Сабақ тақырыбы: Тәрбие процесі, оның мәні мен ерекшеліктері Мақсаты


Тәрбие процесі, оның мәні мен өзіндік ерекшеліктері



бет5/21
Дата06.02.2022
өлшемі52,77 Kb.
#80355
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
04.09.2020 ж. Лекция ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІ, ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.Тәрбие процесі, оның мәні мен өзіндік ерекшеліктері.
«Жас бала – жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді» - дейді халқымыз. Жерге отырғызған жас көшет те қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып, саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелеуді керек етеді.
Тәрбие кездейсоқ оқиға емес, ол қоғамның пайда болуына тән қасиет.
Тәрбие жеке тұлғаның санасына, мінез – құлқының дұрыс қалыптасуына әсер ететін құрал.
Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, олардың айналамен қарым – қатынасын, өмірге көзқарасын және соған сай мінез – құлқын қалыптастыру құралы.
Тәрбиелеу – халықтар бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту (Әл – Фараби).
«Тәрбие – біз кімдерді тәрбиелейміз, солардың жүрегіне ықпал ету... Тәрбие – бізге мәлім адамгершілік әдет – ғұрыптарын меңгеруді мақсат көздеп, бір адамның екінші адамға ықпал етуі»(Л.Н.Толстой).
«Тәрбие – кең мағынасында – бұл рухани жағынан үнемі жетілу және баюда көпсалалы процесс» (В.А.Сухомлинский).
«Тәрбие, кең мағынасымен алғанда, қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз. Ал енді, адамзат туралы айтылғанда, адамның баласын кәмл жасқа толып, өзіне - өзі қожа болғанша тиісті азық беріп, өсіру деген мағынада жүргізіледі» (М.Жұмабаев).
«Тәрбие – бұл адам жанын жетілдіру өнері. Тәрбиеде адам табиғатын жетілдірудің ең күшті сыры бар» (Иммануил Кант).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет