Сабақ тақырыбы Статика және гидростатика. Массалар центрі. Тепе-теңдік түрлері Модуль /пән атауы



бет2/3
Дата06.11.2023
өлшемі30,66 Kb.
#189947
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
ҚМЖ ФИЗИКА 5такырып
Қақтығыс,девиация, ҚМЖ микроскоп

Статика (гр. statіke – салмақ, тепе-теңдік туралы ілім) – механиканың күш әсеріндегі материялық денелердің тепе-теңдік шарттарын зерттейтін саласы; механикалық жүйелердің тепе-теңдік күйін күш әсерімен зерттейтін механика бөлімі. Классикалық механиканың бөлімі.
Статиканың аксиомалары
Егер денеге немесе материалдық нүктеге бекітілген күштер жүйесі нәтижесінде дене тыныштық күйде болса немесе инерция бойынша қозғалса, онда бұл күштер жүйесі теңгерілген немесе нөлге эквивалентті деп аталады.
Дененің механикалық күйін өзгертпей-ақ оған теңгерілген күштер жүйесін қосса немесе алып тастаса болады.
Гидростатика – гидромеханиканың сұйықтықтардың тепе-теңдігін және қимылсыз тұрған сұйыққа батырылған дененің әсер етуін зерттейтін бір бөлімі. Гидростатиканың бұл теңдеуін шешкен кезде — М.Эйлер теңдеуі пайдаланылады.


Гидростатиканың негізгі заңдылықтары:
Паскаль заңындағы Эйлер теңдеуі
Сұйықтық туралы жалпы түсінік
Әр түрлі сұйықтардың табиғи жағдайы мен олардың қолдану шараларын қарастырған кезде қозғалу заңдылығымен қоса сұйықтың күш әсері мен жер бетіне немесе басқа заттардың бетіне тигізетін механикалық өсерін зерттейді. Осындай күрделі мәселелерді зерттеу кезінде бұл ілім ғылым ретінде қалыптасты да, оны гидромеханика гидравлика деп атайды.
Гидравлика деген сөз гректің су және құбырша деген сөзінен шыққан. Гидравлика әр түрлі сұйықтың тепе-теңдік жағдайы мен оның қозғалу (ағу) заңдылығын зерттейді де, осы заңның практикада түрлі инженерлік-техникалық есептеулер кезінде қолдану тәсілдері беріледі. Гидравлика мынадай негізгі бөлімдерден түрады: гидростатика, кинематика және гидродинамика.
Гидростатика сұйықтың тыныштықта түрғандағы тепе-теңдігі мен қатты дененің сұйыққа түгелімен немесе жартылай батқан кездегі сипатын зерттейді. Кинематика сұйық қозғалысының (ағынының) геометриялық көрсеткіші мен уақыт ішіндегі (жылдамдығы мен үдеуі) жағдайын зерттейді.
Гидродинамика сүйық қозғалысының заңдылығын және оған түсетін барлық күш әсерімен бірге зерттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет