Сабақ тақырыбы Төртбұрыштар мен үшбұрыштардың аудандары



Дата04.01.2022
өлшемі421,15 Kb.
#109078
түріСабақ
Байланысты:
кмж 1
!22-ОШ БЖБ Физика 7-сын қаз-1

Қысқа мерзімді жоспар





Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.3A Аудандар

Мектеп: №76 Л.Шахатов атындағы орта мектеп

Күні:

Мұғалімніңаты-жөні: Есболатова А.Е

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Төртбұрыштар мен үшбұрыштардың аудандары

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.3.13 трапеция ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушы: трапеция ауданы формулаларын қорытып шығара алады және қолдана алады;

Басым бөлігі: Трапеция ауданы формулаларын қолданып, есептер шығара алады;

Кейбірі:Трапецияның ауданын табу формулаларын дәлелдей алады.

Бағалау критерийлері

  • Трапеция ауданы формулаларын қорытып шығара алады және қолданады;

  • Трапеция ауданы формулаларын қолданып, есептер шығарады;

  • Трапецияның ауданын табу формулаларын дәлелдейді.

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексикажәне терминология:

Трапеция, трапецияның биіктігі, трапецияның табандары, трапецияның диагональдері, трапецияның ауданы, трапецияның орта сызығы, трапецияның бүйір қабырғасы, тікбұрышты трапеция, тең бүйірлі трапеция.



Құндылықтарды дарыту

Бір -біріне құрметпен қарау, өзгенің пікірін сыйлау, ортақ келісімге келу, ортақ ой туындату .(Тарихтың мәдениет пен тілдің бір тұтастығы)

Пән аралық байланыстар

Архитектурамен байланыс, ғимарат моделін жасау барысында трапеция моделі қолданылады.

Бастапқы білім

Тіктөртбұрыш,үшбұрыш және параллелограмм ауданы.

Трапецияның түрлері



Сабақ барысы




Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин


2 мин

3 мин


3 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, оқушы қатысымына және сынып тазалығына назар аудару.

Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаевқа 175 жыл.Абай – ұлы ақын, сазгер, ағартушы, мысалшы, аудармашы.Абай атамыздың неше қара сөзі бар? Соның ішінде 17 қара сөзін бүгінгі сабағымызға арқау етіп алайық. Ол үшін үш баспалдақтан өтуіміз керек.

1-ші баспалдақ: «Қайрат»

Үй тапсырмасын тексеру.

№9 Параллелограмның қабырғалары 4 см және 23 см. Егер оның ауданы 12 см2 болса, онда параллелограмның сүйір бұрышын табыңдар.

№10. Параллелограмныңқабырғалары 12 см және 15 см. Ұзынқабырғасынажүргізілгенбиіктігі 8 см. Кішіқабырғасынажүргізілгенбиіктігін тап.

«Мен қандаймын?...» психологиялық ойынын өткіземін. Геометриялық фигураларды таңдайды, түстеріне байланысты 3 топқа бөлемін.

Сары түс – «үшбұрыш»

Көк түс – «квадрат»

Қызыл түс – «трапеция»


– Сіз лидерсіз. Әрқашан белсендісіз.




– Сіз жұмыс істегенді, оқып үйренгенді
ұнатасыз.


– Үнемі көтеріңкі көңіл-күйде жүресіз.



– Сіз креативті жансыз. Идеяңыз, фантазияңыз және энергияңыз мол.



– Сіз өте мейірімді жансыз. Жүрегіңіз жақсылық

пен мейірімге толы.

Өткен сабақты қайталау. «Тосын сый»




слайд

Түрлі түсті қималар




Сабақтың ортасы

8 мин


10 мин

7 мин



2- ші баспалдақ: «Ақыл»

Жаңа сабақ

«Кім білгір?» жаңа тақырыпты ашуға бағытталған сұрақтар

  1. Трапеция дегеніміз не?

  2. Трапецияның табаны дегеніміз не?

  3. Трапецияның биіктігі дегеніміз не?

  4. Трапецияның орта сызығы дегеніміз не?

  5. Трапецияның қандай түрлерін білесіңдер?

Теорема: Трапецияның ауданы оның табандарының қосындысының жартысы мен биіктігінің көбейтіндісіне тең.



Трапецияны қандай фигуралардан құрастыруға болады?



Топтық жұмыс

Ұзындықтары әр түрлі трапецияның қиындыларын топтарға таратып беремін. Сол қиындылардын трапеция құрастырып, қабырғаларын өлшеп, аудандарын есептейді





Дескриптор

  • қиынды қағаздардан трапеция құрастырады

  • қабырғаларының ұзындықтарын өлшейді

  • биіктігін табады

  • шыққан трапецияның ауданын есептейді

3 - ші баспалдақ: «Жүрек»

Жеке жұмыс

«Деңгейлік тапсырмалар»
А деңгей: Егер трапецияның табаны 6 см және 8 см, ал биіктігі 5 см болса, трапецияның ауданын тап.

Дескриптор

  • трапецияның ауданының формуласын жазады

  • өрнектің мәнін табады

В деңгей: Теңбүйірлі трапецияның табандары 14 см және 20 см. Периметрі 60 см. Трапецияның ауданын тап.

Дескриптор

С деңгей: Трапеция тәрізді шабындықтың табандары 450 м және 0,62км , ал биіктігі-325 м. Әр гектарынан орта есеппен 40 ц шөп жиналады. Осы шабындықтан жиналатын шөптің мөлшерін анықтаңдар.

Берілгені:

а = 450м

b= 0,62 км = 620 м

Һ=325 м

әр гектардан 40 ц шөп жиналады.

Т/к : Жиналатын шөптің мөлшері -?

Шешуі: S=a+b/2*h;

S= 450+620/2*325=535*325=173875м2=17s

Шөп мөлшері: 17*40=680 ц =68т

Жауабы: 68 тонна

Дескриптор


  • Трапецияның ауданының формуласын қолданады

  • Ауданның мәнін жазады

  • Шөп мөлшерін анықтайды

  • Жауабын жазады

Слайд

Плакат


Кеспе қағаздар


Сабақтың соңы

2 мин


2 мин

Кері байланыс. "Талқылау бойынша серіктестер" әдісі

Мен не білемін...

Мен бүгін үйрендім …

Мен не істей аламын ...

Мен үйреніп алдым …

Мен енді ......қабілеттімін.

Мен түсіндім …

Үйге тапсырма:№ 243

Рефлексия

Блоб ағашы






Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Есеп 1. Егер трапецияның орта сызығы 10 см, ал биіктігі 6 см болса, трапецияның ауданын тап.

Есеп 2. Егер трапецияның диагональдері 12 см және 14 см болса және де олар өзара перпендикуляр болса, трапецияның ауданын есепте.

Есеп 3. Табандары 21 см және 17 см, биіктігі 7 см болса, трапецияның ауданын тап.


Оқушы өзін-өзі бағалау арқылы неге жеткенін және әліде қол жеткізу керектігін дескрипторлар арқылы бағалап отырамын.

Бағалау критерийлері арқылы әр тапсырмада бағалаймын:

«мадақтау», «Бағдаршам», «Басбармақ», «Өзін-өзі» бағалау.


Сабақ кезінде оқушылардың

қауіпсіздік ережесін сақтауын қадағалап отырамын, бөлменің таза, жарық, желдетілген болуын қадағалап отырамын.



Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет