Сабақ Тақырыбы: Шахмат фигураларының жүрістері Сыныбы: 11сынып



бет2/2
Дата08.02.2022
өлшемі19,66 Kb.
#122043
түріСабақ
1   2
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, математика

Сайыстың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушыларды түгендеу,назарлаын сабаққа аудару.
2.Оқушыларды топқа бөлу
3.Жұмбақ шешу арқылы оқушыларды 2-і топқа бөлемін.
Жұмбақ: Ешкім де жемейді,
Тәтті екен демейді.
Сарғайып кетеді
Үзіліп түседі(жапырақ)
Аң көрмесінде тұрмайды,
Базарлықтарды алмайды,
Ол қиғаштай жүреді,
Тұмсықпен ол жүргізеді. (Піл).


І топ «Шах» (ақ түс фигуралар)

ІІ топ «Мат» ( қара түс фигуралар)

-Психологиялық дайындық
Мұғалімнің сөзі
Балалар биыл ұлы ақын Абай атамызға 170 жыл толуда. Оны өздерің білесіңдер теледидардан, газет –журналдардан бүкіл қазақстан халқы тойлауда.Олай болса Абай атамыздың қандай өлеңдерін білесіңдер.
1 оқушы Абай атамыз туралы мағлұматтар береді.

Қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында туған.Биыл ұлы жазушыға - 170 жыл толуда (1845-1904) жылы туылған ұлы ақын, философ, ағартушы, композитор, қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы.

-Оқушылар Абай атаның өлеңдерін айтады.

Өлсе өлер табиғат,адам өлмес

Өлсе өлер табиғат, адам өлмес
Ол бірақ қайтіп келіп, ойнап – күлмес
«Мені» мен «менікінің» айрылғанын
«Өді» деп ат қойыпты өңкей білмес.

Көп адам дүниеге бой алдырған


Бой алдырып, аяғын көп шалдырған
Өлді деуге сыяма айтыңдаршы

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?

ІІ .Ұй тапсырмасын сұрау

Балалар біз өткенде қандай тақырып өттік?

І кезең «Кім жүйрік ?» әр топқа 10 сұрақтан беріледі .

Төрт бұрыштың ішіндегі сандарды басу арқылы сұрақтарға жауап береді.


1







2












3





4





















5





6







7



















8





9





10

































І топ «Шах» (ақ түс фигуралар)

1.Шахмат ойыны қай мемлекетте және қай ғасырда пайда болған? ( 5 ғасырда, Индия)
2.«Шах және мат» сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағына береді? ( «шах» билеуші, «мат» жеңілді, ұтылды)
3.Шахмат фигуралары ( король, ферзь, піл, ат, тура, пешка)
4.Шахмат фигураларының түстері қандай? (ақ және қара)
5.Шахмат тақтасында қанша шаршы бар? (64 )
6.Шахмат тақтасында қандай әріптер мен сандар бар? ( 1 2 3 4 5 6 7 8 - A B C D E F H G )
7.Ең әлсіз фигура қандай? (пешка)
8.Шахмат ойынының мақсаты қандай? (корольге мат қойып, ойынды аяқтау)
9.Шахмат ойынынан басқа қандай ойындарды білесің? 
10. Шахмат фигураларының саны ( 16, 16, 32)

ІІІ.Өтілген үй тапсырмасын бекіту

«Кім жылдам» тест тапсырмалары

ІV.Жаңа сабақ

Ой қозғау

Балалар біздің бүгінгі өтетін сайыс сабағымыздың тақырыбы шахмат фигураларының жүрістері

Бүгінгі күнің ретін дәптерімізге жазып алайық.

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Шахмат ойыны жоғары интеллектуалдық спорт түрі. Шахмат - адамның ақыл- ой дамуына ықпал ететін білім. Шахмат ойыны балаларға тек қуаныш сыйлайтын ойын ғана емес, ойлауды дамытудың тиімді құралы. Шахмат ойыны сонымен қатар, кеңістікті бағдарлай алу қабілетін дамытуға , ойлаудың аналитикалық синтетикалық жолдарын, ой тұжырымдарын жасау, есте сақтау, қорытынды жасай алу қабілетін, мақсат қос білу қабілетін дамытуға көмектеседі. Елбасымыз шахматтың тұнып тұрған есеп екенін айта келіп, «Есепке жүйрік адам математиканы еркін меңгереді» деген болатын. Сондықтан шахмат пен математика ғылым мен ілім ұштасып жатқан тұтас ұғым деп түсінуіміз керек. Шахмат айыны 1966 жылдан бастап 20 шілде Халықаралық шахмат күні ретінде тойланады.Бұл мереке 1924 жылы құрылған Әлемдік шахмат федерациясы шешімімен бекітілген. 1988 жылы сағатты қолдана бастады. Шахбокс-шахмат пен бокстан туған.
Дәптермен жұмыс
Термин сөздер
*Партия-ойыншылардың ойнаған әрбір ойыны
*Стратегия- ойынның жоспары
*Тактика- айла- тәсіл
*Дебют – ойынның басталуы,яғни алғашқы 10-15 жүріс.
*миттельшпиль- ойынның ортасы, шахматтың ең бір қызық кезеңі.
*Эндшпиль- ойынның аяғы, шахматтың соңғы кезеңі
Шахмат тақтасында фигуралар 3 түрлі жолмен жүре алады.
Олар: Вертикаль жолдар,
Горизонталь жолдар және диогональ жолдар.

Фигуралардың атауы:


1. Король- ең маңызды фигура
2. Ферзь – корольдің оң қолы, ең күшті фигура
3. Ладья — Ферзьден кейінгі күшті фигура
4. Конь – басқа фигураларды аттап өте алатын бірден-бір фигура.
5. Слон – Коньмен күші бірдей фигура
6. Пешка – ең әлсіз ойыншы
Фигуралар екіге бөлінеді.
1. Ауыр фигуралар: Ферзь, Ладья
2. Жеңіл фигуралар: Конь, Слон

Шахмат фигураларының жүрістер туралы мағлұматтар беру


Патша жүріс
Тура жүрістер
Пір жүрістер
Уәзір жүрістер
Ат жүрістер
Пешка жүрістері
Сергіту сәті
Жасырын ертегінің атын тап

14+6 с 27+13 т 45+25 ы

20+7 а 40+25 қ 50+30 н

20

27

40

65

70

80















83

27

85

27

97

27

99
















53+30 ж 65+20 п 83+14 л

56+43 қ

Топпен жұмыс

Ойлы болсаң озып көр (шахмат фигураларының қиындыларын құрастыру)

V.Шығармашылық жұмыс

Шахмат фигураларына өлең шығару

VІ. Сайыс сабақты бекіту

Жылдам, бірақ шатаспа сұрақтар қою
1. Шахмат ойынының соңғы кезеңі қалай аталады? (эндшпиль)
2.Ойынның басталуы,яғни алғашқы 10-15 жүріс қалай аталады? (дебют)
3.ойынның ортасы, шахматтың ең бір қызық кезеңі қалай аталады?
( миттельшпиль)
4.Фигуралар нешеге бөлінеді?(2-ге ауыр және жеңіл)

5.Жеңіл фигуралар? (Ат,піл)

VІІ.Үйге тапсырма

Шахмат тақтасындағы термин сөздерді жаттау

VІІІ.Бағалау

Алтын теңге көп жинаған топ ойыншылары марапатталады.

ІX.Қорытынды.

Сонымен балалар сайыс сабағымызды аяқтаймыз қай топтың қоржынында қанша теңге бар екен соны анықтаймыз және марапаттау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет