Сабақ тақырыбы: Оқу мақсаты



Дата29.05.2023
өлшемі0,49 Mb.
#177953
түріСабақ
Байланысты:
16.Ағзаның ішкі ортасы


8.2А Заттардың тасымалдануы
  • Ағзаның ішкі ортасы. (қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы) және оның ағза тұрақтылығын ұстаудағы маңызы.
  • Лимфа жүйесі.

Сабақ тақырыбы:
Оқу мақсаты:
8.1.3.5 лимфа жүйесін және қан, ұлпа сұйықтығы мен лимфа арасындағы өзара байланысты сипаттау

АҒЗАНЫҢ ІШКІ ОРТАСЫ


АҒЗАНЫҢ
ІШКІ
ОРТАСЫ
Қан
Ұлпа
сұйықтығы
Лимфа

Қанның құрамы


Қан дәнекер ұлпасының сұйық түрі. Ағзада болатын қанның мөлшері адамның дене салмағына байланысты
4,5–5 л. Қанның құрамы – плазмадан (55%) және қан жасушаларынан (45%) тұрады Қан плазмасы – қанның сарғыштау түсті сұйық бөлімі.
Қанның құрамы - қан плазмасы және
қан жасушалары
Қанның
қызметі
Өкпеден дене жасушаларына оттекті және дене жасушаларынан өкпеге көмірқышқыл газын тасымалдайды.
Асқорыту мүшелерінен дененің барлық жасушаларына қоректік заттарды тасымалдайды.
Бұлшық еттен, бауырдан, асқазан - ішек жолдарынан өкпе мен теріге жылуды тасымалдайды.
Гормондарды ішкі секреция бездерінен бүкіл ағзаға тасиды
Зиянды заттарды дене жасушаларынан бөліп шығару мүшелеріне, теріге және өкпеге тасымалдайды.

ҰЛПА СҰЙЫҚТЫҒЫ және ЛИМФА


Ұлпа сұйықтығы – ағзада жасушалардың арасын толтырып тұратын қан плазмасынан
түзілетін түссіз, мөлдір сұйықтық. Жасушааралық кеңістікке қантамырларының қабырғалары
арқылы өтеді. Ересек адамда мөлшері шамамен 15–20 л.
Лимфа (латынша «lympha» – таза су, ылғал) – адамның лимфа тамырлары мен лимфа түйіндерінде болатын сұйық ұлпа немесе сарғылт түсті мөлдір сұйықтық.
Лимфада болатын лейкоциттерді –
лимфоциттер деп атайды. Лимфоцит – лейкоциттің бауырда түзілетін түйіршіксіз түрі.

Лимфа жүйесі


Лимфа жүйесі – жүрек-қантамырлар жүйесінің бір бөлігі. Лимфа жүйесі
арқылы ұлпалардан қантамырларға су, нәруыз, май, зат алмасу өнімдері қайта өтеді. Бұл жүйемен мөлдір, түссіз сұйықтық – лимфа ағады. Лимфа қанға ұқсас болғанмен құрамында
нәруыз өте аз және эритроциттер болмайды.
1 – жоғары қуысты көк қантамыр; 2 – кеуде қуысындағы лимфа өзегі; 3 – лимфа түйіндері; 4–лимфа капиллярлары (бағдаршаның бағыты
лимфаның қозғалысын көрсетеді
Лимфа
жүйесінің
қызметі
Ұлпа
сұйықтығының
қанайналым
жүйесіне қосы-
луына көмек-
теседі
Зиянды заттарды, микроағзаларды, бөтен бөлшектерді түзеді
Лимфаға майлардың қорытылу өнімдері сіңіріледі
1. Қан қайда пайда болады?......................................................................................
2. Қанның жасушасыз бөлігі қалай аталады?..................................................................
3. Лимфа қайда болады?......................................................................................................
4. Лимфа қайдан пайда болады?.........................................................................................
5. Жасушалардың арасындағы сұйықтық қалай аталады?..........................................
6. Ұлпа сұйықтығы қанға қалай қатып келеді?....................................................
7. Ол қалай тазартылады?...................................................................................
Қажетті сөздер (қан тамырында, плазма,лимфаға айналу арқылы, ұлпа сұйықтығы, лимфа тамырында, лимфа түйіндерінде, плазмадан)
№1 тапсырма
  • Қан қайда пайда болады? Қан тамырында

  • 2. Қанның жасушасыз бөлігі қалай аталады? Плазма
    3. Лимфа қайда болады? Лимфа тамырында
  • Лимфа қайдан пайда болады? Плазмадан

  • 5. Жасушалардың арасындағы сұйықтық қалай аталады? Ұлпа сұйықтығы
    6. Ұлпа сұйықтығы қанға қалай қатып келеді?Лимфаға айналу арқылы
    7. Ол қалай тазартылады?Лимфа түйіндерінде

№1 тапсырма

Ішкі ортаның ерекшеліктері

Қан

Ұлпа сұйықтығы

Лимфа

1.Мөлшері

2. Түсі

3.Ұлпасы

4.Құрамы

5. Түзілетін орны

6. Атқаратын қызметі

7. Айырмашылығы

Ағзаның ішкі ортасының ерекшеліктері
№2 тапсырма Дәптермен жұмыс

Ағзаның ішкі ортасының ерекшеліктері



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет