Сабақ тақырыбы Шебердің қолы ортақ «Зергер» Фариза Оңғарсынова Оқу мақсаттары



Дата05.02.2020
өлшемі84,89 Kb.
#57212
түріСабақ
Байланысты:
docx1545674818 (1)

Қысқа мерзімді жоспар


Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Өнер

Сынып: 3

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Шебердің қолы ортақ

«Зергер» Фариза Оңғарсынова



Оқу мақсаттары

3.2.9.1 шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильм нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру

3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (салыстыру, теңеу, эпитет, кейіптеу) табу




Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:өлеңді түсініп оқып, қажетті ақпаратты табады.

Көпшілік оқушылар:түрлі дереккөздерден ақпаратты табады, сызба түрінде көрсетеді

Кейбір оқушылар:өлеңдегі әдеби көркемдегіш құралдарды табады

Бағалау критерийлері




Тірек сөздер

Шебер, зергер,таралғы,тобылғы

Құндылықтарды дарыту

Топтық,жұптық жұмыстарды орындау барысында ынтымақтастық орта қалыптастыру.Зергер өнерімен таныстырып, құрмет құндылығын дарыту

Пәнаралық байланыстар

Сөз мағынасын түсініп, қолдануда қазақ тілімен байланыс жасалады


АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта,үнтаспа

Алдыңғы білімді игеру

Мәтіннен ақпаратты табады, дереккөздермен жұмыс жасай біледі


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5минут


Ширату тапсырмасы:

«Шаттық шеңбері»

Сабақ басталар алдында қолданамыз. Оқушылар үлкен шеңберге тұрады, кезектесіп тілек айтады.



Топтарға бөліну:

Зергерлік бұйымдары арқылы топтарға бөліну



Өтетін тақырыпқа болжау жасау. Суреттерге зер салу. Ортақ тақырып табу





Қосымша 1

https://www.google.kz/search?q=картинки+детские+казахские++ювелирные+изделия

Слайд №1-4


Сабақтың ортасы

6-11минут

12-19минут

20-29минут

30-37минут



1-тапсырма

«Зергер» Фариза Оңғарсынова

(ЖЖ,Т) «Үштік» әдісі (Ойлан, жұптас, бөліс)

Топ бойынша тапсырманы оқиды. Топтағы оқушылар бірнеше жұптан бөлінеді:бірінші оқушы оқиды немесе айтады, екінші оқушы тындайды, үшінші оқушы түртіп алады, кейін өз пікірін айтады.

Өлеңді талдағаннан кейін әр топқа тапсырма

Білемін

Білдім

Білгім келеді











Саралау:Топтағы барлық оқушы жұмыс жасайды. Оқушылардың есте сақтау қабілеті сақталады. Өз ойын ашық айта алады

ҚБ «Жұлдызша»

Жақсы жұмыс жасаған топқа жұлдызшалар тарату



2-тапсырма

(Ж) «Төрт сөйлем» әдісі

Үнтаспадан Бауыржан Жақыптың «Тобылғы» өлеңін тыңдау

1. Пікір. Тыңдаған материал бойынша өзіндік пікірін бір сөйлеммен жазады.

2. Дәлел. Өлеңдегі көркем сөздерді табады,түсінік береді

3. Сұрақ. Өлеңге сүйеніп, тобылғы туралы сұрақ ойластырады?

4. Қорытынды. Өлеңнен нақты ақпаратты тауып, сызба түрінде көрсетеді

Саралау:Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтілетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу.

Жарайсыңдар!», «Өте жақсы»,«Керемет!» сөздерімен мадақтау арқылы бағалау

3-тапсырма (ЖЖ) « Ғажайып көрме» әдісі

Өлеңдер бөліктерге бөлініп беріледі. Оқушылар өлеңнің бөліктерін оқиды. Оқыған бөліктері бойынша сурет салады. Жұмысты жұппен орындайды

Саралау: Орындау барысында бағалау тәсілі арқылы сараланады. Оқушылардың жұмыстарының барлығы бағаланады.

ҚБ «Бір-бірін бағалау»

Оқушылар бір-бірінің жұмысын бағалайды.Өз жұмысында нені жақсарту керектігін анықтайды.



4- тапсырма (Т)« Жаңалық ашамыз» әдісі

Оқушыларға түрлі дереккөздер ұсынылады.Ғаламтордан немесе энциклопедияданхалқымыз тобылғы мен қамшыны неліктен қастерлегені туралы мәліметтер жинастыру


Саралау: Орындау барысында қарқын арқылы саралау. Кейбір оқушыларға қосымша уақыт беріледі

ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек»

Топтарды бағалау үдерісінде екі жұлдыз және бір тілек айтамын.

Екі жұлдыз – жұмыстарында ерекше ұнағаны

Бір тілек - жақсартуға болатыны



Оқулық29-30беттер

Қосымша 2

Слайд №5

Қосымша 3

https://www.google.kz/search?q=картинки+детские+таволга

Слайд №6


Қосымша 4

Слайд №7


Қосымша 5

Слайд №8


Сабақтың соңы

38-40 минут



«Бір ауыз сөз» әдісі

Оқушылар стикерлерге сабақ туралы бір ғана сөз жазып, оны тақтаға жапсырады. Өз ойларын түсіндіріп береді. Стикерлерге сабақты бағалайтын келесі сөздерді жазуға болады (оларды тақтаға алдын-ала тақтаға жазып қойған дұрыс): ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым т.б





Саралау

1-тапсырмада

Топтағы барлық оқушы жұмыс жасайды. Оқушылардың есте сақтау қабілеті сақталады. Өз ойын ашық айта алады.

2-тапсырмада

Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтілетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу.

3-тапсырмада

Орындау барысында бағалау тәсілі арқылы сараланады. Оқушылардың жұмыстарының барлығы бағаланады.

4-тапсырмада

Орындау барысында қарқын арқылы саралау. Кейбір оқушыларға қосымша уақыт беріледі


Бағалау

«Жұлдызша» әдісі



Жарайсыңдар!», «Өте жақсы»,

«Керемет!» сөздерімен мадақтау арқылы бағалау

«Бір-бірін бағалау»әдісі

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

Дескриптор


  • Өлеңді мәнерлеп оқиды

  • Мәтіннен қажетті ақпаратты анықтайды.

  • Ақпаратты сызба түрінде береді.

  • Дереккөздерден ақпаратты табады;

  • Өлеңнен көркем сөздерді анықтайды

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топпен жұмыс жасауда қауіпсіздік ережесін сақтау



Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?



Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?





Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет