Сабақ Тақырыбы: «Өзіңді және басқаларды құрметтеуді үйренеміз»


Оқиға айту (Мұғалім сыйы)



бет4/5
Дата29.12.2021
өлшемі0,79 Mb.
#105977
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
000cafce-eac7bc97
Абай зияткерлік сайысы, Документ, №1 Практикалық сабақ, Махаббат қызық мол жылдар (3)

4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Ізетті бала

Г. Әзімбаева

Көктем мезгілі. Сабақтан соң Жәнібек тура үйіне бет алды. Өздерінің ауласына жақындап қалғанда, есік алдында тұрған қарияны көрді. Маңайда басқа ешкім жоқ екен. Қария үстіне кішкене қалыңдау шапан, басына бөрік киіп алыпты. Ауылдан келген адамға ұқсайды. Ауыр дорбасын орындықтың үстіне қойып, колындағы бір жапырақ қағазға қайта-қайта үңіледі.

Жәнібек қарияның жанына келді:

– Сәлеметсіз бе, ата? – деді.

Қария сөмке асынып, алдындағы тұрған балаға назарын аударды.

– Амансың ба, қайдан келесің? – деді қария.

– Мектептен келемін... – деді Жәнібек.

– Несінші сыныпта оқисың?

– Бірінші...

– Ой жақсы болды. Әріптерді біліп, таңбаларды танып қойған боларсың? Жаңа үйлердің сырттары өте ұқсас екен. Мына жазылған мекен-жайды оқып көрші... — деді қарт.

Жәнібек қағаздағыны мұқият оқып алды да:

– Ата, сіз іздеп жүрген үй, әне тұр ғой, — деді қызыл балконды үйді нұсқап. — Жүріңіз мен ертіп апарайын.

Қария балаға іштей сүйсінді. Көңілі жайланып, оның соңынан ақырын аяңдады. Жәнібек бірінші қабатқа кіріп, лифтінің тетігін басты. Есік ашылып, екеуі ішіне енді. Тағы бір тетікті басып еді, зуылдап жетінші кабатқа жетіп келді.

Ауылдан келген аталарына немерелері қатты қуанды.

– Адаспай қалай таптыңыз?.. – деді ұлы мен келіні танданып.

– Мына балам жетектеп келді, – деп қария бұрылып артына қарап еді, өзі ертіп келген бала көрінбеді.

Бұл кезде Жәнібек төмен түсіп сыртқа шығып кеткен еді.

– Қап, қоржынымдағы сәлемдемеден әлгі балаға бере алмадым-ау!.. – деп кария қынжылып қалды. Сәл үнсіз тұрды да:

Дегенмен өзі бір ізетті бала екен! – деп шын риза болды.

Сұрақтар:

1. Жәнібек қарияға қандай көмек көрсетті?

2. Жәнібектің әрекетінен нені байқауға болады?

3. Қандай адамды ізетті деп айтады?

4. Өздерің өзгелерге көмектесесіңдер ме? Сол кезде қандай сезімде боласыңдар?







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет