Сабақ Тақырыбы: «Шеңбер және дөңгелек»



бет2/3
Дата08.09.2017
өлшемі206,42 Kb.
#31100
түріСабақ
1   2   3

2. Сақина мен монетаның ұқсастығы неде, айырмашылығы неде?



IV. Жаңа материалды меңгерту бөлімі

Циркульдің инесін қандай да бір О нүктесіне шаншып тұрып, қарындашы бар сирағымен осы О нүктесін айналдыра сызық сызамыз. Сонда қарындаш О нүктесінен бірдей қашықтықтағы нүктелерден құралған шеңбер деп аталатын тұйық сызық шығады. О нүктесі шеңбердің центрі деп аталады.

Шеңбердің барлық нүктелері центрдан бірдей қашықтықта жатады.

Жазықтықтың шеңбердің ішіндегі бөлігі (шеңбердің өзімен қоса) дөңгелек деп аталады. Шеңбердің бойындағы кез келген нүктені центрмен қосатын кесіндірадиус деп аталады.



. С

О .

. О

. В

А .


Шеңбердің барлық нүктелері центрдан бірдей қашықтықта болғандықтан, берілген шеңбердің радиустары өзара тең. ОА=ОС=OB – радиустар.

Радиусты R әрпімен белгілейді. Шеңбердің радиусы 5 см болса, оның жазылуы: R=5 см. Шеңбердің бойындағы екі нүктені қосатын және центр арқылы өтетін кесіндіні диаметр деп атаймыз. АВ – диаметр. Диаметр D әрпімен белгіленеді. Шеңбердің диаметрі 6см болса, оның жазылуы D=6см. Диаметрдің бойында екі радиус орналасады. Сондықтан диаметр екі радиусқа тең: D=2 R.

Диаметр дөңгелекті екі жарты дөңгелекке бөледі. Шеңбердің центрі, дөңгелектің де центрі, шеңбердің радиусы дөңгелектің де радисы. Егер екі шеңбер (дөңгелек) беттестіргенде бір-бірімен дәл беттесе, онда ондай екі шеңбер (дөңгелек) өзара тең болады. Тең шеңберлердің (дөңгелектердің) радиустары да тең.



Шеңбердің бөлігі доға деп аталады. АС, СВ, АВ – доғалар. Жазылуы: .

Киіз үйдің табаны дөңгелек болса, оның керегелері шеңбер бойымен орналасады. Жердің параллель сызықтары – шеңберлер. Кейбір аспаптардың шкалалары да шеңбер бойымен орналасады. Мысалы, сағат циферблатның шеңбері 12 үлкен бөлікке, 60 кіші бөлікке бөлінген. Үлкен бөліктің әрқайсысы 1 сағатқа сәйкес, кіші бөлігінің әрқайсысы 1 минутқа сәйкес.

Каталог: uploads -> doc -> 0dcb
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0dcb -> Сабақтың тақырыбы: Ашықтұқымды өсімдіктерге жалпы сипаттама. Мақсаты
0dcb -> Сабақ тақырыбы: «Линза. Линзада кескін алу. Жұқа линзаның формуласы.»
0dcb -> Сабақтың тақырыбы Т. Айбергенов Аппақ қыс. Өсіп келе жатырмын Сілтеме
0dcb -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Мәңгілік ел: бір- ел, бір –тағдыр
0dcb -> З. Ж. Боранбаева 2015 жыл жыл
0dcb -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі Қазақ тілінен оқушылардың коммуникативтік


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет