Сабақ тақырыбы: Ядролық қару және оның сипаттамасы. Химиялық қару. Биологиялық



бет1/5
Дата20.12.2021
өлшемі1,04 Mb.
#104123
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
9bd3b69e-e533-4e5e-934a-ba9bc1053eef (1)
9bd3b69e-e533-4e5e-934a-ba9bc1053eef (1), 600854cf-1d5f-49ea-8413-b5cd6029d5cf, ОФД, 9 сын БЖБ 4то, Документ (копия), Снимок экрана 2022—11—27 в 19.50.26, referatbank-47297, dcca421d-e09f-4edb-ba0e-1b562ff680ff 2, ‎WhatsApp

Сабақ тақырыбы: Ядролық қару және оның сипаттамасы. Химиялық қару. Биологиялық (бактериологиялық) қару

Күні: 


Мұғалімнің аты-жөні: Құрманбеков С.С.

Топ:


Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны

Сабақ негізделген оқу мақсаты

Білімгерлерді ядролық, химиялық, биологиялық қарулардың түрлерімен және негізгі қасиеттерімен таныстыру.

Оқу нәтижелері:

Барлық білімгерлер: Ядролық қаруға сипаттама бере алады

Білімгерлердің басым бөлігі: Ядролық жарылыстын түрлерін атай алады


Кейбір білімгерлер: Ядролық жарылыстың зақымдаушы факторын атай алады




9.2. Ядролық қару және оның сипаттамасы – Ядролық жарылыстардың түрлері. Ядролық жарылыстың зақымдаушы факторлары және олардан қорғану тәсілдері. Ядролық зақымдау ошағы және оның сипаттамасы. Нейтронды оқ-дәрілердің зақымдаушы әсерінің ерекшеліктерін;

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Взвод командирі білімгерлерды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, білімгерлердің сырт көрінісін тексеру.

Топқа бөлу.


журнал

Ортасы


Өткен сабақты пысықтау:

Миға шабуыл.


 Ядролық қару және қарудың даму тарихы.

Әлем тарихында бірінші ядролық жарылыс АҚШ та 1945 жылы 16 шілде күні Нью Мексика штатында өткізілді. Үш аптадан соң 6 тамыз күні АҚШ әскері Жапонияның Хиросима қаласына в 29 бомба тасымалдаушы ұшағы ұзындығы 3 м, диаметрі 0,7 салмағы төрт тонналық атом бомбасы тасталынды. Арада екі күн өткеннен кейін Жапонияның екінші қаласы Нагасакиге ұзындығы үш бүтін оннан екі метр, диаметрі бір бүтін оннан бес, салмағы төрт бүтін оннан бес тонналық екінші атом бомбасы тасталынды. Жарылыста 313 мың адам құрбан болып,218мың адам ауыр жарақат алды. Жапониядан кейін жарылыс Семей полигонында басталды. 1946 жылы 25 желтоқсанда КСРО мен европада тұңғыш рет Курчаовтың басшылығымен бірінші реакторда уран бөлінуінің бағыттағыш тізбекті реакциясы жүзеге асырылды. 1947 жылы 21 тамызда КСРО үкіметі атом ғылыми зерттеу полигонын құру туралы шешім қабылдады. Оған № 2 жаттығу полигоны деген шартты ат берілді. 40 жылдардың аяғында сарыарқаның төрінде жұмбақ обьектінің құрылысы басталды. 1949 жылы 29 тамызда сағ 7-00де №2жаттығу полигонында биіктігі 30 м мұнара үстінде қуаты 20 килотонна болатын бірінші атом бомбасы жарылды. Биіктігі 7км асатын шаң газ аралас саңырауқұлақ тәрізді бұлт пайда болды. Сынақ сәтті өтті. 1953 жылға дейін жарылыстар туралы ескертілмей келді. Және қауіпті жерлерден көшірілгенде жоқ. 1953 жылы 12тамызда биіктігі 33 метрлік мұнара басында қуаты 480 килотоннаға тең термоядролық жарылыс өткізілді. Ондаған мың тұрғындарды басқа жаққа эвакуациялап 9күнге көшіріп апарды. Содан бері осы өңірде 497 ядролық жарылыс болған. Оның 151 жер бетінде, 346 жер астында жарылды. Ғалымдардың айтуы бойынша жарылыстың қасіреті 3 ғасырға дейін созылады екен. Себебі жер бетіне түскен радиоктивті тозаңдар жер астына 3,5 тереңдікке түскен яғни бұл дегеніміз күнделікті пайдаланып жүрген ауыз суымызға жеткен деген сөз. Осы қайғы қасретті ел ішінде жүріп көрген белгілі қоғам қайраткері ақын Олжас Омарұлы Сулейменов 1989 жылы 28 а0панда Семей Невада қозғалысын ұйымдастырды. Бұл қозғалыс Семей полигонын жабуға үлкен үлес қосты. Еліміз егемен мемлекет болғаннан кейін 1991 жылы 29 тамызда 42 жылдан кейін ҚР призидентінің жарлығымен Семей полигоны жабылды. Сол жылы елімізден 1200 континетарлық балисткалық зымырандар ел аумағынан шығарылды. Ядролық жарылыстан бас тартқан жер бетіндегі бес полигонның алғашқысын жапқан біздің елімізге ядролық державалар АҚШ,Ресей, Франция, Ұлыбритания, Қытай еліміздің қауіпсіздігіне кепілдік берді.

Ядролық қару деп жарылыс кезінде бөлініп шығатын күшті зақымдағыш энергиясы бар қару жарақты айтамыз. Ядролық қару ауыр элементтер уран немесе плутониден жасалды. Уранның реттік номері 92, ал атомдық массасы 238, екеуі де ауыр элементтер ядролық энергия көзі 7 период элементтері. 1 гр уранда бар ядролар толық бөлінгенде 2,3х10 квт\сағ энергия бөлінеді екен. Бұл дегеніміз 3т көмір немесе 2,5т мұнай жанған кездегі бөлінген энергияға пара- пар.

Ядролық жарылыстар жер астытында, жер үстінде, су астында, су бетінде, және әуеде жүргізіледі.

Әуедегі жарылыс жоғарғы және төменгі болуы мүмкін. Әуедегі жарылыстар 10 км жоғары биіктікте ұшып жүрген ұшақтар мен ғарыштық нысаналарды жою үшін қолданады. Ал жер жарылыстардың негізгі мақсаты сол ауадандағы негізгі обьектілер мен шахталрды , өндіріс орындарын, су бетіндегі жарылыстар кемелер мен теңіз жағалауындағы порттарды қиратуға арналады.



АӘД

Оқулық




Бағалау

Рефлексия



Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, қоржындарға жабыстырады.

Қосымша ақпарат

Саралау - Мен қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлаймын?

Бағалау - білімгерлердің үйренгенін тексеруді қалай жоспарлаймын?


Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен құзіреттілігі



Стенд арқылы

АКТ-мен


Практика жүзінде

Өзін-өзі тексеру, бөлімше командирлерінің тексеруі,

Тарих, Д/ш

Қауіпсіздікті ескеріп отыру



Рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін білімгерлер не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Төмендегі ұяшыққа сабақ туралы өз пікірлеріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабақтың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет