Сабақ тақырыбы: ҚР даму келешегі мен біртұтас ұлтты қалыптастыру саясаты



бет4/4
Дата11.12.2021
өлшемі19,39 Kb.
#99543
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
№14 Ққзт

Екінші кезең – 2021 - 2025 жж.

  • Кезеңнің мақсаты - негізгі жобаларды іске асыруды аяқтау мен орта мерзімді мақсатты индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу, сондай-ақ бірінші кезеңде қалыптастырылған критерийлер бойынша қоғамдық сананың өзгеру динамикасын бағалау.

Үшінші кезең – 2026 - 2030 жж.

  • Кезеңнің мақсаты - ұзақ мерзімді мақсатты индикаторларға қол жеткізу және Бағдарламаның қол жеткізілген нәтижелерін бағалау болып табылады.

"Рухани жаңғыру" бағдарламасына 6 арнайы жоба енгізіледі:

  • "Туған жер"

  • " Казахстанның сакралды географиясы",

  • " Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет ",

  • "100 жаңа оқулық",

  • "100 жаңа есім",

  • "Қазақ тілінің латын графикасына біртіндеп ауыстырылуы".

Рухани жаңғырудың алты бағыты

  1. Бәсекелік қабілет Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетінарттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады. Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында. Сол себепті, Цифрлы Қазақстан, Үш тілде білім беру, Мәдени және конфессияаралық келісім сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы.

  2. Прагматизм Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек. Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз.

  3. Ұлттық бірегейлікті сақтау Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Ұлттық салт - дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.

  4. Білімнің салтанат құруы Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.

  5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы Біздің кешегі тарихымыз бұлтартпас бір ақиқатқа – эволюциялық даму ғана ұлттың өркендеуіне мүмкіндік беретініне көзіміз жетеді.

  6. Сананың ашықтығы Көптеген проблема әлемнің қарқынды өзгеріп жатқанына қарамастан, бұқаралық сана-сезімнің от басы, ошақ қасы аясында қалуынан туындайды. Бір қарағанда, жер жүзіндегі миллиардтан астам адам өзінің туған тілімен қатар, кәсіби байланыс құралы ретінде жапатармағай оқып жатқан ағылшын тілін біздің де жаппай және жедел үйренуіміз керектігі еш дәлелдеуді қажет етпейтіндей.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет