рефлекстің орталықтан тежелуі (Сеченов тежелуі)


ОЖЖ- жүретін, үрдіс ретіндегі тежелу, 1862ж. И.М. Сеченовпен ашылды. Аралық миды тітіркендіру, жұлынмен іске асырылатын, рефлекстің тежелуін тудыруы мүмкін. Әрі қарай ОЖЖ-жоғарғы бөлімдері, жұлынның рефлекторлық әрекетін тежеуі немесе жеңілдетуі мүмкін.
Жұмысқа қажеттілер: препаровкалық құралдар, штатив, секундомер, 100 мл 3 химиялық ыдыстар, біреуі- 200 мл, NaCl тұздары, 0,5% -HCl ерітіндісі, Рингер ерітіндісі. Зерттеу объектісі – көлбақа.
Жұмыс барысы:көлбақаны препоравкалық тақтаға ішімен жатқызып, тіркейді. Қайшының көмегімен басында кескін жасайды, кескін орнындағы бас қаңқасының терісін алады. Кішкене қайшының үшкір ұшын бас қаңқасының қақпағының астына ендіреді. Миды жарақаттамас үшін, ми қақпағына көлденең кескін жасайды. Қақпақты екі бүйірі бойынша сүйекті кесе отырып, ми қақпағын алып тастайды. Өткір пышақпен (скальпельмен) көру төмпегінің үстінен кескін жүргізеді және кескіннен жоғары ми ұлпасын алып тастайды.
Көлбақаның жоғарғы жағымен штативке іледі және Тюрк әдісі арқылы (99 сурет, А), (№3-жұмысты қараңыз) рефлекс уақытын анықтайды. Фильтрленген қағаз арқылы ми беткейін кептіреді және көру төмпегіне NaCl (99 сурет, Б) тұздарын салады. Содан соң тікелей рефлекс уақытын анықтайды, тұзды алып тастап, миды физиологиялық ерітіндімен жуады. 5 минут уақыттан соң қайтадан рефлекс уақытын анықтайды.
Жұмыс нәтижелері және оны бейнелеу. Тәжірибе жобасын сызыңыз. Тәжірибенің әр түрлі жағдайларындағы рефлекс уақытын жазыңыз. Көру төмпегіне салынған ас тұзының әсерімен, рефлекс уақытының өзгеру себептерін талқылаңыз. Бақыланған құбылыстың сипаты туралы қорытынды жасаңыз.
Қорытынды:

Сызбалар мен кестелер салу:









Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет